1.3 Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау міндеттері мен құқықтары
ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МҮШЕ БОЛУ
Қауымдастық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерін біріктіру, олардың кәсіби сапасын және іс-тәжірибелік дағдыларын тұрақты жетілдіру үшін жағдай жасауға ықпал ету, олардың кәсіби мүдделерінің құқықтарын қорғауда материалдық, моральдық және құқықтық қолдау көрсету, ХҚТУ-де даярланған мамандарды тиімді орналастыруға ықпал ету, әлеуметтік, экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруына ықпал жасау мақсатында құрылады.Қауымдастықтың міндеттері:
1) барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнатуға және қолдауға көмектесу;
2) заманауи білім алушының мәдени өсуіне мүмкіндік жасай отырып, олардың рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру;
3) Ахмет Ясауи университеті түлектерін белсенді қоғамдық қызметке рухани бағдарлау және тарту мақсатыменен олардың неғұрлым дарынды бөлігінің жеке қабілеттерін айқындау;
4) Ахмет Ясауи университеті түлектері мәртебесінің абырой-беделін арттыруға көмектесу;
5) түлектердің кәсіби мүдделерін жүзеге асыруға ықпал жасау, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу;
6) семинарлар, конференциялар, дәрістер, курстар және насихаттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.Қызметтің лицензиялық түрлері тек заңнамаларда бекітілген тәртіптегі лицензияларды алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Қауымдастық өзінің құзіреттілігі шеңберінде барлық мүдделі кәсіпорындармен, қоғамдық және ғылыми ұйымдармен, заң орындарымен және атқарушы билікпен, шетелдік және халықаралық ұйымдармен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен бірге қызмет ете алады.
Қауымдастық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық қызметтермен тек өзінің ережесіне мақсаттарына сәйкес тиісті жетістіктерінде ғана айналысуға құқылы.Қауымдастық өз қызметінің бағыттарын, мәдени, эстетикалық, экономикалық, техникалық және әлеуметтік даму стратегияларын өзі анықтайды.Қауымдастық өзінің алдына қойған мақсаттарының жетістіктері үшін әрекет етуші заңнамаларға сәйкес мынадай құқықтарға ие: - өзінің қызметі туралы ақпараттарды еркін таратуға; - мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің, ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің, банкілердің, коммерциялық ұйымдардың, шетелдің мемлекеттік және басқа да мекемелері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген азаматтардың қаражаттарын ерікті бастауларда тартуға; - әрекет етуші заңнамалардағы тәртіппенен бұқаралық ақпарат құралдарын құруға және баспалық қызметті жүргізуге; - қоғамдық бірлестіктер туралы Заңдарда қарастырылған өкілеттіктерді толық көлемінде іске асыруға; - қоғам өміріндегі әр түрлі мәселелер бойынша бастамамен шығуға, мемлекеттік билік органдарында ұсыныстар қосуға; - сайлау науқандарына қатысуға; Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті УЕ-ХҚТУ-066-2017 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Түлектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ережесі 12 беттің 5-ші беті 5 - қоғамдық бірлестіктің мүшесі ретінде шығуға, қоғамдық бірлестіктердің қатысушысы болуға, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп, одақтар мен қауымдастықтар құруға; - тікелей халықаралық келісім-шарттар мен байланыстарды қолдауға; - өзінің құрылымдық бөлімшелерін – Қазақстан Республикасында ұйымдарын, бөлімшелерін немесе филиалдарын құруға; - баспалық қызметті, оның ішінде, редакциялық-баспа қызметін жүзеге асыруға, бюллетеньдер, конференция материалдарын және басқа да қажетті әдебиеттерді баспадан шығаруға; - әрекет етуші заңнамалармен тыйым салынбаған және Қауымдастықтың мақсаттары жетістіктеріне бағытталған кез келген басқа қызметті іске асыруға; - Қазақстан Республикасының заңнамаларын, көпшілік мақұлдаған өзінің қызмет саласына қатысты халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын, сондай-ақ оның құрылтайшылық құжаттарында қарастырылған нормаларды сақтауға; - өзінің қызметіндегі жариялылықты қамтамасыз етуге; - қоғамдық бірлестіктерді тіркейтін органдардың сауалнамасы бойынша басқарушы органдардың және Қауымдастықтың лауазымды тұлғалары шешімдерін ұсынуға, сондай-ақ, салық органдарына ұсынылатын мәліметтер көлеміндегі өз қызметі туралы жылдық және тоқсандық есептерді беруге; - Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып, мақсаттар жетістіктеріне байланысты Қауымдастық қызметімен танысуда тіркелген Қауымдастық органдары өкілдеріне көмек көрсетуге. Қауымдастыққа мүшелік ерікті болып табылады.Қауымдастық мүшесі Ахмет Ясауи университеті түлегі болып табылатын, Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттеріне ынтамақтық танытатын, мойындайтын және Қауымдастық қызметіне көмектесетін Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлға бола аладыҚауымдастық мүшесінің құқықтары: - Қауымдастықтың қолдауын, қорғауын және көмегін пайдалануға; - Қауымдастықтың жетекші және бақылаушы органдары сайлауларына қатысуға және оған сайлануға; - Қауымдастық өткізген іс-шараларға қатысуға; - Қауымдастық қызметіне қатысты ұсыныстар енгізуге, оларды талқылауға және іске асыруға қатысуға; - Мемлекеттік және басқа да органдарда, сондай-ақ оның сайлау органдарының тапсырмалары бойынша басқа ұйымдардың және азаматтардың қарым-қатынасында Қауымдастықтың мүдделерін көрсетуге; - Қауымдастық қызметі туралы ақпараттар алуға; - өз өтініші негізінде Қауымдастық мүшелігінен еркін шығуға. Қауымдастық мүшесі міндеттері: - Қауымдастық Ережесін сақтауға; - Қауымдастық қызметіне қатысуға; - Қауымдастықтың жетекші органдарының шешімдерін орындауға; - өзінің қызметін Қауымдастық жұмыстарының тиімділігін арттыруға бейімдеуге; - Қауымдастық Ережесін, жолдастық өзара қарым-қатынастардың этикасын бұзатын әрекеттерді, сондай-ақ Қауымдастық пен оның мүшелеріне моралдық немесе материалдық шығындар әкелетін әрекеттерді жасамауға, бірлестік басшылыққа алатын мақсаттар мен міндеттерге қарсы келетін қызметтерден қалыс қалуға. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті УЕ-ХҚТУ-066-2017 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Түлектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ережесі 12 беттің 6-ші беті 6 .Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау Қауымдастық Басқармасымен Басқарма мүшелерінің қарапайым басым дауыс беруімен жүзеге асырылады. Азаматтар Қауымдастық мүшелігіне жеке өтініші негізінде қабылданадыАтқарушы орган Қауымдастық мүшелерін есепке алып, тіркеуді жүргізеді. Қауымдастық мүшелерінің тізіміне енгізу және тізімінен шығару үшін Басқарманың тиісті шешімдері, сондай-ақ Қауымдастық мүшелерінің Қауымдастықтан шығару туралы өтініші негіздеме болып табылады.Қауымдастық мүшелеріне Қауымдастық мүшесі куәлігі берілуі мүмкін. Куәлік формасын Басқарма бекітеді.Қауымдастық мүшелері өзінің Қауымдастыққа мүшелігін Қауымдастық Басқармасына өтініш беру жолыменен тоқтатад.Қауымдастық мүшелері Қауымдастық мақсаттары мен міндеттеріне қарамақайшы қызметі үшін, сондай-ақ Қауымдастыққа сенімсіздік таныту әрекеті үшін, оған моральдық шығын әкелгені үшін шығарылуы мүмкін. Қауымдастық мүшелігінен шығару Басқарма мүшелерінің жалпы дауыс санының басым бөлігі негізінде жүргізіледі.Қауымдастық мүшелері өтініш берген сәттен бастап одан шығарылған болып есептеледі.