1. Aбaй университетiнiң бiлiм беру бaғыттaрының тaрихын цифрлық технологиялaрдың көмегiмен қaрaстыру
Компьютерді немесе телефонды қосқаннан кейін оқушылардың әрқайсысы барлық параметрлердің жүктелуін күтіп, ғаламтордың болуын тексеруі керек. Жұмыс үстелінде 1-суретте көрсетілгендей шолғыштың мекен-жайы жолына URL мекен-жайы енгізіледі (https://abaiuniversity.edu.kz/). Сілтемеге өткенде университеттің басты мәзірі ашылады.
1-сурет
Оқушылар сайтта университет жайында кез келген ақпаратты ала алады. «Біз туралы» батырмасын басу арқылы 2-суретте көрсетілгендей Университет туралы; корпоративтік басқару; ректор; ғылыми кеңес; ректорат; университет құрылымы; «ЖОО-ның үздік оқытушысы» жайлы мәліметтер шығады. Мысалы, оқушылар университет жайлы мәлімет алғысы келсе Біз туралы→ Университет туралы батырмасын басып толық таныса алады.
2-сурет
«Университет туралы» бетіне өткенде, университеттің тарихы және университет ректорлары жайында мәлімет алады. Қосымша толығырақ танысу үшін «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректорлары» батырмасын басады.
3-сурет
Қазіргі таңда пандемияға байланысты оқу форматы қашықтықтан болғандықтан оқушылар үйінде отырып кез-келген кітапты немесе ғылыми жұмыстарды көре алады. Кітапханаға «Ғылыми кітапхана» батырмасын басу арқылы өтеді. Оқушыларға 4-суретегідей кітапхананың басты мәзірі ашылады.
4-сурет
Оқушылар ғылыми жұмыстар орындау барысында немесе сабақтарына керекті кез келген мәліметті кітапханадан ала алады. Кітапханада шетелдік кітаптарды, ондағы басылымдарды көре алады. Ол бетке өту үшін «Ресурстар» батырмасын басады. 5-суретте ресурстар бөлімін басқанда кітаптарға кіруге болатын сайттар тізімі шығады.
5-сурет
Оқушылар осы сілтеме арқылы https://search.ebscohost.com EBSCO сайтына кіреді. EBSCO – ақпараттық қызмет көрсету нарығында деректер қоры мен электронды сервистерді жетекші жеткізуші. EBSCOhost – әртүрлі тілдерде (ағылшын, француз, неміс, испан және т.б.) электронды форматта дүние жүзілік ғылыми мерзімді басылымдарға жылдам қолжеткізу мүмкіндігін беретін, көп функционалды іздеу платформасы. EBSCOhost деректер қорында Blackwell Publishing, Springer, Harward Business School, Taylor&Francis, Sage Publications және т.б. басылымдар ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |