Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:
мақсатқа бағыттылық;
құрылымының анық болуы;
материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;
зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;
аргумент және фактілердің сенімділігі:
ойдың ашық және нақты жүргізілуі;
жұмыс нәтижесін жеткізудің нақтылығы
Дипломдық жұмыстың тақырыптарын бітірушілерді даярлайтын кафедра әзірлейді.
Дипломдық жұмыстың тақырыптарын бітірушілерді даярлайтын кафедра әзірлейді.
Дипломдық жұмыстын тақырыптары студенттердің болашақтағы мамандығына сәйкес болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай болуы керек.
Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін таңдауға құқылары бар.
Көпшілік жағдайда дипломдық жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа да ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Студент тақырыпты таңдаған соң, оны жазу үшін рұқсат алуға өзін даярлап отырған кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады. Дипломдық жұмысының тақырыбы, ғылыми жетекшісі және кеңес берушіні бекіту кафедра сұранысы бойынша факультет деканының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тақырыпты бекіткен соң, студент ғылыми жетекшімен бірге отырып, оны орындау жоспарын қарастырады. Оған ғылыми жетекшісі және студент өз қолдарын қояды, соңында кафедра меңгерушісі бекітеді.

Тапсырма екі данамен даярланады: біреуі студенттің қолына беріледі, ал екіншісі кафедрада сақталады.
Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады: