1.1 Ахмет Ясауи университеті түлектер қауымдастығы тарихы
«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (әрі қарай - Қауымдастық) коммерциялық емес және аймақтық қоғамдық ұйым болып табылады. Қызмет аймағы – Қазақстан Республикасы. Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге (әрі қарай - Ереже) сәйкес жүзеге асырады. Қауымдастық Қазақстан Республикасы азаматтарының және шет елдің азаматтары қатарынан - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерінің (әрі қарай – Ахмет Ясауи университеті) және Қазақстан Республикасының басқа да азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін жалпы мақсаттарының жетістіктері негізінде өз еріктерімен біріктіретін ұйым болып табылады. Қауымдастық атауы: Мемлекеттік (қазақ) тілдегі толық атауы – «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі; Орыс тіліндегі толық атауы – Общественное объединение «Ассоциация выпускников Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави»; Түрік тіліндегі толық атауы – «Hoca Ahmed Yesevi Uluslararası türk-kazak üniversitesi mezunlar derneği».
1.2 Ахмет Ясауи университеті түлектер қауымдастығының құрылым
ережесі
Қауымдастықтың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, 161200, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29. Университет қалашығы.
Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады, оны өз атынан алуына да болады және жеке мүліктік және мүліктік емес құқықты жүзеге асыра алады, міндеттемелерді атқарады, сотта арызданушы және жауапкер болады, меншік құқығында жекеленген мүліктерді иелене алады.
Қауымдастық толық құқыққа қабілеттілікті иелене отырып, өзінің Жарғылық қызметінің мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес кез келген мәселелерді шешуге, Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін кез келген әрекеттерді жасауға, ұсынылған барлық заңды құқықтарды қолдануға қатысуға құқылы.Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша барлық өзіне тиесілі мүліктерге жауап береді және өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мүшелер Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қауымдастықтың өз еркіменен одақтарға, қоғамдық бірлестік қауымдастықтарына кіруге, халықаралық келісім-шарттар мен байланыстарды орнатуға, тиісті келісімдер мен келісім-шарттар түзуге құқысы бар.
Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың қауымдастық қызметіне заңсыз араласуларына жол берілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |