Қaзaқстaн Республикaсының Бiлiм және ғылым министрлiгi
Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық университетi
«Қорғауға жіберілді»
Химия БББ
____________ Каражанова Д.Ә
___ ______ 2022 ж
|
|
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБA
Тaқырыбы: «Бейметалдар тарауын оқыту кезінде оқушыларға экологиялық тәрбие қалыптастыру»
Орындaғaндaр:
|
Алимұса Н. Б.
|
|
Әбдіғапбарова Г. Ғ.
|
|
Елемес Д. М.
|
Ғылыми жетекшi:
|
п.ғ.д., проф. Шоқыбаев Ж.Ә.
|
5В011200 – «Химия»
Aлмaты 2022
Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары
№
|
Жұмыс түрлері
|
Уақыты
|
Орындалуы туралы белгі
|
1
|
Зерттеу бағдарламасын құру
|
2020ж. қазан
|
|
2
|
Тақырыпты аналитикалық шолу
|
2020ж. қазан
|
|
3
|
Бастапқы эмпирикалық деректерді жинау
|
2020ж. қараша
|
|
4
|
Алынған ақпаратты өңдеу және талдау
|
2020ж. қараша
|
|
5
|
Жобалау- есептік жұмыстарды орындау
|
2020ж. желтоқсан
|
|
6
|
Дипломдық жобаның мәтіндік бөлімін дайындау және безендіру
|
2021ж. қаңтар
|
|
7
|
Көрнекілік (графикалық) материалдарды дайындау және рәсімдеу
|
2021ж. ақпан
|
|
8
|
Баяндама, демонстрациялық бөлімдерді дайындау
|
2021ж. наурыз
|
|
9
|
Дипломдық жобаны қорғау
|
2021ж. 31 мамыр
|
|
Тапсырма берілді « 13» қазан 2020ж.
Ғылыми жетекші:
|
п.ғ.д., проф. Шоқыбаев Ж.Ә.
|
Студент:
|
Алимұса Н. Б.
|
Студент:
|
Әбдіғапбарова Г. Ғ.
|
Студент:
|
Елемес Д. М.
|
КIРIСПЕ
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына зиянын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы мүмкін. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында «Қазастан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген. [1]
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз білім беру мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр.
Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегияық даму бағдарламасында оршаған ортаны ластануға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге көңіл бөлінгендік пен оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. [2]
Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» (1993 жыл) [3] және «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» (1994 жыл) атап көрсетілген. [4]
Жобаның өзектілігі: XXI ғасырды химия ғасыры деп сеніммен айта аламыз. Химиялық заттар адамдар өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Дегенмен техногенді даму өзінің пайдасы мен қатар, түрлі мәселені де ала келді. «Табиғат – сарқылмас байлық көзі, адамға керегінің бәрін беріп, қажетсізінің бәрін тастауға болатын түпсіз құдық» деген сананы өзгертіп, жаңаша ойлауға бағыттау, сөйтіп экологиялық сананы қалыптастыру - жедел қамдануды талап ететін ұзақ мерзімді шара. Бұл ұзақ мерзімді шараны біз оқушыларға химияны экологиямен байланыстыра оқыту арқылы тәрбие қалыптастырамыз.
Мaқсaты: Оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын, химия пәнін оқыту арқылы табиғатқа үлкен жауапкершілікпен қарауды үйрету
Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық көзқарас пен табиғатқа үлкен жауапкершілікпен қарауды үйрету
Бейметалдар тарауын оқыту барысында оқушыларға әр түрлі ойын, тәжірибе арқылы экологиялық тәрбие қалыптастыру
Химиялық экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмдерге тигізетін зиянын сабақсаттық ұстанымымен оқып білу
Мiндеттерi:
Бейметалдар тарауын оқыту барысында, өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардығ арасында болатын құбылыстың салдарынан туындайтын зиянды жағдайларды ашып көрсету;
Химиялық эксперимент нәтижесінде зауыттардан бөлінген бейметалдар (S, N, P) туындыларының зиянды жақтарын нақтылау ;
Бейметалдар тарауын экологиялық аспектілері арқылы химиялық – экологиялық ұғым мен көзқарасты қалыптастыру;
Химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен ұштастыру;
Химиялық экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |