Дипломдық жұмыс. Тақырып: «Үкіметтің парламенттік жауапкершілігі: конституциялық-құқықтық және салыстырмалы зертеу»


ІІ- сабақ. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде



бет3/3
Дата09.11.2022
өлшемі22,42 Kb.
#48875
түріДиплом
1   2   3
ІІ- сабақ.

  1. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде.

Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастырғандықтан, ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым- қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді.
Аталған ғылым мәртебесі конститцциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді.
Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік- аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптерін зерттеу жатады.
Ғылым “конституциялық құқық” деп аталғандықтан, оның негізгі бастауы – Конституция болып табылады. Ол конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады. Бұл- конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы – конституциялық-құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-құқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді. Конституциялық-құқықтық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар , идеялартуғызудың негізі болып табылады. Коеституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі – отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет