Дипломдық жұмыста суда еритін полимер соның ішінде агар-агар мен сазды үлгінің физика-химиялық қасиеттері мен алынуы зерттелініп,тәжірибе жасалынды



бет10/11
Дата19.09.2023
өлшемі20,06 Mb.
#108429
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шаякбар дипломка



График-1.Суда еритін полимер агар-агар ерітіндісінің Оствальд вискозиметрінде өлшеніп есептелген салыстырмалы тұтқырлықтың концентрацияға қатысты өзгеруі




График-2. Суда еритін полимер агар-агар ерітіндісінің Оствальд вискозиметрінде өлшеніп есептелген меншікті тұтқырлықтың концентрацияға қатысты өзгеруі




График 3. Суда еритін полимер агар-агар ерітіндісінің Оствальд вискозиметрінде өлшеніп есептелген келтірілген тұтқырлықтың концентрацияға қатысты өзгеруі
Мұның шығу себебі ерітінді үлгілерінің макромолекуласы тізбегінің бойындағы иондану қабілетіне ие болған әртекті функционалды топтардың әсерінен конформациялық пішіндерінің өзгеруімен түсіндіріледі. Яғни, неғұрлым макромолекула тізбегінің бойындағы иондар еркін жайласқан күйге өткен сайын конформациялық пішіндері оралған күйден жайылған күйге қарай өтеді. Ол өз кезегінде ионданушы топтардың реакцияға кірісу қабілетінің жоғарылатйындығымен түсіндіріледі.[23]Суда еритін полиэлектролит үлгілерінің электр тогын тасымалдаушы қабілеттерін анықтағанда меншікті, келтірілген электрөткізгіштік қасиеттері бойынша желатин үлгісі ең жоғары сандық мәнге ие екендігі анық байқалады, ал КМЦ мен ПАА үлгілерінде меншікті электрөткізгіштік қабілеттері өзара жақын болатындығына көз жеткізілді. Осы аталған үлгілердің келтірілген электрөткізгіштіктері екі үлгі арасында төменгі концентрация аралығында біршама алшақтықтың болатындығы анықталды. Аталған электр тогын өткізу қабілеті агар-агар полиэлектролиті үшін өлшенген концентрациялар аралығында меншікті, келтірілген электрөткізгіштік қабілеттерінің сандық мәндері нөлге жақын болатындығы байқалды, оны агар-агардың полисахаридті құрамымен түсіндіруге болады.Суда еритін полиэлектролит үлгілерінің әртүрлі концентрациялы ерітінділерінің оптикалық тығыздығын (D) анықтағанда барлық үлгілер үшін оптикалық тығыздықтың (D) сандық мәндері концентрация артқан сайын өсіп барады.Бірақ алынған үлгілердің ішінде желатин мен агар-агар полиэлектролитінің оптикалық тығыздығы (D) басқа үлгілермен салыстырып қарағанда біршама жоғары болатындығы көрінеді.[24]

2.3.Агар-агар ерітіндісінің электрөткізгіштігі мен рН көрсеткішін анықтау



Жұмысқа қажетті аспаптар мен құралдар:Кондуктометр,рН-метр,0,5%, 0,25% ,0,1%, 0,05%, 0,025%, 0,01% концентрациядағы агар-агар ерітінділері, фильтр қағазы, 50мл стақандар.


4-сурет.Портативті ph-150mи рh-метр

Жұмыстың барысы:
Кондуктометр құрылғысы мен рН-метр құрылғыларын алдын ала дайындап, тоқ көзіне қосылды. 0,5%, 0,25% ,0,1%, 0,05%, 0,025%, 0,01% концентрациядағы агар-агар ерітінділері 50 мл стақандарға төмен концентрациядан бастап құйылып, кезекпен өлшенді.Алдымен кондууктометрде дистелденген судан бастап құйылып өлшенсе,рН метрде дәл сондай тәртіппен өлшеніп,арнайы сандық мәндер алынды.Алынған сандық мәндерді кестеге толтырып,кейін график бойынша қиылысу,өсу,кему сандық мәндері анықталған болатын.Әр стақанды кондуктометр құрылғысына орналастрған сайын арнайы фильтр қағазымен сүртіп,тазаланылып отырды.Көзделген нәтижеге қол жеткізілгенде кесте түрінде мәлімет алынды.Оны төмендегі кестеден көре аласыздар.


График 4.Агар-агар ерітіндісінің HI-2300 стационарлы кондуктометрде электрөткізгіштікті (ᴂ) анықтау арқылы концентрацияға байланысты өзгеруі


График 5.Суда еритін полимер агар-агар ерітіндісінің сутектік көрсеткішінің (рН) концентрацияға байланысты өзгеруі




График 6.Сутектік көрсеткіш пен электірөткізгіштіктің (ᴂ) қиылысуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет