Дипломдық ЖҰмысты (жобаны) Әзірлеу ережелері негізгі қағидалары


Дипломдық жұмыстың(жобаның) мазмұны мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата22.12.2022
өлшемі251,93 Kb.
#59125
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
§31 kaz

4. Дипломдық жұмыстың(жобаның) мазмұны мен құрылымы 
24. Мазмұны бойынша дипломдық жұмыс (жоба) бітіруші курстың студенті 
мамандыққа қарай өз бетінше орындаған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы 
(жобалық шешім) болып табылады. 


25. Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі жаратылыстану және техникалық 
бағыттағы мамандықтар үшін 40-60 беттен, әлеуметтану-гуманитарлы бағыттағы 
мамандықтар үшін 50-70 беттен тұруы тиіс. Гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін 
дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың 
(жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді.
26. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері: 
- мұқаба;
- титул парағы;
- реферат;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
27. Мұқабада
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйымның аталуы; 
- студенттің аты-жөні; 
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы; 
- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба); 
- мамандықтың аты мен шифры; 
- қаласы, жылы келтіріледі 
28. Титул парағы дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті және жұмысты іздеп 
өңдеуге қажет мәліметтің көзі болып табылады.
Титул парағында
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйым; 
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедра;
-шектейтін гриф (қажет жағдайда);
- кафедра меңгерушісінің бекіту қолы;
- жұмыс түрі- дипломдық жұмыс (жоба); 
- «Тақырыбы:»-деп көрсетілген дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы; 
- мамандықтың аты мен шифры;
- сол жағында «Орындаған» сөзі мен қарама-қарсы оң жағында студенттің аты-жөні;
- бір жол төмен – «Ғылыми жетекші» сөзі мен жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі 
мен атағы; 
- қаласы, жылы көрсетіледі. 
Мұқаба мен титул парағын рәсімдеу мысалдары сәйкесінше 1-ші, 2-ші қосымшаларда 
көрсетілген. 
29. Казақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі рефераттарда: 
- жұмыстың көлемі, иллюстарциялардың, кестелердің, пайдаланылған мәлімет 
көздерінің саны туралы ақпарат;
- жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздердің тізімі,
- жұмыстың мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдістері мен қондырғылары, алынған 
нәтижелер мен олардың практикалық пайдаланылуы көрсетіледі. 
Реферат көлемі 1000 таңбадан аспауы тиіс.
30. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнында кіріспе, барлық тараулар мен 
бөлімдердіңрет сандары мен атаулары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың 
аталуы және дипломдық жұмыстың (жобаның) осы элементтеріне қатысты беттердің саны 
көрсетіледі. 
31. Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңалығы 
мен практикалық маңыздылығының негіздемесі, қарастырылып отырған ғылыми мәселенің 
қазіргі таңдағы жағдайының талдауы, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, 


міндеттері және нысандары, теориялық және әдістемелік негізі мен практикалық базасы 
көрсетілуі тиіс. 
32. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың 
маңызын, мазмұнын, әдістемесінжәне негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның)негізгі бөлімі, әдетте, тарауларға, бөлімдерге
параграфтарға бөлінеді. 
33. Қорытынды бөлімде дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша 
қорытындылары жасалып, қойылған міндеттердің орындалу дәрежесі анықталады және 
зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарберіледі.
34. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес 
рәсімделеді.
35. Қосымшаға негізгі бөлімде көрсетілмеген дипломдық зерттеуге қатысты 
материалдар кіреді. 
36. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) мәліметтердің дәлдігі мен шынайылығына
дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы – студент жауапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет