Игерудің ағымдағы жағдайын және мұнайды өңдеу көлемін ұлғайту әдістерінің қолданылу тимділігін талдау
Мұнайдың шоғырлануы тайыз тереңдіктерде орналасуы,қабат суларының қуатты табиғи режимі және мұнайда еріген газдың болуы,сонымен қатар жақсы коллекторлық қасиеттерге иемденуі Ақінген кен орнында өнім өндіру көп жұмыс қажет етпейтіндігін көріп отырмыз. Кен орнына айдалатын жобалық сұйық мөлшері 280 мың м3\жыл тең және айдалатын сұйық ретінде мұнаймен қоса алынатын ілеспе сулар қолданылады.
Кен орынның өнімді горизонтының қабаттық сулары жоғары минерализацияланған (115,06-238,7 г\л) хлоркальцийлі типті метаморфталған болып келеді. Қабат суының құрамында сілтілі иондары (Na+,K+) мен сілтілі металдар(Ca2+,Mg2+) бар және хлор ион(Cl-) мөлшері 4,3-141,6мг\л,сонымен қатар гидрокарбонат ион (HCO3-) мөлшері елеусіз деп есептеуге болады.
Кен орынды игерудің берілген тарихының және горизонтының геологиялы – нақты сипаттамалары бойынша қабаттың есептеу үлгілерін айқындау кезінде бөлек І негізгі және ІІ ұсынылған варианттар үшін технологиялық көрсеткіштерін болжаудың қабылданған әдістемесін айқындау 2.3.1 бөлімде көрсетілген.
Мұнай қорын есептеуді жүргізу және дау процесінде кернді материалдарда мұнайдың сумен ығысуында лабораториялық зерттеулер жеткіліксіз деңгейде жүргізіледі, сондықтан ығыстыру процесін қамту сипатын ығыстыру сызбасы және горизонт бойынша бөлек қосынды алымдардың тұрғызылған картасы бойынша айтуға болады.
Қосынды алымдар алымдар сызбасын және ығыстыру сызбасын, горизонттардың игеру жағдайын, мұнай бергіштік коэффициенттеріне жеткенін және мұнай өндіруде қолданылған теңестіру әдісін салыстыруды талдау мұнайға қаныққан қуаттылықты, мұнай бергіштік ауданын және дренирлеу аймағын есептей отырып, статикалық әдіспен қалдық шығарылған қорды анықтау және әрбір горизонт бойынша мұнай бергіштіктің соңғы коэффициентін жоғарлату бойынша және игеру мерзімін төмендету бойынша шараларды жетілдіру.
Кен орынға сәйкес ІІ – вариант бойынша 30 жаңа ұңғыма бұрғылану ұсынылады, нормативтерге сәйкес қор ұңғымасының келесі саны ұсынылады:
Негізгі өрістегі ІІІ альб горизонты – 13 жаңа ұңғыма, 2 қор ұңғымасы;
І сеноман – 4;
Солтүстік –батыс өрістегі ІІ сеноман горизонтында барлығы 17 жаңа ұңғыма, 3 қор;
ІІІ альб -7 ұңғы;
V2 төменгі неоком – 4.
Кеніштерде қысым төмендеген кезде өндіру ұңғымаларының өнімділігінің өзгеруі және оларға арналған есептеулер
Кен орында, бастапқы пайдалану периодында түптік қысым төмендейді және штуцер диаметрінің өсуі кезінде дебиттің өсуі төмендейді. Бұл қабат энергиясының жоғалуына алып келеді. Көп көлемді ұңғыманы санын айдауға ауыстыру түп аймақтың энергиясының төмендеу темпін қалпына келтіру керек. Бірақта ол толығымен қалпына келмейді. Бұған ҚҚКС әдісімен зерттеу нәтижелері көрсетеді. Олардың негізінде төменгі коллекторлардың физикалық қасиеттері, үлкен емес пьезоөткізгіштік, ұңғыманың ұзақ уақытқа жабылу кезінде қысымның қалпына келуінің нақты мерзімі бекітілген, соныменен тиімді өткізгіштік біршама төмен, үлкен скин – фактор көрсететін түп аймақтың ластануымен жағдай қиындатылады.
Кен орынның алдағы игеру кезінде рационалды депрессияны (әр ұңғыма үшін жеке) туғызу негізінде өндіру ұңғымаларының мұнай дебитін реттеуді жүзеге асыру қажет.
Есептеу нәтижелері Терең - өзек кен орнында табиғи қабат энергиясын максималды қолдану үшін және мұнайдың рационалды дебитін алу үшін қарсы қатерлерге алып келмейтін түп қысымды қанығу қысымынан төмендетуге болады. Бастапқымен салыстыру бойынша ағымдағы өнімділік коэффициентінің табиғи түсуін ескеру қажет.
Ұңғымаларды орналастыру деп торлардың орналасуы және ұңғымалар ара қашықтығы (тор тығыздығы), ұңғыманың жұмысқа кіргізу темпі мен тәртібі түсіндіріледі. Ұңғыма торының тығыздығы мұнай бергіштікке негізінде әсер етеді. Сондықтан Терең - өзек кен орнында қабат қысымы мен түп қысымды ескере отырып, суланудың жеті нүктелік жүйесі және ұңғыманың үш қатарлы орналасуы қабылданған.
Келесі берілгендер үшін фонтандаудың минимал түптік қысымын есептеуміз керек: ұңғыма тереңдігі Lc = 960м; НКТ – ішкі диаметрі d = 0,062м; қанығу қысымы Pнас = 10 МПа; сағадағы қысым Pу = 3 МПа; газдық фактор G0 = 80 м3/т; қабаттың мұнай тығыздығы ρпл = 870 кг/м3; газсыздандырылған мұнай тығыздығы ρнд = 860 кг/м3; сулылығы В = 0,37.Түптік қысым қанығу қысымынан үлкен.
Шешімі.Орташа еру коэффициентін (1) табамыз:
; (1)
.
Әсер етуші газдық факторды (2) есептейміз:
; (2)
.
h мәнін есептеместен бұрын көтергіштегі мұнайдың орташа тығыздығын (3) анықтаймыз:
(3)
Есептейміз (4) h:
(4)
НКТ колонасының максимал түсіру тереңдігін (5) есептейміз (башмакқа):
; (5)
.
Фонтандаудың минималды түптік қысымын (6)есептейміз :
; (6)
.
Осылайша, осы есептеулердің берілгендері үшін фонтандаудың минималды түптік қысымы 9 МПа тең.
Фонтандық мүмкін болатын шекті сулылықты есептеу
Келесі есептеулердің шарттары үшін фонтандық мүмкін болатын шекті сулылықты есептеу: ; қанығу қысымы; газдық фактор ; қабаттың мұнай тығыздығы ; газсыздандырылған мұнай тығыздығы ; су тығыздығы . Ұңғыманы мынадай түптік қысыммен есептейді ; сағадағы қысым ; көтергіш диаметрі .
Шешімі. Түптік қысымды табамыз:
.
осындай болғандықтан, НКТ түсіру тереңдігі ұңғыма тереңдігіне тең
Ергіштік коэффициентін (7) есептейміз:
; (7)
.
Көтергіштегі мұнайдың орташа тығыздығын (8) есептейміз:
(8)
Шекті сулылықты (9) анықтаймыз:
; (9)
.
Осылайша,НКТ диаметрі 0,062 м болған кезде фонтандық шекті сулылығы 37% құрайды.
Келесі жағдайлардағы ұңғыманы пайдалану кезіндегі фонтандық көтергіш диаметрін есептейміз: ұңғыма тереңдігі ; өнімділік коэффициенті;бастапқы қабат қысымы ; қабаттық қысым ; қанығу қысымы ; мүмкін болатын минимал түптік қысым ; қозғалыс кезіндегі орташа мұнай тығыздығы ; ұңғының сағалық қысымы .
Шешімі. Ұңғыманы пайдалану үрдісі кезінде түптік қысым қанығу қысымынан төмен түспеуі керек, яғни Pзаб = Pнас = 10 МПа.
Берілген жағдай үшін көтергіш башмактың түсіру тереңдігі ұңғыма тереңдігіне тең: .
Фонтандаудың басталу кезіндегі ұңғыма дебитін (10) есептейміз:
(10)
Сонымен қатар көтергіштің оптималды жұмыс режимі кезінде фонтандау үшін:
Оптималды жұмыс режимі кезінде көтергіштің диаметрін (11) есептейміз:
(11)
Сыртқы диаметрі құбыр таңдаймыз (ішкі диаметрі ).
Максималды режим жұмысы кезіндегі құбыр диаметрін (12)есептейміз:
(12)
осындай болғандықтан, ұңғыма диаметрі 89мм көтеру құбырын түсіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |