1 Механизмдер және машиналар теориясының негізгі ұғымдары Адамдардың қол және ой еңбегін жеңілдету мақсатында механикалық
қозғалыс арқылы энергияны, материалды және информацияны бір түрден
басқа түрге айналдыратын жабдық
машина деп аталады. Негізгі арналуына
байланысты машиналарды төрт түрге бөлеміз: энергетикалық, технологиялық,
транспорттық және информациялық.
Бір немесе бірнеше қатты денелердің берілген қозғалысын басқа қатты
денелердің қажетті қозғалысына айналдырушы денелер жүйесі
механизм деп
аталады.
Механизм звенолары
кірер және
шығар ,
жетекші және
жетектегі болып бөлінеді.
Берілген қозғалысты орындайтын звено -
кірер , ал қажетті қозғалысты
орындайтын звено -
шығар звено деп аталады.
Звеноғатүсірілген сыртқы күштердің элементар жұмыстарының
қосындысы оң (теріс немесе нөлге тең) болса, онда ол
жетекші звено (жетектегі звено) деп аталады.
Бір немесе бірнеше жалпыланған координаталары берілген звено
бастапқы звено деп аталады.
Кинематикалық жұп – өзара салыстырмалы қозғалыстағы жанасқан
екі звеноның қозғалмалы қосылысы.
Кинематикалық жұптар еркіндік дәрежесінің және байланыс
шарттарының санына, сондай - ақ жанасушы звенолардың элементтерінің
түрлеріне байланысты бөлінеді (классификацияланады).
1.1 Кинематикалық жұптардың еркіндік дәрежесі және байланыс санына қарай классификациясы (бөлінуі) Механикалық жүйенің
еркіндік дәрежесінің саны (
Н) деп жүйенің
тәуелсіз орын ауыстырулар санын айтады. Кеңістікте еркін қозғалатын қатты
дененің еркіндік дәрежесі алтыға тең: үшеуі қозғалмайтын координаттар
осьтерінің бойымен мүмкін орын ауыстыруы, ал үшеуі - осы осьтердің
айналасында айналуы.
Кинематикалық жұпқа кіретін звенолар үшін олардың салыстырмалы
қозғалысындағы еркіндік дәрежесі әрқашанда алтыдан кем. Себебі
кинематикалық жұп звеноларының тұрақты жанасу шарты мүмкін
қозғалыстар санын азайтады. В.В.Добровольскийдің ұсынуы бойынша
кинематикалық жұптар еркіндік дәрежесінің саны бойынша