Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері орындаған: құқық қорғау органдары факультетінің


§6. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚҰЖАТТАНДЫРУ



бет30/35
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#14805
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ

§6. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚҰЖАТТАНДЫРУ
Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижелері қылмыстық іс жүргізудегі тергеу іс-әрекеттері сияқты тиісті құжаттармен құжаттандырылады. Олар жедел-іздестіру әрекеттерінің жария немесе жасырын жүргізілуіне байланысты анықтама, рапорт акті және өзге құжаттар түрінде рәсімделуі мүмкін. Олардың нысаны мен түрлері жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Бұл құжаттарда бейнеленетін ақпарат қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.



Құжаттандыру дегеніміз – жедел есепке алу ісі бойынша жүзеге асырылатын мәліметтерді жинау және жүйелеу, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тексеру және бағалау процесі, сондай-ақ олардың негізінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың тиісті шешімдерін қабылдауы.

Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды жүргізу нәтижелері жедел уәкілдінің анықтамасымен немесе рапортымен рәсімделеді, кейде сауал-сұрақ қойылушының келісімімен – түсініктемемен, арызбен, өз кінәсін мойындап келу хаттамасымен рәсімделеді.

Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою нәтижелері түсініктеме, арыз, өз кінәсін мойындап келу хаттамасы түрінде толтырылған құжат қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелуі мүмкін және сауал-сұрақ қойылғаннан қылмыстық іс бойынша куә ретінде жауап алынады. Нәтижелері анықтама (рапорт) түрінде рәсімделген құжаттағы мәліметтер тергеуші немесе жедел уәкілді тергеу немесе ЖЕАІ бойынша өндірісті жоспарлау кезінде болжаулар ұсыну кезінде бағыттаушы ақпарат ретінде қолданылады.



Мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу нәтижелері рапортпен не болмаса анықтамамен рәсімделеді. Анықтама ретінде рәсімделгенде, егер құжат мемлекеттік органдардан, мекемелерден келіп түскен ресми жауап түрінде болса, онда ол қылмыстық іске анықтамасымен бірге қоса тіркелуі мүмкін. Егер анықтама нәтижелері рапортпен рәсімделсе, онда ол тек бағыттаушы маңызға ие болады.

Зерттеу үшін үлгілер мен сынамаларды іріктеп алу нәтижелері зерттеу үшін үлгілер мен сынамалар алу актісімен, дактилоскопиялық картамен немесе үлгілер мен сынамаларды іріктеп алуды жүзеге асырушы адамдар толтырған өзге құжаттармен, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерінің рапортымен немесе анықтамамен рәсімделеді. Мұндай қызметтік құжатта үлгі мен сынама ретінде алынғанның сапасындағы саны (оны сипаттаумен), үлгілер мен сынамалар алу жүзеге асырылған жағдай, қолданылған техникалық құралдар және олардың сипаттамалары, буып-түйілген материал түрі. Акт үш данадан жасалады. Біріншісі мен үшіншісі жедел уәкілдіде қалады, ал екіншісі үлгілер мен сынамалардың иесіне немесе оның өкіліне қолын қойғызып отырып беріледі. Үлгілермен, сынамалармен бірге актінің бірінші данасы салыстырмалы зерттеу үшін жіберіледі, ал үшінші данасы алдын ала немесе кейінгі жедел тексеру материалдарына тіркеледі. Жедел уәкілді рапортына құжаттар, заттар, дыбыс-, бейнежазба және ақпараттың өзге техникалық құралдары қоса тіркеледі.

Бақылау үшін сатып алу нәтижелері бойынша бақылаушы органдардың ведомстволық нормативтік актілермен белгіленген талаптарды сақтай отырып акт түріндегі құжат толтырылады. Егер қаулы шығармай тұрып жүзеге асырылған бақылау үшін сатып алу объектісі заңмен айналымына тыйым салынған немесе шектелген заттар болса, онда жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелері заңды бұза отырып жүргізілген болып есептеліп, оның нәтижелері дәлелдемелік маңызға ие болмайды. Бұл мәселені шешу бақылау үшін сатып алудың сипатына байланысты – жария немесе жасырын сипатта болуы. Жария болған жағдайда жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу әрекеттерін жүргізуге бақылау үшін сатып алуды бақылаушы және оның нәтижелерін өз қолдарымен куәландыратын қоғам өкілдері тартылады, ал актінің өзі жарияланады.

Жедел уәкілділермен немесе олардың тапсырмасымен әрекет етуші, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайлар мен фактілерді куәландырған қоғам өкілдерімен толтырылған мемлекеттік сауда инспекторының бақылау үшін сатып алу актіс, бухгалтерия қызметкері толтырған тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеу актісі сияқты құжат болып табылады.

Бір жағдайларда сатып алу жүргізілгеннен кейін жедел уәкілді қоғам өкілдерінің, сатушының қатысуымен акт толтырады. Өзге жағдайларды – тауарларды қате есептеу, артық-кемітіп өлшеу және сауда сататын орыннан тыс жүйелі түрде жүзеге асырылған жағдайда, сатып алу олардың нәтижелерін жарияламай-ақ жүргізіледі. Толтырылған актілермен сатып алуды жүзеге асырған сауда-саттық қызметкерін таныстырмайды.

Жария тексеру сатып алу актілерін дәлелдеме-құжат деп оларды жинауды және ұсынуды реттеуші заң талаптарын сақтаған кезде қылмыстық іске қоса тіркелген жағдайда пайдалануға болады.

Сатып алу актісін жариялау, оның нәтижелерін іс-әрекеттері байланысты акт толтырылған адамдардың куәландыруы, құжатты бағалауға және тексеру жүргізумен байланысты міндетті тергеушінің шешуін жеңілдетеді.

Актіде іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін тез арада оларды фиксациялау және оны жариялау оқиғаны, оның мән-жайларын нақты сипаттауға кепіл береді.

Жүргізілген байқау нәтижелері анықтамаларда, сондай-ақ кино-, бейне-, аудиожазбалармен фиксацияланады. Қорытынды анықтамада байқау жүргізілген оқиғаның дамуы, байқалушы адамның өзге адамдармен байланыстары және өзге мән-жайлар көрсетіледі.

Байқау нәтижелері алдын ала тергеу органдарына немесе сотқа берілген жағдайда ақпараттық техникалық қайнар көздерінің объективтілігі және дұрыстығы жекелеген тергеу іс-әрекеттері кезінде (мысалы, жедел қызметкерден іс бойынша куә ретінде жауап алу кезінде, онымен және сезікті арасында беттестіру өткізу кезінде) немесе сот сараптамасы кезінде тексерілуі мүмкін (мысалы, жәбірленушіден ақша талап етуші байқалушы адамның телефон сөйлесулерінің магниттік жазбасына фоноскопиялық сараптама жүргізеді. Мұнда маман нақты адамдардың сөйлесуі жазылғанын кейде толық анықтап қоймай, сондай-ақ сөйлесу жүргізілген жайдың негізгі сипаттамаларын, оның жанында интенсивті автомобильдік немесе темір жолдарының бар екендігін анықтай алады). Осының барлығы жиынтықта сотта ұсынылған ақпараттың объективтілігіне және дұрыстығына сендіре алады.



Белгілері бойынша адамдарды ұқсастыру нәтижесінде алынған деректер анықтамамен, рапортпен, деректемемен, адамдарды ұқсастыру актісімен, конфиденттің хабарламасымен, жедел-іздестіру әрекеттернің қатысушысы – азаматтың түсініктемесімен немесе азаматтың арызымен рәсімделуі мүмкін. Оған әрекеттің жүзеге асыру процесін фиксациялаған немесе оны жүргізу кезінде пайдаланылған аудио-, бейнежазбалар, фотосуреттер қоса тіркеледі.

Белгілері бойынша адамдарды ұқсастыру құжаттандырудың сипатына қарамастан тек дәлелдемелерді іздеу үшін, жолдарды, бағыттарды анықтау үшін маңызы бар ретінде пайдалануы мүмкін, бірақ дәлелдемелік маңызы бар іс жүзіндегі деректер ретінде емес.



Тұрғын-жайларды, ғимараттарды, жер учаскелерін және көлік құралдарын жасырын тексеру нәтижелері жедел қызметкердің анықтамасы түріндегі құжаттандырылады. Анықтама тексеру кезінде не табылғаны, жедел-техникалық құралдардың көмегімен фиксацияланған қылмыс белгілері және қылмысты анықтау мен ашу үшін маңызы бар өзге мән-жайлар, бейне- және аудиожазуларды, кино- және фототүсірілімдерді пайдалану, арнаулы химиялық заттарды қолдану; алынған заттар мен құжаттар көрсетіледі. Анықтама қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуі кезінде өзге құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ал, арнаулы техникалық құралдардың көмегімен ақпараттық-техникалық заттарға фиксацияланған деректер ҚР ҚІЖК-нің талаптарын сақтай отырып дәлелдемеге айналуы мүмкін.

Пошта жөнелтілімдерін бақылаудың нәтижелері тиісті актілермен рәсімделеді. Бір жолғы бақылау жедел уәкілдінің рапортымен толтырылады. Ал, актілерге қажет болған жағдайда түсірілген көшірмелер, фотосуреттер, зерттеу үшін үлгілер қоса тіркеледі. Мұнда үлгілер зерттеу үшін криминалистік лабораторияға жіберіледі, мысалы, алынған заттың есірткі заттарына жататындығын анықтау.

Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау, әдеттегідей, жедел-техникалық бөлім анықтамасында, сондай-ақ магниттік заттарға фиксацияланады. Магниттік заттар жедел қызметкерлер қаулысының негізінде сараптамалық-криминалистік бөлімшеге алдын ала зерттеу не болмаса зерттеу жүргізу үшін не сот сараптамасына жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда телефон сөйлесулері қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып танылуы мүмкін.

Байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау нәтижелері жедел бөлімше қызметкерімен жүргізу – анықтама немесе рапортпен, ал өзге тұлғалар қатысса актімен рәсімделеді.

Ақпаратты алып тастау үшін компьютерлік дискеталар мен көшірілген ақпараттың өзге физиологиялық заттарды пайдаланылған жағдайда бұл мәліметтер құжаттарға қосымшалар түріндегі бейнеленеді. Ақпарат бар заттарды тергеушіге немесе сотқа мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер болмағанда қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі кезінде пайдалануы үшін ұсынылуы мүмкін.



Қызметкерді қылмыстық ортаға енгізу нәтижелерінің құжаттандырылуы енгізілген қызметкерден әрбір алынған жедел назардағы адамдардың қылмыс жасаулары және оларды әшкерелейтін дәлелдемелерді жинау үшін қылмысты маңызы бар ақпараттар рапорттармен рәсімделеді. Бұл ақпаратты қылмыстық іске енгізу үшін осы мәліметтерді жариялау қажет, яғни қызметкерді қылмысты ортаға енгізуімен байланысты деректер оның жазбаша келісімін ала отырып жауап алу түрінде рәсімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет