Диплом жұмысы аясындағы жұмыстың сынамасы диплом алдындағы практика кезінде Келес ауданы Алпамыс батыр ауылының № 18 С. Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жүргізілді. Экспериментке дайындық екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде, химиялық тілді қолдану дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері жасалып, зерттеу барысында әдістеме жүзеге асырылатын тақырып анықталды. Экспериментті жүргізу бойынша даярлықтың екінші кезеңінде «тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбы мұқият зерттелді, сабақ жоспарлары жасалды, сонымен қатар әдістеменің тиімділігін тексеру үшін эксперименттік және бақылау сыныптарына арналған өзіндік жұмыстың нұсқасы жасалды.
Бақылау жұмысының нәтижелері
Сынып
Жалпы оқушы саны
Баға
2
3
4
5
11 "А"
20
2
6
8
4
11 "Ә"
18
-
2
9
7
Қорытынды
Мектептің оқыту практикасындағы және әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі орта мектептегі химиялық тілді қолдану дағдыларын қалыптастыру әдістемесінің мәселесіне талдау жасалынды.
Химиялық тілді қолдану қабілеті оқушылардың ойлау, шығармашылық және өзіндік іс-әрекетін дамытуды ынталандыратын оқу-танымдық процестің ұтымды құрамдас бөлігі екені анықталды.
11 сыныптағы «тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбын зерделеу кезінде химиялық тілді қолдану дағдысын қалыптастырудың нақты әдістемесі жасалды.
Эксперимент нәтижелеріне талдаулар жасалынды. «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбы бойынша сабақ өткізудің әзірленген әдістемесінің жағымды динамикасы анықталды.
Қойылған міндеттерді шешу, эксперимент қорытындылары, оқушылармен сұхбаттасу және олардың орындаған жұмыстарының нәтижелері, осының барлығы жалпы мынадай қорытынды түюге мүмкіндік берді: химиялық тілді қолдану дағдыларын қалыптастыру әдістемесі оқушылардың білім сапасын арттырып, химия бойынша негізгі тапсырмаларды орындаудағы дағдыларын жетілдіреді, шығармашылық, дербестік, белсенді ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал етіп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.