Дипломдық ЖҰмыстарды ресімдеуге, ҚОРҒАУҒа және сақтауғА Қойылатын талаптар әдістемелік нұСҚау павлодар қ. Алғы сөз


Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу тәртібіне қойылатын талаптар)



бет3/11
Дата16.05.2023
өлшемі250 Kb.
#93863
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
null

6 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу тәртібіне қойылатын талаптар)

6.1 ББ басшысының немесе ЖМ деканының ұсынысы бойынша дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін әрбір білім алушыға ғылыми жетекші тағайындалады.


6.2 Дипломдық жұмыстарға немесе жобаларға басшылық етуді бейіні бойынша оқытушылар және(немесе) Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар мамандар жүзеге асырады.
6.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі:
- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тапсырма береді;
- білім алушыға дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың барлық кезеңіне жұмыстың күнтізбелік кестесін әзірлеуге көмек көрсетеді;
- білім алушыға қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобаларды және тақырып бойынша басқа да дереккөздерді ұсынады;
- білім алушылардың дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауын ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін кеңес беру кестесін белгілейді;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және білім алушы мен консультанттардың жұмысын үйлестіреді.
6.4 Дипломдық жұмысқа (жобаға) берілген тапсырма бастапқы материал мен дереккөздердің сипаттамасын, білім алушы әзірлейтін сұрақтар тізбесін, ұсынылған дереккөздердің тізімін, графикалық материалдардың (кестелер, диаграммалар, схемалар және т.б.) тізбесін, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың толық күнтізбелік кестесін қамтиды.
6.5 Жұмыстың күнтізбелік кестесі жеке бөлімдердің орындалу кезегін көрсете отырып, бүкіл кезеңге жасалады және ғылыми жетекшімен келісіледі.
6.6 Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынысы бойынша, қажет болған жағдайда, ЖМ ғылыми басшылыққа бөлінген уақыт есебінен дипломдық жұмыстың (жобаның) жекелеген бөлімдері бойынша консультанттарды шақыра алады.
6.7 ББ басшылары дипломдық жұмысты (жобаны) орындауды бастағанға дейін білім алушыларды дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар белгіленетін әдістемелік нұсқауларды әзірлеуі және қамтамасыз етуі тиіс.
6.8 Дипломдық жұмыс (жоба) білім беру бағдарламасы бойынша әдебиетті (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімді әдебиеттер, дәрістік курстар, журналдар, оның ішінде шет тілдерінде, нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерделеу негізінде орындалады.
6.9 Әрбір дипломдық жұмыс (жоба) тапсырмаға сәйкес жекелеген перспективалық теориялық немесе практикалық сұрақтарды әзірлеуге тиіс.
6.10 Дипломдық жұмыс (жоба) бойынша жұмысты білім алушы ЖОО-да, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, ғылыми және басқа ұйымдарда орындай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет