2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Кен орынды игеру жүйесі
Ақінген кен орнының өрімді горионттарының кеніштерін игеру көрсеткіштерінің жоғарыда келтірілген анализінен алғашқы бесжылдықта игеру қарқындары төмендегімен және мұнай өндірудің аз дамуымен сипатталатынын көреміз. Бұл кеніштерді бұрғылаудың кешігуімен және жобалық шешімдердің орындалмауымен түсіндіріледі. Кейінгі жылдары, 1997 жылдан бастап мұнай өндіру көлемдері ұлғайғандығы байқалады. Сонымен қатар нақты шамалар жобалық шамалардан асып түсті. Бұл жаңа ұңғыларды іске қосу мен және неоком горизонттарын пайдалану басталумен түсіндіріледі.
Механикалық өндіру кезінде ПШГНТ 4 типті тербелмелі станоктар, сұйықтықты жер бетіне көтеру үшін НГН 43 типті сораптар қолданылады. 1995 жылдан бастап кен орнында техсхема бойынша су айдау қарастырылмасада №9 ұңғыға ілеспе қабат суларын сынап айдады. Бұл жағдайда ұңғының бастапқы қабылдағыштығы айдау қысымы 15 атмосфера болғанда 20 – 25 м3/тәу құрады.
Ұңғы 4 ай бойы мезгілдік айдауда болады және осы аралықта 2669 м3 су айдалды.
1995 жылдың қазаннан бастап қабылдағыштығы жоқ болғанына байланысты тоқтатылды және 2002 жылдың қаңтарына дейін бос тұрды.
Ұңғыма өнімі сағадан таратқыш желілер бойынша мұнайдың дебиті мен сулылығын өлшеу үшін «Спутник » типті ГЗУ – ға түседі, одан кейін газды сұйықтықтан болу үшін газ сеператырына жіберіледі, ал одан кейін газды сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғыларына жіберіледі. Кен орнындағы ұңғыларды пайдалану кеінде шиеліністерді жою мақсатында МЛ – 80 парафин тұнбаларына ингибиторлар айдалады. Бірақ бұл ешқандай әсер бермеді. Сонымен қатар құм тығындарын жуу жүргізіледі, сөйтіп 2003 жылы барлығы 16 ұңғы операциялары жүргізіледі. Осы ұңғы операциялары бойынша жинақталған әсер 912,3т мұнай құрады.
2001 - 2003 жылдары кен орнын игеруді бақылау бойынша ГДИС ЦТИ бөлімшесі зерттеу жұмыстарын жүргізді. № 112, 113 екі ұңғыма бойынша қабаттық қысымдарды өлшеу, № 113 ұңғыда тереңдік сынамаларды алу, статикалық және динамикалық деңгейлерді өлшеу сияқты зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Кесте 2.1
Жобалауға қажетті бастапқы мәндер
1
|
Есептелген контур периметрі
|
Ре= 35000 м
|
2
|
Есептелген контурдағы аудан
|
Sн=33∙106 м2
|
3
|
Контурдағы тиімді қалыңдық
|
hн=17 м
|
4
|
Ұңғыма тереңдігі
|
Н=1850 м
|
5
|
Өткізгіштік
|
к=0,8∙10-12 м2
|
6
|
Мұнай тұтқырлығы
|
μм=2,1∙103 Па∙с
|
7
|
Қабат суының тұтқырлығы
|
μс=1,1∙103 Па∙с
|
8
|
Ұңғыма радиусы
|
rұ=1,3∙10-3 м
|
9
|
Кеуектілік
|
m=0,3
|
10
|
Мұнайға қанығу коэффициенті
|
β=0,701
|
11
|
Мұнай бергіштік коэффициенті
|
η=0,7
|
12
|
Қайта есептелген коэффициент
|
в=1,4 м3/т
|
13
|
Қабат қысымы
|
Рқаб=Н/10=1850/10=185атм=18,5МПа
|
Ақінген кен орыны 1992 жылдан бері игеріліп жатыр. 1994 жылғы жобаға сәйкес кен орындағы І альб горизонтынан бастап горизонттар өздігінен бөлек тор ұңғыма түрінде игеріліп жатыр, осыған байланысты игерудің нақты жағдайына сәйкес осы берілген жұмыста 2 пайдалану объектілері белгіленеді. ІІ – объект бойынша мұнай кен орнын иегру есебін жүргіземіз. ІІ – объект. Горизонт жұмысының режимі су арынды. ІІ – объект бойынша мәліметтер 2.1 кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |