ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС колледждегі оқуды аяқтаудың соңғы жылында орындалатын студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегі талаптарға сәйкес болуы керек:
- мамандықтың негізгі мәселесіне сәйкес келуі;
- ғылыми және практикалық жаңалықтан тұратын өзектілігінің болуы;
- ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
- ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерді қолдану арқылы орындалуы;
- негізгі қорғау жағдайлары бойынша ғылыми-зерттеу (әдістеме, практикалық) тараулардан тұруы керек.
Тарау, тараушалардан (кей жағдайларда – пункт, тармақшалардан) тұратын негізгі бөлім;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
Алғашқы бет дипломдық жұмыстың бірінші беті болып табылады, ол дипломдық жұмыс жайында ақпараттық қызмет атқарады. Алғашқы бетте келесі мәліметтер болады:
Алғашқы бетті дипломдық жұмыстың жалпы беттер санына қосады, бірақ алғашқы бетке нөмір қойылмайды.
Кіріспе жұмыстың өте маңызды бөлімі, өйткені ол тақырыпты ашып қана қоймайды, сонымен қатар барлық керекті біліктіліктің көрсеткіштерінен тұрады.
Кіріспенің ортақ құрылымы: тақырыптың өзектілігі; зерттеудің мақсаты; зерттеудің міндеттері (үш міндет); зерттеудің нысаны және зерттеу пәні; зерттеу әдістері; зерттеудің ғылыми болжамы; зерттеу жұмысының теориялық маңызы; зерттеу жұмысының практикалық маңызы; зерттеудің ғылыми жаңалығы; қорғауға ұсынылатын қағидалар; диплом жұмысының құрылымы мен көлемі (әр тараудың бет саны көрсетілсін).
2 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жалпы талаптар
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ мәтінін баяндау осы Ереженің талаптарына сәйкес орындалады. Дипломдық жұмыстың мәтін беттері және жұмысқа енгізілген иллюстрациялар мен кестелер А4 форматына сай болуы керек.
Диплом жұмысы бір интервал арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір бетінде компьютерде басу әдісімен орындалуы тиіс. Шрифті —Times New Roman, кегль 14. Диплом жұмысының мәтінін келесі өлшемдерді сақтай отыра басу керек: оң жақ – 15 мм, жоғарғы жақ – 20 мм, сол жақ – 30 мм және төменгі жақ – 20 мм. Жұмыстың жалпы көлемі 50-60 беттен аспауы тиіс. Ерекшеленудің түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, нақты терминдер, формулалар, теоремаларға ерекшелеу үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрацияларды, кестелерді, рәсімдеу көрсетілген талаптарға сай болуы керек.
ЕСКЕРТУ: Диплом жұмысына пікірді ғылым кандидаттары, магистрлар, магистранттар, тәжірибелі оқытушылар бере алады. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер төмендегідей үлгіде берілуі қажет: [5.17-б.]
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 50-ден кем болмауы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ (Рәсімдеу үлгісі)
1. Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012 жыл 15 желтоқсан.
2. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы». - Алматы: РОНД, 2002 ж.
3. Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының көптеген мақсаттары Болонья келісімінің ортақ білім беру жүйесін құру, 2005-2010.
5. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. - М.: ТЦ Сфера, 2002.
6. Андриади И.П. Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. высших учебных заведений. М., Просвещение, 1989, С. 205.
7. Мясоед Т.А. Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей. – Москва, 2004.