Тақырыбы: «Жеңіс туын тіккен қазақ батыры» Мақсаты



бет1/6
Дата16.05.2023
өлшемі75,41 Kb.
#93322
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Жеңіс туын тіккен қазақ батыры»
Мақсаты: Қазақ халқының маңдайына біткен парасат- пайымы терең, өр тұлғалы, аты аңызға айналған халық батыры Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы тарихи өмірінен үзінділер келтіріп, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Сахнада «Ұлы Жеңіске – 72 жыл» жазуы жазылады. «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі», «Ешкім де ұмытылмайды, Еш нәрсе де ұмыт қалмайды», «Жеңістің тойы, жаса мәңгі!» «Бейбітшілік – ел тілегі» жазулары ілініп, шарлармен безендіріледі. Мәңгі алау қойылып, слайд қолданылады.
Барысы:
«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.
1-жүргізуші: Биыл жеңістің 72 жылдығы. Мерекеге небары 30 күн қалды.
2-жүргізуші: Бізге бейбіт сыйлаған ардагерлерге мың тағзым дейміз.
1-жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында қазақ сарбаздары үлкен ерлік көрсетті, жеңісті жақындатуға үлес қосты.
2-жүргізуші: Ел қорғау жолындағы қазақ сарбаздарының ерлігі түрлі шығармаларға арқау болды, бүгінде жас ұрпақтың жадында мәңгі жатталуда.
1-жүргізуші: Осы орайда осыдан тура 72 жыл бұрын жасалған ерен ерлігі туралы айтпай кетуге болмайды. Ол қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың тарихта қалған ұлы ісі. Экранға назар аударайық.
Видеоролик көрсетіледі.

1-жүргіуші: 2014ж. қазан айында Рейхстагқа ту тіккен қазақ қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 92 жыл толды. Бүгінгі әңгіме жау ордасына тігілген жайнаған тудан қазақ қаһармандығына мәңгі өлмес ескерткіш қойған жаужүрек батыр Рақымжан Қошқарбаев туралы болмақ.


Видеоролик жаймен көрсетіліп тұрады.
2-жүргізуші: Мәңгілікке жер құшқан фашистердің соңғы ұясы – Рейхстагтың үстіне жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Батыр Рахымжан Қошқарбаев тағдыр тауқыметін жастайынан тартқан. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды.
1-жүргіуші: Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберілді. Оның балалық шағы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады.
2-жүргізуші: Отан-ананың тәрбиесі бойына сіңген бала-жігіт Ұлы Отан соғысы басталған соң-ақ, елін жау қолынан азат етуге бел буады. Ол осы ізгі мақсатпен 1942 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға түседі.
1-жүргізуші: Ә дегеннен-ақ, атқыштар дивизиясына түскен Р.Қошқарбаев 1944 жылдың қазан айынан бастап 1-Беларусь майданында взвод басқарады, Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысып, жаумен аянбай шайқасады. Ержүрек жас жауынгер сүйікті елін жау қолынан босатуға жан аямай соғысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет