Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Дүниетану сабағында оқушылар танымын қалыптастыратын ойын түрлері»



бет1/12
Дата09.06.2023
өлшемі158,69 Kb.
#99985
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Азиза курсовой


Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі


Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Дүниетану сабағында оқушылар танымын қалыптастыратын
ойын түрлері»


Орындаған: Қайырлапова Ә.Е.
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш блім беру»
Курс: 4асКшо-9 топ студенті


Тексерген: Молдагалиева Ж. Е


Орал 2023 жыл
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ............................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың
педагогикалық-психологиялық мәселелері..........................................................5
1.2 Ойын және ойын элементтерін оқу процесінде қолдану жолдары....10
1.3 Дүниетану пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру..................................................15
2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы қалыптасуын эксперименталды зерттеу
2.1 Дүниетануды оқытуда дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін пайдалану мазмұны.............................................................19
2.2 Дүниетану сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру.........................................................22
3. Практикалық бөлім…………………………26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................37

Кіріспе


Курстық жұмыстың өзектілігі: Бастауыш мектеп өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бет бұрыстарына байланысты болады. Осыған байланысты олардың психологиясы да өзгеріске ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері койылды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндетгер жүктейді.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымем қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл), балабақшада болу болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға , әлеуметтік ортаға т.б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар барады. Мектепке барарда бала дене жағынан алға карай едәуір өріс алып, бұлшықеттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Бала 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан, бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе, бірдеңені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 8-9 жастың аралығында бала жылына 2,5кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5см өседі. Бұл кезде, әсіресе, кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс орғандары едәуір қалыптасып қалады. Қан айналыс, тыныс алу диаметр көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істссе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы (7 жастан 11 жасқа дейін) 1 000 гр-нан 14ОО гр-ға дейін өседі.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады.
«Бастауыш мектеп жасы» немесе «Кіші жастың» (7-11 жас) өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың, (әсіресе, орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай оқу ұстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алып қараудың себебі, бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Бұл жастағылардың оқу әрекетінің ұксастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі, олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесі кездеседі дейтін. Ж.Пиаженнің пікірі дұрыс болғанымен, казірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп психолог В.В.Давыдов қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді.
Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы: бұлар берліген тапсырманы жаттап алғысы келеді.
Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең; алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп калмайды, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады, мақтауды сүйгіш.
Дегенмен қайшылығы мол: бала бойындағы қасиеттердің шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады. Мысалы:
- бастауыш сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра
алғанмен, олардың қиялы тұрақтап бір образды, сюжетті ұстап тұра
алмайды, алдын-ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз
болғандықтан, оны әлдебір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру
өте қиын (мұғалімнің міндеті: баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа
бағыттай білу. Сонда ғана керемет образдар тууы мүмкін).
- бастауыш сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек және олардың қиялы нақты заттарды көріп, қолға ұстап, ойынға қосу арқылы дамитынын ескерту;
- бастауыш сынып оқушылары бастаған ісінаяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Сондықтан мұғалім міндеті, үзік-созық фантазияэлементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас композициялық туынды әкелуге жетектеу.
- бастауыш сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы.
Олар үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді. Бұл құбылыстың екі
жағы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет