Диплoмдық жұмыcтa кeлeci тepминдepгe cәйкec aнықтaмaлap қoлдaнылды:
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы – білім мазмұнының өзгешелігін және білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.
Әдістеме – оқу үдерісінде пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім беру ұстанымдарын зерттеу саласы.
Оқыту әдістері – білім берудің мақсатына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері.
Әдістемелік инновациялар – оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация.
Инновациялық технология – алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісін жүйелі және ретімен тәжірибеге ендіру.
Педагогикалық инновация – педагогика ғылымында теориялық тұрғыда дәлелденген, эксперименттен өтіп, тәжірибеге енгізілген және оқутәрбие үдерісін жетілдіруге елеулі үлес қосатын жаңалық.
Педагогикалық технология – қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi.
Тәсіл, әдіс – әдістеменің базистік категориясы, нақты іс-әрекеттермен ара қатынасты, соның жиынтығы қалыптастырылатын іс-әрекеттің негізін құрайды.
Принцип – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Әдіс – «metodos» – методос деген грек сөзі.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
ҚРБҒМ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі