Дипломдық ЖҰмыстарды ресімдеуге, ҚОРҒАУҒа және сақтауғА Қойылатын талаптар әдістемелік нұСҚау павлодар қ. Алғы сөз


Қашықтық режимде дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі



бет7/11
Дата16.05.2023
өлшемі250 Kb.
#93863
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
10 Қашықтық режимде дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

Карантиндік режим жағдайында АК-на білім алушы электрондық пошта арқылы (АК техникалық хатшысының мекенжайына) PDF форматында электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:


1) дипломдық жұмыс (жоба);
2) дипломдық жұмысты (жобаны) авторға және дереккөзге сілтемесіз алынған материалды пайдалануға тексеру нәтижелері туралы анықтама;
3) бітіру жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелді қорытындысы бар пікірі;
4) рецензенттің жұмыс орны бойынша ұйымның мөрімен куәландырмай, тиісті практикалық кәсіби қызмет маманының, ғылыми ұйымның немесе білім беру ұйымының (ресми оппоненттің) рецензиясы.


11 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі

11.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі ППУ Академиялық саясатымен және осы нұсқаулықпен анықталады.


11.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау аттестаттау комиссиясының ашық отырысында, оның мүшелерінің кемінде жартысының қатысуымен өткізіледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім алушылардың, жоғары мектеп оқытушыларының қатысуымен көпшілік түрінде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.
11.3 Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы тиіс.
11.4 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін білім алушы аттестаттау комиссиясының және қатысушылардың алдында 15 минуттан артық емес баяндама жасайды.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер базасында Мультимедиялық презентациялар түрінде электрондық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
11.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу түрінде барлық қатысушылар қатыса алады.
11.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірді (қатысқан жағдайда ғылыми жетекші өзі сөз сөйлей алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда білім алушы олардың мәні бойынша дәлелді түсініктеме беруі тиіс.
11.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша балдық-рейтингтік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл ретте теориялық, ғылыми және практикалық даярлық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.
11.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері әрбір білім алушы бойынша аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және олар өткізілген күні жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет