Жұмыстың мақсаты: ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуды теориялық негіздеу, моделін, эксперименттік бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді: - «ерте жастан дамыту», «ерте жастағы баланың танымдық белсенділігі» ұғымдарының мәнін нақтылау;
- қазақ халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау және педагогикалық жіктемесін жасау; 12
- ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру;
- ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың кешенді бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |