2.1 Жаратылыстану және география институты бакалавриат, магистратура және phd докторантурадағы мамандықтар тізімі
Бүгінгі таңда институт құрамында үш Білім беру бағдарламалары тобы бар: «Химия», «Биология» және «География, қоршаған орта және қызмет көрсету». Институтта 30 мамандықтар бойынша жоғары білімді педагогтар даярлайды және оқытудың барлық формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Институттың 9 мамандықтары НАОКО (Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік) халықаралық аккредитацияcынан 2020 жылдың 28 желтоқсан айында өтті. Ұлттық рейтингтерде институт мамандықтары алдыңғы орында тұр.
Жаратылыстану және география институтындағы жаңалықтар институттың @kaznpu.zhgi https://www.instagram.com/kaznpu.zhgi/ Instagram әлеуметтік парақшасына салынып отырады. Сонымен қатар, Facebook https://www.facebook.com/profile.php әлеуметтік желісінде институтта ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мен жаңалықтар жарияланып отырады.
Институтта ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, г.ғ.д., профессор А.С. Бейсенова жетекшілік ететін география және экология ғылыми-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. «Биология» Білім беру бағдарламасы тобында Қазақстандағы 4000-нан аса әр түрлі гүлді өсімдіктердің гербарий қоры жинақталынған. «Химия» және «Биология» Білім беру бағдарламалары топтарында кешенді оқу-зерттеу зертханалары жұмыс істейді. Кафедралардың материалдық базасы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен және оқу-әдістемелік қорымен жабдықталған. Теорияда алынған білім дала, зоналық, педагогикалық практикаларымен жалғастырылады.
Студенттердің және магистранттар мен докторанттардың тек оқуына ғана емес, ғылыми зерттеулер жүргізуіне, спортпен шұғылдануына, треккингтер мен экскурсияларға баруына, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай бар [23].
Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі
Химия кафедрасы Абай атындағы ҚазПИ құрылғаннан кейінгі бастапқы жылдары бірден ашылған (1928 ж.), ол кездерде педагогика факультетінде үш кафедра жұмыс жасады: физика-математика және жаратылыстану ғылымдары, лингвистика-педагогикалық. Химия кафедрасында 1000 жуық ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар жасалынды. Соның ішінде 10 монография, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 60 аса оқулықтар мен оқу құралдары қамтылған. Бакалавриаттағы 5В011200-«Химия» және магистратураның 6М011200-«Химия» мамандықтары халықаралық аккредитациядан өтіп, сертификатталған [24].
Кафедра мамандықтарының бағыттылығы: бакалавриат 5В011300 - Биология; 5В060700 - Биология; магистратура 6М011300-Биология; 6М060700 Биология; докторантура 6D011300-Биология, 6D060700 - Биология.
3-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |