Зерттеу болжамы: жұмыс бір-бірімен өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (2014-2015жж.) зерттеу мәселесінің тақырыбы нақтыланып, ғылыми аппараты мен теориялық негізі анықталды. Философиялық, филологиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларға, отандық, жақын және алыс шет елдік ғылыми зерртеулерге талдау жасалды. Ғылыми мақалалар дайындалып, басылым көрді. Ерте жастағы балалардың танымдық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері айқындалып, шығармашылығы материалдары жинақталып, талданды, педагогикалық жіктеме жасалды. Ерте жастағы балалардың дүниетанымдық құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың моделі құрылып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
Екінші кезеңде (2015-2016жж.) ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамуының деңгейі анықталып, педагогикалық эксперимент жұмыстарының мақсат-міндеттері, мазмұны айқындалды.Жетекші идея теориялық әдістер - философиялық, филологиялық, өнертанушылық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, ғалымдардың еңбектерімен, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, саралау, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларды талдаумен танысу. Эмпирикалық әдістер - сауалнама, бақылау, әңгімелесу, диагностикалық әдістер, педагогикалық эксперимент, жинақтау, қорыту және нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |