Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері орындаған: құқық қорғау органдары факультетінің


Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау



бет27/35
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#14805
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау. Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау – прокурор санкциясы негізінде арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын, сондай-ақ есту бақылауынан жеке адамдардың (тексерілуші) байланыстың телефон желілерімен жүргізіліп жатқан сөйлесулерін жазып алудан тұратын жедел-іздестіру әрекеті.

Телефон сөйлесулерін тыңдау, әдетте, ҚР ІІМ-нің немесе ҚР ҰҚК-нің жедел-техникалық бөлімшелерінің арнаулы аппараттарының көмегімен жүргізіледі.

Бұл әрекетті прокурордың санкциясынсыз жүзеге асыруға жол беріледі, егер адамның өз өміріне, денсаулығына немесе меншікке қауіп төну кезінде арызы немесе келісімі болса. Бірақ бұл жағдайды ҚР ІІМ-нің немесе ҚР ҰҚК-нің тиісті басшысымен дәлелді қаулы шығару міндетті және қолданылған іс-әрекеттер туралы 24 сағат ішінде прокурорға хабарланады.

Телефон сөйлесулерін тыңдау тек сезік келтірілген адамдардың байланыс желілерін ғана пайдалану кезінде ғана емес, сонымен бірге радиотелефон арналарын, сондай-ақ ұялы, космостық байланыс арналарын пайдаланғанда да мүмкін. Екі абоненттің сөйлесулеріндегі де, автожауапбергіштегі де хабарламаларды беру де тыңдалуы мүмкін.

Телефон сөйлесулерін тыңдау қажеттігі туындайтын келесідей жағдайларды атап көрсетуге болады:


  • қылмысты топ мүшелері – қатысушылар арасында сөйлесу болуы мүмкін болғанда;

  • сезікті өз құрбанына қылмыс алдында немесе оны жасағаннан кейін телефон соққанда;

  • іздестіруші тұлға өз туысқандарымен, таныстарымен, қылмысқа қатысушылармен байланысқа шыққанда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет