Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін №172 орта мектептің 7сынып оқушыларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен шарттарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушылардың өзі тұратын өлкелердің табиғатын қызғыштай қорғайтын адамзат етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын анықтау.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
Оқушыларға жаңа технология бойынша экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі - эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зертеудің болжамы: егер, оқушылардың экологиялық білім мазмұны теориялық -әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу - әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами - эстетикалық көзқарасы қалыптасады, өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр оқушының тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.
Жетекші идея: оқушылардың экологиялық саналығы мен оның мектепте меңгерген жүйелі білім мазмұнының сапасына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |