Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі



бет3/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

Жоба жұмысының мақсаты:
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын орта мектептің 9-сынып оқушыларына оқытуда түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқыту әдістемесінің жаңа моделін, жаңа әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Жоба жұмысының міндеттері:
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жеткізу үшін келесідей міндеттерді анықтадық:

  • Оқушыларға Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының ерекшеліктерін анықтап, түсіндіру;

  • Пән бағдарламасына сүйене отырып «Құлагер» поэмасын меңгеруде оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістеменің тиімді жолдарын жасау;

  • Поэманы сыныпа және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытуға негізделген интерактивті әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын анықтау;

  • Зерттеудің құнды нәтижелерін, ұсыныстарын оқу-әдістемелік сайт түрінде даярлау.

Жоба жұмысынан күтілетін нәтижелер:
Жалпы орта білім беретін мектептің 9-сыныбында Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттырып, олардың эстетикалық көзқарастарын жетілдіруге, әдеби дамуын жаңа деңгейге биіктетуге, сондай-ақ, поэманың көркемдік ерекшілігін түсіндіру арқылы оқушы баланың санасында ұлттық құндылықтарды бағалай білу, адалдық, адамдық, тазалық, ана тіліне, туған жеріне деген асқақ сезімін оятуға ықпал етіп, жеке тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады. Оқушының шығарманы толыққанды игеруі және қызығушылықпен оқуын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың жаңа технологиялары берілген оқу-әдістемелік сайт ашылады.

  • Жоба жұмысының құрылымы:

  • Жоба жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

  • Жобаны іске асыру кезеңдері:

  • Бірінші кезеңде ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы нақтыланып, ғылыми-теориялық, зерттеу жұмыстары, әдістемелік материалдар жинақталып, сараланды;

  • Екінші кезеңде оқушылардың ой белсенділігін арттыратын танымдық тапсырмалар, шығармаларды оқытуда озық технология үлгілерін дайындап, оларды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді және сабақ барысында іске асырылды; Тиімді әдіс-тісілдерді анықтау барысында теориялық, тәжірибелік-экперименттік жұмыстар жүргізілді.

  • Үшінші кезеңде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, ғылыми-теориялық материалдар, оқытудың түрлі технологиялары, шығарманы меңгертудің жаңаша талдаулары берілген әдістемелік сайт құрылымы дайындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет