Дипломдық ЖҰмыс тақырып: «Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардағы практикалық іс-әрекет әдістері»


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕРІН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ



бет10/21
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#98202
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Соңғы диплом сыныптан тыс жұмыс

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕРІН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің педагогикалық шарттары

Білім беру жүйесі бір-біріне барабар емес екі сала бойынша: дәстүрлі орта мектепте және мектептен тыс ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дәстүрлі мектепте білім беру жүйесінің тұрақтылықтылығы қамтамасыз етілсе, мектептен тыс ұйымдарда қоғам сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесіне түзетулер енгізіліп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық оқу тәрбие жүйесінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда осы екі саланың іс-әрекетін үнемі үйлестіріп отырудың маңызы зор.


Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие беру бір ғана сынып-сабақ жүйесінің әрекетімен шектелмей, керісінше, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға және зерттеуге бағытталған түрлі практикалық іс-әрекетке тартып, мейлінше табиғатпен, ұстаздарымен, бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейте түскен дұрыс. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізбек[25].
Мектептен тыс ұйымдар 2001 жылғы маусымда Үкімет қаулысымен өз мәртебесін алғанға дейін мектептен тыс мекемелер, мектептен тыс ұйымдар ретінде дамып, қалыптасып келгендігі мәлім. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің 1917 - 1990 жылдардағы қалыптасуы мен дамуы зерттеуші Е.О.Омардың еңбегінде қарастырылған. Автордың мектептен тыс-мекемелердің қоғамдық тәрбие жүйесіндегі ролі мен тәрбиелік әлеуетін айқындауы, әр кезеңдегі даму ерекшеліктеріне берген сипаттамалары, тарихи даму барысындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы мен әдістері, даму болашағына жасаған болжам, пікірлері біздің зерттеу жұмысымыз үшін құнды болып есептеледі. Жас буынның бос уақыттағы ынта-ықыласы мен талабына қарай ұйымдастырылып, аса маңызды қызмет атқарып келген мектептен тыс мекемелер өткен ғасырдың 30-шы жылдары реформалау, оңтайландыру зардаптарын басынан кешіріп, жаппай жабылуға ұшырады. Е.О. Омардың айтуынша 1983 - 2001 жылдары оқушылар сарайы үш есе қысқарған, 1983 жылы олардың саны 300 болса, 2000 жылға дейін олардың 100-і ғана қалған[26].
Қазақстан Республикасы егемендігінің іргесі бекіп, елдің саяси-экономикалық және мәдени саладағы жетістіктері мектептен тыс мекемелердің қайта ашылып, олардың тәрбие жұмыстарының жандануына себепші болды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына орай Үкімет қаулысымен оларға «Мектептен тыс ұйымдар» мәртебесі берілді және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 27 тамызындағы № 629-шы бұйрығымен мектептен тыс ұйымдар қызметінің құқықтық негіздері және осы саладағы педагог қызметкерлерінің біліктілік сипаттамасы бекітілді. Сонымен бірге Үкіметтің №849 шешімімен мектептен тыс ұйымдар Ережесінің бекітілуі (22 тамыз, 2001 жыл) жастар мен балалардың ұлттық мәдениетін қалыптастыру бағытында көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Ресей федерациясының «Білім туралы» Заңында (1982) мектептен тыс жұмыстарға бүкіл бір бөлім арналған (26-бап) және осы бағыттағы тәрбие жұмысын реформалаудың құқықтық негіздері жасалып, ондай ұйымдарға «Қосымша білім беру мекемелері» деген дәреже берілген[27].
«Балаларға қосымша білім беру» ұғымына педагогикалық энциклопедиялық сөздікте «...оқушылардың өз бетімен таңдауына және қосымша білім беретін бағдарламаларды меңгеруіне бағдарланған, балаларға, жасөспірімдерге, оқушы жастарға білім мен тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі» деп анықтама берілген. Ал оның міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 849 шешімімен бекітілген. Мектептен тыс ұйымдардың Ережесінде айқындалғандай, олар: балалардың тұлғасын жан-жақты дамытуды, денсаулығын нығайтуды, кәсіби өзін-өзі анықтауға, шығармашылықты еңбек етуге қажетті жағдайлар жасауды; қабілеттерін жүзеге асыруды; қоғамдық өмірге бейімдеуді; мазмұнды тынығуын ұйымдастыруды; өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді мектептен тыс ұйымдарда білім беру, еңбекке баулу және мәдениеттілікті тәрбиелеу сияқты басты іс-әрекет сфераларының түйісуі олардың басты ерекшелерінен саналады. Келесі бір артықшылығы балалардың шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түрін өздерінің қызығушылықтары, бейімділігі, қабілеттеріне сәйкес, өз бетімен қалап шұғылдануына мүмкіндік беруі болып табылады. Бұның өзі балаларға орта мектепке қарағанда өзіне пайдалы білім алуына, болашақ мамандықтарының негізін қалайтын нақты іс-әрекеттермен шұғылдану құқығын иеленуіне жол ашады. Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: шығармашылықты дамыту, балалар шығармашылығы, балалардың (жасөспірімдердің) сыныптан тыс жұмыстары, балалардың білімдік-сауықтыру, экологиялық, балалар мен жастар туризмі салаларындағы кәсіби маманданданған шығармашылық орталықтары және т.б., эстетикалық тәрбие, мәдениет (өнер) салаларындағы кәсіби маманданған үйлері (сарайлар); клубтары, балалар студиялары, стансалары (жас натуралистер, балалардың техникалық шығармашылығы), балалар парктері, мектептері, музейлері, балалардың білімділік-сауықтыру лагерьлері жатады[28].
Мектептен тыс ұйымдар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық құжаттарына, мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 849 қаулысы) сәйкес жүзеге асырады. Онда балалардың білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша бағдарламалары жүзеге асырылады. Сонымен бірге балалардың сұранысын, отбасының және өзге де ұйымдардың қажеттіліктерін аймақтық, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық-мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын өзі дербес жасайды.
Қандай да болмасын педагогикалық іс -әрекеттің нәтижелілігіне белгілі бір шарттарды орындау арқылы қол жеткізеді. Сондықтан мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде біздер оның ұйымдастырушылық, моральды – психологиялық, әлеуметтік мәдени шарттарын талдауды мақсат еттік.
Ұйымдастырушылық шарттарды қарастыру, ең алдымен қоғам сұранысын және нақты жағдайларды есепке алу қажеттілігмен және одан туындайтын мақсатты анықтау болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде әрдайым бірлікте болып келетін сыртқы және ішкі шарттарды әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан бөліп көрсету қабылданған. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бұл тұрғыдан келу оның өсу динамикасын және оған сыныптан тыс жұмыстардың сан қилы ықпал есебін есепке алуға мүмкіндік береді.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру күрделі процесс ретінде сыртқы және ішкі шарттарды есепке алуды талап етеді. Себебі, ұлттық тәрбиені дамыту әлеуметтік сұраныстан туындайды. Яғни, ұлттық тәрбиені дамыту мақсаты әлемдік, мемлекеттік, аймақтық, тұрғылықты жердің, білім беру мекемесінің деңгейінде нақтыланады[29].
Білім мазмұны - педагогика ғылымында «нені оқыту керек» деген сұраққа жауап іздейтін ең күрделі проблема. Сондықтан ол мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың мазмұндық шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының орта білім беру тұжырымдамасында білім берудің мақсаты мен міндеттерінің әлеуметтік маңыздылығына" ерекше мән берілген. Сонымен қатар, білім қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерліктерді, білімді меңгерту нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс» екендігі анықталады.
Білім мазмұнын қалыптастыру бойынша педагогикада нақты көзқарастар орныққан. Оның теориялық негіздері М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, В.С. Леднев, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған[30].
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің тиімділігі оның ғылыми-әдістемелік шарттарын нақтылауды талап етеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың міндеттерін жүзеге асыруға қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады. Ол үшін бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған үйірме бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, нұсқауларды, ұсыныстарды және мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын ұлттық тәрбие беруге педагог кадрлар даярлығын қамтамасыз ететін арнайы әдістемелік семинар, әдістеме дайындау қажеттігі туындайды.
Белгіленген зерттеу мүмкіндіктерін жүзеге асыруда мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың құрылымдық моделі негізге алынды. Оның басты компонттері болып мотивациялық, мазмұндық, психологиялық, процессуалдық саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет