Балалар фольклоры. Фольклордың бұл түрі өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ең бастысы – осы топқа жататын шығармалар кімдерге арналғандығы және қандай мақсатта орындалатындығы, яғни қандай функция атқаратындығы. Осы екі шартқа сүйене топтағанда, балалар фольклоры әр түрлі ішкі жанрларға, немесе түрлерге бөлінеді. Бірінші шарт бойынша балалар фольклоры үлкен үш топ құрайды: а) үлкендердің балаларға арналған фольклоры, ә) үлкендер репертуарынан балалар аузына көшкен шығармалар, б) балалардың өз ортасында айтылатын фольклор. Демек, бұл шарттың ұстанымы – генетикалық негіз. Ал, екінші шарт балалар фольклорының атқаратын функциясын негізге алады. Ол бойынша мынадай топтарды бөлуге болады: а) балалар ойынына байланысты, ойын үстінде орындалатын шығармалар; ә) ойыннан тыс, басқа мақсатта орындалатын шығармалар. Қазақтың балалар фольклорын үлкен екі сала бойынша қарастыруға болады: а) балаларға арналған шығармалар, ә) балалардың өздері шығарған шығармалар.
Терме. Бұл жанр құрылысы мен формасы жағынан өлеңге жатады. Алайда, терме тақырыбы мен мазмұны жағынан іштей ерекшеленеді. Айталық, лирикалы-эпикалық сипатта айтылатын термелер нақты бір оқиғаға, жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар терме көбінесе нақылдық, ғақлиялы болып келеді. Міне, осы топтағы терме дидактикалық жанрға кіреді. Мұндай термелердің басты мақсаты – ғибрат беру, сол себепті олардың мазмұны өмірдегі бір ситуацияға, көбінесе адамның мінез-құлқына, әсіресе, отбасының жағдайына байланысты мәселелер болып келеді. Бұл шығармаларда тіршіліктің әр түрлі аспектілері теріліп алынады да, олар кейде салыстырыла, бірде қарсы қойыла, я болмаса қатарластыра баяндалады, соның негізінде нақыл айтылады, адамға ой салынады. Термеде де белгілі бір жағдайда не істеу керек деген сауалға өзіндік жауап беріледі. Бірақ осы таза практикалық ақыл-кеңестер ұйқас сөздермен, келісті әуенмен жеткізіледі, ал бұл қасиеттер термені халықтың сүйікті өнеріне айналдырады.
2.2 Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты. Музыкалық фольклор халық өмірі мен тұрмысы этнографиясымен тығыз байланысты. Сол себепті оны музыкалық этнография деп те атап келеміз. Өзінің табиғатына орай қазақ фольклоры салт-дәстүрге байланысты және салттан тыс болып екіге жіктелетінін жоғарыда айттық
Салт-дәстүрге байланысты фольклор үлгілері өте ертеден байқалады. Әр халықтың ментальдік ерекшеліктерін айқындайтын белгілердің бірі осы. Мысалы, орыс халқында "хоровод" дәстүрі бар, бірақ оны қазақ халқының музыкалық фольклорынан кездестіру қиын. Түркі тайпаларында ұжымдық орындаушылық дәстүр болмаған. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті — монодиялық құбылыс. Оған көп болып ән салу, күй тарту, болмаса жыр жырлау тән емес. Ел ұғымында ол шеберлік белгісі де бола алмайды. Эпикалық дәстүрі дамыған көшпелі елдерде жске орындаушы, жеке басының өнерімен суырылып шыққан тұлғалар ғана бағаланған. Мұны ғылым тілінде монодиялық мәдениет деп атаймыз. Ол бүкіл түркі және шығыс әлеміне тән.
Салтқа байланысты фольклор үлгілері (бесік, шілдехана жыры, сыңсу, тойбастар, жоқтау, т.б.) салт-дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Олар өмір қажеттітгінен туып, қуаныш немесе қайғы үстінде ғана орындалған. Салтқа байланысты музыкалық шығармалардың құрылымы қарапайым келеді. Кейде түрлі ладтық ерекшеліктері де байқалады. Бірақ бұл жанрларға тән стереотиптік, шың мағынасындағы тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар жоқтың қасы. Олардың бәрі белгілі бір дәстүрге орай, белгілі бір ладтық (мақамдық) негізде туып отырған. Басты орынға музыкалық әуені емес, ладтың негізі шығады.
Салттан тыс фольклор үлгілеріне халық әндері мен күйлерін жатқызамыз. Олар авторы жоқ, бірақ тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар. Мысалы, "Келіншеқ", "Ақсақ құлан", "Қамажай", "Маусымжан", т. б. шығармалардың иесі болмаса да, олардың фольклорлық мұра екендігі айқын. Бұдан байқалатыны, салттан тыс фольклордын стадиялық тұрғыдан кейіндеу қалыптасқан сала екендігі. Оның үлгілері біздін заманымызға дейін жетіп отыр. Салттан тыс фольклордың басым көпшілігін лирикалық жанр құрайды. Тарихи әндер сиректеу. Мұның өзі халықтың әсемдік, сұлулық туралы эстетикалық талғамынын өскендігін байқататын белгі.
Музыкалық фольклордың этнографиялық сипаты тұсында олардың үн-әуен ерекшеліктері басты орыңда тұруға тиіс. Әзірге біз қазақ халқының музыкалық фольклорын тақпақ сазды - речитативтік және кең тынысты - лирикалық, аспаптық музыкаға келгенде токпе және шертпе күйлер деп қана жіктеп келеміз. Бұдан әріге терендеп бара алмай жатырмыз. Оның басты себебі — музыкалық этнология ғылымыньгң жетілмеуінде.
Дұрысында Қазақстанның әрбір аймағына тән музыкалық үн-әуендер бар. Тіпті арғы дәуірлерде әрбір ру-тайпаның өзіндік музыкалық үні болған. Антикалық замаңда болған көне ладтарды қазақ музыкасынан да көптеп кездестіруте болады. Осының әзі қазақ музыка фольклорын музыкалық интонация деңгейінде зерттеудің қажеітілігін аңғартады. Оны ғылым тілінде музыкалық лексикология дейміз.
Фольклор туындыларының этнографиялық сипатын айқындайдын белгілердің бірі - мақамдық (ладтық) құрылымы. Дәл осы музыкалық мақам арқылы белгілі бір халықтың өзіндік болмысы дараланады. Оған ырғақ, өлшем жүйелерінің қосатын үлесі де жоқ емес.
Музыкалық этнология ғылымының бүгінгі талаптары қатарында қазақ музыкалық лексикасының туу, қалыптасу, даму кезендерін анықтау міндетін жатқызуға болады. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес, бірақ жетімсіз.
Музыкалық фольклор - көркем әрі тарихи категория. Оны түрлі кезендердің үн-әуенін бойына жинақгаған тарихи дереккөз ретінде бағалауға да толық негіз бар. Көптеген фольклор шығармаларынын мазмұны нақгы бір тарихи оқиғаларға құрылған болса, олардын тарихи табиғатына терендей түскен жөн.
Тарихилық тек қана шығарманың атауы немесе белгілі бір тарихи оқиғаға қатысына байланысты емес, ең алдымен, фольклор туындысының өз табиғатынан анықталуға тиіс.
Әйтеуір бір халық туралы аз білесіз, тіпті ешнәрсе білмейсіз делік, соған қарамастан оның тек өзіне ғана тән музыкасына құлақ түріңізші -сізге сол бейтаныс жұрттың, өзіңізге бейхабар елдің рухани қайталанбас дүниесі бірте-бірте ашыла бастайды, сіз сол халықтың ақ көңіл, адал жүрегін, қуанышы мен шаттығын, жан дүниесінің кінәратсыз да елгезек темпераментін, сұлулықты, әсемділікті танып білудегі нәзік талғамын, поэтикалық бейнелі ойға ерекше бейімділігін, қоршаған ортаны, дүниені қабылдаудағы икемділік пен айқындылықты көріп, естіп қайран қаласыз, риза боласыз. Халықтың мыңдаған жылдық дәстүрінде, өнерінде музыкалық шығармашылықтың стилі мен сипаты айқын көрініс береді. Ән мен күйдің түп тамыры өмір сүру салтына ғана емес, әншінің, шебердің талғамы мен фантизиясына және шеберлігіне де байланысты болады. Рухани көріністің белгілері дегеніміз - уақыттың да нышандары. Әр уақыт пен кезеңнің өзіне тән фольклорлық бейнелері өмір сүріп, әрекет етеді. Халық музыкасының жанды бейнелерінде сол уақытқа тән "өлшемді кесіктер" көрініс береді, уақыт, дәстур жалғастығының алуан түрлі байланыстары көрініс табады. Үздіксіз «зара ықпал етудің жалғастылық фактілері өнерпаз ұрпақ санасының елегінен өтеді.
Көне дәстүрлердің сақтаушысы әрі қазіргі заманның жанды куәгері болып табылатын халықтың өзіне ғана тән муызкасында, әсіресс оның әндерінде қоғамдық-әлеуметтік, азаматтық, моральдық-этикалық көзқарастар көрініс береді. Музыкалық фольклордың әр түрлі формалары мен жанрларын тұрмыста сақтауда әр халықтың өз ерекшелігі, сұлулық туралы түсініктерінде қайталанбас халық дәстүрлері мен ұғымдар бар. Әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшеліктерінде ешнәрсемен салыстыруға келмейтін таңғажайып көріністер болады. Қазақ музыкасыңда да, әндерінде де өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері баршылық.
Қазақ халқының музыкалық-көркемдік дәстүрлеріндегі шығармашылық ойдың ауқымдылығы, тұрмыстағы елеусіз-ау дейтін құбылыстарды философиялық тұрғыдан жоғары деңгейде терең етіп, ой елегінен өткізе білушілік қайран қалдырады. Бұл халықта үйлесімділік, икемділік, сезімі керемет дамыған. Ауызша айтылатын поэтикалық шығармашылықтың аса бай мұрасының мазмұнында да ерекше мәнділік жатыр. Олар өздері әндей сызылып, күйдей күңгірлеп, музыка тілеп тұрады, жырлап әуезбен айтуды қажет етеді. Мұның өзі музыка зерттеушілерінің алдына маңызды міндет, үлкен мәселе қояды. Олар қазіргі музыкалық мәдениетіміздің бастауы болып табылатын қазақтың музыкалық шығармашылығының қайнар көзін іздестіруге байланысты ғылыми іздестірулер мен зертгеулерді барынша жандандыра түсуге тиіс.
Қазақстандағы музыка зерттеудің осы кезге дейінгі ең осал жері халық музыкасының көне қабаттарын іс жүзінде игеру мен қорытындылау, анығырақ айтқанда, терең игере алмау мен тиянақты қортынды жасай алмау болып келеді. Республикада музыкалық мұраларды жинауға, оларды музыкалық-этнографиялық, тарихи-теориялық, әлеуметтік, культурологиялық тұрғыдан зерттеуге қатысты практикалық жұмыстардың мол тәжірибелері жинақталған. Мұның өзі музыкалық фольклористикада өзіндік бағыттың негізін қалады, бірақ қазақтың әдет-ғұрып әндеріне байланысты теориялық концепциялар ғылыми тұрғыдан өзін жетікілікгі түрде көрсете алған жоқ.
Өздеріңізге ұсынылып отырған қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің жинағы халықтың әдет-ғұрып музыкасын барынша жүйелі де терең комплексті зерттеу ісіндегі маңызды буындардың бірі болуға тиіс.
Қазақтың әдет-ғұрып фольклорының кейбір ерекшеліктеріне жалпы сипаттама бергенде және жинаққа енген материалдың жанрлық шегін айқындаған кезде оның тұрмыстағы табиғи орнының спецификалық (өзіне тән) белгілері мен нышандарының тұрақтылықтары; әдет-ғұрып дәстүрлерінің халық өміріндегі ролі мен маңызы есепке алынды.
Қорытқанда және жүйеге келтіргенде басты бағдар - ғұлама - филолог-ғалымдардың, поэтикалық ауыз әдебиетін әсіресе халық өздерін терең зерттеген М.Әуезов, Л.Соболев, Н.Смирнова, Б.Уахатов, Н.Төреқұлов сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қозғалып отырған проблемаға байланысты теориялық тұжырымдары, соңдай-ақ А.Затаевичтің музыкалық-этнографиялық көзқарастарында, В.Беляевтың, А.Жұбановтың, Б.Ерзаковичтің іргелі еңбектерінде; М.Ахметованың, Т.Бекхожинаның, Х.Жүзбасовтың, С.Елеманованың, Б.Қарақүловтың, Г.Байтенованың және басқалардың зерттеулерінде, ғылыми мақалаларында көрініс тапқан қазақ музыкасы жөніндегі қортындылар болды.
Фольклордың көптеген жанрларының, солардың ішінде әндердің, біз қараған әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің шыққан көзін айқындаған кезде өзіміздің қоғам зерттеуші ғалымдардың, филологтардың, музыка зерттеушілердің еңбектерін басшылыққа алдық .
Құрастырушылар өткен ғасыр мен XX ғасыр басында қазақ халқының ұлттық медениет тарихының мәселелеріне, көркем поэтикалық-ауызша дәстүрлеріне байланысты зерттеулер жүргізген Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, С.Рыбаков, Р.Пфеннинг, М.Готовицкий сияқты адамдардың еңбектерінс ерекше назар аударды.
Ұлттық фольклордың өзіне тән ерекшеліктері көне замандағы әдет-ғұрып дәстүрлерінен-ақ көріне бастайтыны белгілі. Басқа халықтардың ертедегі фольклоры сияқты қазақ халық музыкасының көне қабаттары да айқын көрінетін фольклорлық жүйе шеңберінде сомдалған, "...Ол айқын көрініп тұратын көнелік: ұжымның өндірістік-практикалық сиқырлық және ырымдық қызметіне тікелсй қосыла-араласа жүретіндігімен, ұжымының дүние туралы комплексті кезқарасына күрделі байланысатын белгілерімен сипатталады. Бұған қоса көне фольклор ұжымының тұрмыстық және дүниеге көзқарастық жұйесінің органикалық элементі ретінде қалыптасады, сөйтіп осы жүйенің кейбір мәнді сәттерінің өзінше бір көрінісі, бейнелеуі болып табылады. Синкреттік сипаты бар әдет-ғұрып поэзиясында, музыкасында жанрлық, образдық, стильдік жүйенің қалыптасуы жүзеге асады, сонан кейін ол классикалық фольклордың қалыптасыуында айрықша әмбебап конструкциялаушы роль атқарады.
Қазақ әндерінің жанрлық құрылымы патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастар жағдайы мәжбүрленген мәдени-тарихи дәстүрлерге байланысты. Қазақтардың феодалдық қарым-қатынастары көптеген патриархалдық-рулық қалдықтармен астасып жатқан. Ал бұдан ертедегі әдет-ғұрыптардың, ырымдардың және сенімдердің жанды байланыстарын айқын көреміз. Патриархалдық тұрмыс-салт өзінің әдетке айналған заңдастырылған ережелерімен және ғұрыптарымен халық шығармашылығының бейнелі-айшықты ерекшеліктерінің қалыптасуына барынша ықпал еткен. Шындығында әдет-ғұрып, тұрмыс-салт фольклорын қазақ халқының рухани-өндірістік, малшы өмірінің күнделікті ауыр өмірінің барлық саласынан көруге болады.
Қандай оқиға немесе жағдай бола қалса да соған арнап екі-үш, төрт жолдық ұйқасы бар өлең шығарылған, оның міндетті түрде рефрені немесе созылыңқы әуезі, бекітілген қайырмасы болған. Олар әр түрлі мақсаттарға арналған және орындалып отырған. Н.Смирнованың айтуынша, әдет-ғұрып және дидактикалық жанрларының алуан түрлі болуы, олардың рулық-тайпалық шекте қолданылуы (мысалы, өлгендерді жоқтау бір ғана жан-ұясының ісі емес, рудың ісі болған), өсиет жырлардың, мақалдардың, жұмбақтардың патриархалдық болуы, мазмұндарының патриархалдық болуы формаларындағы көне элементтер нағыз рулық-тайпалық тұрмыс-салт пен санаға берілген құн.
Қазақ әндеріндегі жанрлар әлеуметтік-экономикалық жағдайға, тарихқа, -тұрмыс-салтқа, моральдық-этикалық ережелердің заңдарына, халықтың еңбек нормаларына байланысты туған.
Қазақтың әдет-ғұрып әндері өзінің құрылымы мен образдық құрылысына қарай тұрмыстық, өндірістік болып бөлінеді. Оларда халықтың қоғамдық-еңбек әрекеттері бейнеленген.
Қолданбалы сипаты бар көне әдет-ғұрып әндері жинақтың "кален-дарлық әндер" дейтін тарауында келтірілген. Еңбек жылындағы айтулы сәттерді атап өтетін "Наурыз әндері" жаңа жылды қарсы алатын күндері (мұсылман күн тізбегі бойынша 22 наурызда) орындалған. Әдет-ғұрыптар арқылы халық өзінің табиғатқа, айнала қоршаған дүниеге деген көзқарасын, қарым-қатынасын білдіріп отырған. Әнмен, ойынмен, бимен, көңілді мейрамдармен қат-қабат жүретін алуфн түрлі күн тізбелік әдеттер мен ғұрыптар және соларға байланысты сенімдер өте көне заманда, адам баласы аңшылықтан қарабайыр жер өңдеушілікке және мал өсірумен айналыса бастаған кезде яғни біздің дәуірімізге дейінгі V-IV мыңжылдықтарда, кейбір жерлерде одан да кейін ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда пайда болған.
Фольклорист-ғалымдар жыл маусымдарына байланысты әндср бастапқыда тек табиғатқа еліктеу, табиғатты сол байқаған құбылысты қайталауға мәжбүр ету үшін ғана еліктеу болған деп есептейді.
Табиғаттағы айтулы кезенді атап өтетін әндердің бірі - "Наурыз әндері" дедік. Бұл әндерде көктемгі мал төлдетуге құттықтаулар болған, жерден өніп шығатын өнімдердің мол болуына, өрістегі шөптің жайқала шығуына тілектестік білдірген. Жаңа жылдық әндердін ішінде біреуінде табысқа жетуге, бақытты болуға және т.б. дәстүрлі тілектер айтылады. Сонымен бірге оларда еңбек процесінің элементтері айқын көрінеді.
Жыл маусымын айқын көрсететін әндердің бірі "Жыл өлеңі" бола алады. Бұл әнде тышқан жылы туған адамның қу да тапқыр болатыны өсиет түрінде айтылған".