Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады
Балалардың дүниетанымық көзқарасын қалыптастыру
1.1. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары
1.2. Балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
1.3. Дүниетанымның мәні, қызметі
ІІ тарау Балалардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
2.1. Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары.
2.2. Балалардың танымдық қабілетін дамыту жолдары
2.3.Балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелерінің теориялық зерттелуі
1.1. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары
Балардын ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен баларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру балалардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып балалардың дүниетанымын қалыптастырута байланысты балалардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу. Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып табылады. Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдьщ болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын дүниетаным пайда болады. Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып табылады. Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім балалардың іс-әрекетінің басты нәтижесі, олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру. И.Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылдардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы сезінуге жол ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарынын жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет дейді (түсінік, баға, өлшем). Балалардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді. Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді. Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге мәжбүр етеді:
- объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;
- олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
- олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;
- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;
- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;
- өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;
- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).
Білімді сенімге айналдыру және дүниетанымды қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті адами қарым-қатынаспен, соның ішінде өмірде қойылатын талаптардың дәл сол кездегі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады. Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда, өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды
Балалардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек қана педагогикалық процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім. Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан уақытта жеке тәжірибеде ойластырылған. Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажеттілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды, сонымен қатар тек қана балалардың танымына, сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйымдастырады.
Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан балалардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:
- шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы
және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;
- тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе
саласына әсерін іске асыру;
- жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара әсерінің органикалық біртұтастығы; Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен тығыз байланысына негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді қызметі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың міндетті шарты.
Балалардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде мысалы, оқушының ішкі позициясындағы бұрын қалыптасқан және қалыптасып отырған әрекеттің арасында, оған деген тәрбиешінің қойып отырған талабымен және оны орындаудағы дайындық деңгейі арасында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Өз уакытында пайда болған қарама-қайшылықтың көзін және сипатын ашу керек, тәрбие процесінде оны жеңу жолдарын анықтау тәрбиешінің басты міндеті. Дүниетанымның мәні, қызметі. Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді. Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады. Көзқарастар баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады. Сенім ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар. Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді. Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді. Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.
Теориялық ой - дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу. Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады. Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Тәрбиешідер баларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс. Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды. Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды. Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады. Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін тәрбиеші оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
Баланың дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады. Табиғи жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Балар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Балар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар. Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді. Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында балалардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Балар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары. Дүниетанымнын қалыптасуы педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын балар игілігіне айналдыруды талап етеді. Балар материалистік диалектиканың мынадай зандары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс -болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс мәнділіктін көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика таным негізі, ақиқат өлшемі. Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі сабақтастық, оқу пәндері арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты баларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру. Кез келген аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, идеалдарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл танымның әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Балалардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Оқыту балалардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды балалардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, тәрбиешінің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Білім түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі» (М. Н. Скаткин). Оқу балалардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады. Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып түрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Балалардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялык жағдайына сүйенеді. Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет баларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады. Бүгінгі қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің негізгі жолы жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекеге қаблегп тұлға болуын талап етіп отыр. Осындай аса жауапты міндеттің баянды болуы мектеп жасына дейінгі шақтан яғни балабакша табалдырығынан басталатыны белгілі. Сондықтанда балабақшада оқыту және тәрбиелеу мэселелері дамыта оқыту мақсатын көздей отырып балалардың дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.
Әрбір ғылым мен оқу пэнінің негізгі мақсаты логикалык бірізділікпен дамитын ұғымдар жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыру сабағын оқытудағы міндет олардың қоршаған орта, табиғат-туралы қарапаиым түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымдыж ұғымдарын «Адам қоғам табиғат» дүниенің үш үлкен бірлігі арқылы, олардың өзара байланысын күнделікті, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы дамытуды көздейді. Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады. Қабылдау баланың сезім анализаторлары арқылы жүзеге асып. танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Дүниетанымның қалыптасуына адам, қоғам, табиғат туралы білімдер тірек болады. Адам, қоғам, табигат біртұтас дүние. Адам қоғам табиғат арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар мектепке дейінгі кезеңнен бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Дүниетану «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы отырғанымыз дүние. Сол дүниені танып -білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.Айналамен таныстыру сабағында балаларға тәрбиеші тапсырма береді. Нәтижесінде балалардың санасында объектінің немесе табиғат құбылысының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады.
Түсінік балалардың санасында көрнекі бейнелер түрінде туады және нақтылы сипатта болады, бірақ бүл бейнелер қарапайым қабылдауға қарағанда біршама жалпылама түрде болады. Айналамен таныстыру сабағында дүниетанымдық ұғымдар биологиялық, географиялық болып бөлініп, мазмұны бойынша қарапайым және қүрделі, көлемі бойынша жеке және жалпы ұғымды қалыптастырады. Балабақшаның оқыту тәрбие үрдісінде балалардын алғашқы ғылыми дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыруда айналамен таныстыру сабағымен қатар математика, тіл дамыту, бейнелеу өнері, еңбек т.б. сабақтардың да орны ерекше. Сондықтан да айналамен таныстыру сабағы пән аралық байланысты сақтап, кіріктіре оқыту мақсатын көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық ұғымдар жүйесін қалыптастыруда биологиялық, географиялық ұғымдар ғана емес математикалык (жазық, шар, сызық, кеңістік, көлем т.б.), химиялық (заттың күрамы, қасиеті, маңызы т.б.), физикалық (салмағы, қозғалысы. жарық, жылу, жылдамдық т.б.), астрономиялық (теңелу, ғарыш, жүлдыздар, Жер, Күн, Ай т.б.), анатомия физиологиялық (адам агзасы, қаңқа, жүрек, жүйке, тыныс, өкпе, ас қорту мүшелері т.б.) алғашқы қарапайым түсініктер де беріледі.
Бұл алғашқы қарапайым дүниетанымдық ұғымдар жүйесі балалардың білім дәрежесін, дүниеге көзқарасын жетілдіріп. кеңейтіп, дамытып отырады. Мектеп жасында дейінгі балалардын алғашқы ғылыми дүниетанымдық ұғымдарының қалыптасу жолы өте күрделі, ұзақ психологиялық процес.
Айналамен таныстыру сабақтарында жүмыстың әр түрлі әдіс -тәсілдерін қолдану, балалардың бұрыннан бар түсініктерін пайдалану, түрліше көрнекі құралдар қолдану тәрбиешіге жалпы табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыруға көмегін тигізеді Дүниетанымдық ұғымдардыц қалыптасуында тәрбиешінін баяндауының белгілі жүйеде болуының үлкен мәні бар. Жүйелілік оқу процесінің барлық кезеңінде сақталуы керек.
Тәрбиешінің жүйелі әңгімесінде көрнекілік үлкен орын алады: балалар көрнекілікті көріп қабылдаудан қорытуға, ұғым құруға оңай барады.
Көрнекі кұралдар тек жеке нақтылы заттардың түсініктері мен бейнелерін туғызу үшін ғана емес, сонымен бірге ұғымды қалыптастыру үшін бастапқы материал ретінде де пайдаланады. Балалардың бақылаулары, көрген фильімі, тыңдаған әңгіме, оқиғалары, кітаптар бойынша жүргізілген әңгіме балалардың бағдарламалық материалды саналы түрде игеруіне көмектеседі. Бақылау балалардың табиғат, қоршаған орта туралы ұғымдарыи қалыптастырады. Бақылауды ұйымдастыруда объектінің негізгі ерекшеліктерін байқауға, мүқият ұғып алуға, бақылауға бағыттаймыз.
Тәрбиеші заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін таныстыруда әңгімеге жауапты қарауы керек. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық материалды саналы түрде емес, тек механикалық игеруін көрсететін сүрақтар қоймауы керек. Сұрақ балаларды ойландыратын өз ойымен бақылағанын байланыстыратындай болуы керек. Мысалы, сұрақтарды былай қоюға болмайды: Табиғат деген не? Жыл мезгілдері деп нені айтады? т.б. Алдымен балаларға илюстрациялардан, картинадан, суреттен табиғаттың бейнесін, суретін көрсету керек. Содан. кейін табиғат деп нені айтатынын сұрауға болады. Балаларға сілтеме сүрақтар мен шұбалаңқы сүрақтар қоюға болмайды, өйткені олар балалардың табиғат құбылыстарының мазмүлып түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды түсінбей жаттап алуға итермелейді. Жалпы ұғымдарды қалыптастыру жұмысын жүргізе отырып, тәрбиеші балалардыц өз білімдерін қолдана білуіне көңіл бөлуі керек. Естиярлар тобынан бастап балалар белме өсімдіктерін күтуді үйренеді. Оларда әрбір өсімдікке өсіп өнуге қолайлы жағдайлар: жақсы топырақ, жеткілікті мөлшерде ылғал, жарық, жылу керек деген ұғым қалыптасады. Бөлме әсімдіктерін күту арқыпы балалар топырақты дұрыс қопсытуды, өсімдіктерге су қүюды, ірі жапырақтарды ылғалды шүберекпен сүртуді, өсімдіктерге тыңайтқыш дәрі себуді үйренеді. Тәрбиеші бірінші кезекте мұны барлық бала дүрыс жасай ала ма екен, соны тексеріп, жалпы үгымдарды сабақта және сабақтан тыс уақытта практикалық іс -әрекетпен байланыстыра қол жеткізеді. Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруда тиянақты жұмыс жүргізе отырып, ұғымдардың мазмұнын жете түсінуге көз жеткізу керек, өйткені тек осындай білімдер ғана сенімге айнала алады. Балалардың табиғат объектілерін мақсатты қабылдауын ұйымдастырудың маңызды шарты оны көрсетуді тәрбиешшің түсіндіруімен ұштастыру керек. Көрсету әдісі табиғатга немесе кинофильм, телехабар қою, суреттер көрсету, тәжірибе уақытында затгық сабақта өтуі мүмкін. Жұмыстың мұңдай әдісі балалардың санасындағы сөз бен табиғат құбылысының немесе объектінің нақтылы бейнесі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Тәрбиеші мұнан басқа балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын суреттер, коллекциялар мен гербарийлерден көрсете алуына және сол құбылыстың сипаты, негізгі белгілеріне тоқтай отырып әңгімелейді.
Айналамен таныстыру сабақтарында практикалық жұмыстар мен табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, балалардың кеңістік жайлы түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру қажет.
Сонымен, балалардың ғылыми білімдерді берік игеруі және дүниетаным- дық ұғымдарының қалыптасуы қабылдау, түсініктер қалыптастыру, олардың мәнін ұғу арқылы өтеді. Айналамен таныстыру сабағының негізгі мақсаты адам, қоғам, табиғат туралы қарапайым дүниетанымдық ұғым қалыптастыру. Сабақта жоспарланған тақырыптың мазмұны қоршаған орта туралы түсініктер мен ұғымдардың өзара байланыста, сабақтастықта, мазмұндық бірлестікте, кіріктіріле оқытуды көздейді. Сондықтанда бағдарламада жоспарланған сабақ тақырыптары әр топта қайталанып, мазмүлы толықтырылып, кеңейтіліп отырылады. Дүниетанымдық ұғымдардың балалардың есінде ұзақ сақталып, басқа да ұғымдармен толығуын қадағалап отыруы қажет. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады. Алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланыңбаланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен зат пен қимылдар жасағанда немес үлкендердің үйреткендін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен екінші әрекетті, бір затпен екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда ойынның маңызы өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаланың негізіг іс-әрекеті ойын болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |