Зерттеу жұмысының таризнамасы. Казак тарихына байланысты жазылған ғылыми еңбектер көптеп саналады. Тарихшы Гапар Айтиев «Колонизация киргизского края» [5] деген еңбегінде Қазақстан территориясында еркін әскери-әкімшілік жолмен отарлауды үш кезеңге бөліп көрсетеді. Ондағы Орал мен Сібір казактығының рөлін, С.Разин, Е.Пугачевтің көтерілістерін сипаттайды. Автор мұнда казактардың жер басып алудағы мақсаттарын, өзіндік ерекшеліктерін дөп басып айқындаған.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде патшаның отарлау саясатынан Қазақ даласындағы егін шаруашылығы, мал басының қандай зардап шеккендігі туралы ғалым Г. Седельников «Қырғыз даласында жер үшін күрес» [6] деген еңбегінде жазған.
Сонымен қатар, ғалым А. Рябинин «Материалы для географии и статистики России. Уральское казачье войско» [7] деген еңбегінде казактардың Кіші жүз территориясына алғаш қалай келгені, босқындар есебінен жергілікті халық көбейе түскенін бірте бірте бейбіт халықты тонай бастағанын нақты деректер келтіре отырып жазған.
Ғалым М.И. Бузукашвили өзінің«Ермак» [8] деген ғылыми еңбегінде (М.1989), ғалым Л.М Копылов «Ермак» (Иркутск 1989) [9] деген еңбегінде Ермакты Сібірді бағындырушы, әйгілі халық батыры, талантты қолбасшы ретінде дәріптеуге ұмтылады.
Академик М.Қозыбаев Ермактың бейбіт Сібірді жаулап алған қарақшы екендігін дәлелдей келе, оның ел аузындағы жүрген «батырлық» образын ашып береді[10].
Ғалым Н.М. Карамзин «История государства Российского [11] деген еңбегінде Жайық казактарының 1580 жылы Ноғай Ордасындағы Сарайшық қаласын, мовзолейлерді талқандағанын, байлық іздеп қабірлерді қопарғанын жазып, олардың айуандықтарын көрсетеді.
Ғалым А. Левшин «Историческое статистическое обозрение уральских казаков» деген еңбегіндегі казактардың байлық іздеп Хиуаға дейін барғанын [12] айтады.
Ғалым Л. Соколов «Название Яик» деген еңбегінде казактар М.Федорович патша тұсында Ресей мемлекетінің территориясын кеңейту үшін қолдарына қару алғандығы айтылады [13]. Осы мақсатта олар сол жердегі қазақтарды жерінен ығыстырып отырғандығы жазылған.
XVІІІ ғасырдың І жартысында патша үкіметі қазақтардың өз бетімен Жайықтың оң жағына өтуіне тыйым салған. Себебі, оны Ресей мен Казак мемлекетінің шекарасы санаған. Бұл дерек «Казахско-русские отношение в XVI-XVIII в.в.» [14-15] дерегінде келтірілген.
Тарихшы Бекмаханова Н.Б. «Легенда о невидимке» және тағы басқа ғылыми еңбектерінде: «Е.Пугачев қозғалысы басылып тасталынғаннан кейін де шаруалардың арасында көңіл күйдің қандай төмен болғанын, шаруалардың патша өкіметіне назарлығын»,- суреттейді [16-22].
Зерттеу жұмысында «Ақжайықтағы айқай» [23] , «Дауыл алдындағы тыныштық» [24], «Тағы да опық жемейік[25], «Атаманның ақыры[26], «Есіктен келіп төр менікі дегендерді ауыздықтау керек[27] деген мақалалар мен ашық хаттар қарастырылады.