Зерттеудің практикалық мәні:
Оқушы жастарға арналып “ Тіршілік тынысы өсімдік ” атты факультативтік курс бағдарламасы;
Сыныптан тыс жұмыс формаларында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты ғылыми - әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, лицейлер мен гимназиялардың оқу тәрбие процесінде, сондай – ақ мұғалімдер мен тәрбиешілер біліктілігін жетілдіретін салаларда пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының “Экология” кафедрасында баяндамалар жасалынып, мақұлданды.
Зерттеу жұмысымыз 2 жыл бойы қарастырылды 1-кезеңде зерттеу тақырыбы алынып, осы проблема бойынша философиялық, педагогикалық, оқу - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Білім беретін мектептерде табиғат қорғауға бағыттай жүргізілген көпшілік және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер зерттелді. Бұл кезеңде экологиялық білім берудің теориялық негіздері зерттелді және оларды шешу әдістері анықталынды. 2–кезеңде анықталған әдістердің теориялық негіздері №172 қазақ орта мектебінде практикалық жүйеде тәжірибеден өткізіліп, тұжырымдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |