Дипломдық жобa тaқырыбы: «Бейметалдар тарауын оқыту кезінде оқушыларға экологиялық тәрбие қалыптастыру»



бет16/28
Дата11.03.2022
өлшемі12,29 Mb.
#27663
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
3.1 Химия кафедрасының тарихы

Химия кафедрасы Институт құрылған кезден бері жұмыс істеп жатыр. Химия кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып профессор С.В. Баланин тағайындалды, одан кейін кафедраны доценттер А.Н. Григоренко мен А.Б.Бектұров (1934-1935ж.ж.) басқарған.

1937ж. кафедраның меңгерушісі болып, Ленинградта атақты химик-методист В.Н. Верховскийдің жетекшілігінде кандидаттық диссертациясын қорғап келген, О.А.Суворова тағайындалды (1937-1967ж.ж.). 1957 ж Абай атындағы ҚазПИ химия кафедрасында аспирантура ашылғаннан соң, О.А.Суворованың жетекшілігімен бірқатар аспиранттар мен жетекшілер екі негізгі бағыт бойынша нәтижелі әдістемелік зерттеулер жүргізілді: пәнаралық байланыс пен дидактикалық зерттеулер. Химия пәні бойынша оқу-әдістемелік жұмыстың негізін құруға белсенді атсалысқан мұғалімдер: Н.И.Нұғманов, Ә.Ф.Сейітжанов, С.М.Мұсабеков, Б.К.Алмашев, А.Мырзабаев, К.А.Нұрымбетов, А.Г.Гатаулин [28].

1968-1978ж.ж. кафедраның меңгерушісі доцент С.Р.Омарова болды. Осы аралықта С.Р. Омарованың басшылығымен аспиранттар мен ізденушілер Н.Б.Баймұханов, Ә.Ф.Сейітжанов, М.Камалов, Л.Л.Увалиева каталитикалық гидрогендеудің механизмі мен кинетикасын зерттеудің электрохимиялық әдістерімен айналысты. Жасаған зерттеу жұмыстары Ә.Ф.Сейітжановтың (1972ж.), М.Камаловтың (1973ж.) кандидаттық диссертацияларының негізі болды. 1976ж. профессор А.Б.Фасман мен доцент Б.К.Алмашевтың басшылығымен К.А.Нұрымбетов кандидаттық диссертацияны қорғаған [29].

Химия кафедрасы: «Бейорганикалық химия мен химияны оқыту әдістемесі» және «Органикалық химия» кафедралары болып 1975ж. екіге бөлінді. Кафедраны Абай атындағы КазПИ түлектері профессор-мұғалімдер Н.И.Нұғыманов және Ә.Ф.Сейітжанов басқарды. 1987ж. кафедралар қайта «Химия және химияны оқыту әдістемесі» болып біріктіріліп, 2002ж. дейін кафедраны Ә.Ф.Сейтжанов басқарды.

XXI ғасырдың басында кафедраның зерттеулері мұнай-химия, полимерлі химия, қоршаған ортаның экологиялық мәселелеріне арналды. Профессорлар Ж.А.Шоқыбаев пен Н.К.Ахметовтың жүргізуімен кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстары жасалынды.

Ә.Ф.Сейтжанов 1993 жылы қазақ тіліндегі университеттерге арналған «Органикалық химия» оқулығын басып шықты және оған 2005ж. түзетулер енгізіп қайта басылды. Оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды дайындап баспаға шығаруда кафедра мұғалімдері белсенді атсалысты. Р.Х.Тургумбаева 1988ж. «Органикалық химия курсындағы диазоқозоқосылыстарды оқыту»; Х.Н.Жанбеков 2000ж. «Аналитикалық химия практикумы»; 2002ж. А.Н.Каримов «Аналитикалық химия негіздері»; 2007ж. А.Ф.Сейтжанов пен Г.Т.Азимбаева орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушыларына арналған «Химия» орысша, қазақша оқулығын; 2007-2008 жж. Х.Н. Жанбеков «Аналитикалық химия І», «Аналитикалық химия ІІ» оқулықтарын; Ж.Ә.Шоқыбаев «Бейорганикалық және аналитикалық химия» (2003ж.); Ж.Ә.Шоқыбаев, З.А.Өнербаева, Г.С.Қамиева, Ж.Р.Кожагулова «Бейорганикалық химия практикумы» (2004ж.); И.Н.Нұғыманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі» оқулығын қайта шығарды (2005ж.); Шоқыбаев Ж.Ә., З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесінің практикумы»; Шоқыбаев Ж.Ә., Габриелян орта білім беретін мектепке арналған «Химия» - 8, 9, 10, 11 сыныптарына арналған оқулықтары мен оқыту кешендері «Кітап» (2006ж.); Шоқыбаев Ж.Ә., Бегалиева Ж.У. «Жалпы химия практикумы» (2007ж.); С.Е.Абдугалина, К.Оқас, Ж.Ә.Шоқыбаев «Методика преподавания курса химии на основе системно-структурного подхода» (2009ж.); Шоқыбаев Ж.Ә. «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» және «Элементтер химиясы» (2010ж.); Мукатаева Ж.С. «Химиялық экология» (2010ж.); Жанбеков Х.Н. «Физикалық және коллоидты химия есептері мен жаттығулар жинағы» (2010ж.); Мукатаева Ж.С. «Табиғи және ақаба сулар химиясы» (2011ж.); Сейтжанов Ә.Ф., Азимбаева Г.Т., Назарымбетова Х.А. «Пособие для малого практикума по органической химии» (2012ж.); М.Ж. Жаксыбаев, З.С.Ахатова «Аналитическая химия» (2012ж.); М.Ж. Жаксыбаев, З.С.Ахатова «Физическая коллоидная химия» (2012ж.) оқулықтарын баспадан шығарды.

2002ж. бастап п.ғ.д., профессор Ж.Ә.Шоқыбаев химия кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Кафедраға химия, биология мен география пәндерін оқыту әдістемесі қосылғаннан кейін кафедраның аты «Химия және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасына өзгертілді.

2008ж. «Химия» кафедрасынының құрылымы өзгеріп: «Жалпы және органикалық химия» кафедрасы мен «Бейорганикалық химия» кафедрасы болып екіге бөлінді. «Бейорганикалық химия» кафедрасын п.ғ.д., профессор Ж.Ә.Шоқыбаев, «Жалпы және органикалық химия» кафедрасын п.ғ.д., профессор Н.К.Ахметов басқарды. 2014ж. кафедралар «Химия» кафедрасы болып қайта біріктіріліп, кафедраның меңгерушілік қызметін п.ғ.д., профессор Н.К.Ахметов атқарды. 2018ж. «Химия» кафедрасының меңгерушісі болып х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.С.Мұқатаева тағайындалды.

2014ж. Н.К.Ахметов пен Ж.Ә.Шоқыбаевтың «Химиялық сапалық талдауда инновациялық оқыту әдістемесі» мен «Орта мектеп, ЖОО химияны оқытудың сабақтастығы негізінде инновациялық оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» атты ғылыми еңбектерімен Абай атындағы ҚазҰПУ гранттарын жеңіп алды; 2018ж. профессор Н.К.Ахметов «Использование информационно-компьютерных технологии при обучении химии с помощью игрового обучения» атты еңбегі ҚР БҒМ жобасын ұтып алды.


ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына 2010ж. профессор Г.И.Мейірова қатысып, ал 2018ж. доцент Р.Х.Тургумбаева қатысып байқауды жеңіп алды [30].

Сурет-20. Химия кафедрасының еңбек сіңірген профессор-оқытушылары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет