1-сызба. Оқушы бойында туатын психологиялық сезім
Оқушы бойында туатын психологиялық сезім
|
Психологиялық сезімнің туу себептері
|
Елестету сезімі
|
Қазақ халқының ұлттық салт-тұрмысын, табиғаттың сұлулығын, Жер жаннаты Көкшетаудың әсемдігін, Құлагердің тамаша мүсінін елестету.
|
Сүйсіну сезімі
|
Ақанның туған жеріне деген адал сезіміне, Құлагерді жан жолдасына теңеп сүйсіну.
|
Жек көру сезімі
|
Батыраш пен Қотырашың жаман пиғылы мен арам ниетіне, дүлей қара күш иелеріне ашу-ыза, кек, жек көру сезімін бастан кешеді.
|
Жаны ашу сезімі
|
Ақанның ауыр тағдырына, Құлагердің тасада жауыздардың қолынан мерт болуына жаны күйеді.
|
Өкініш сезімі
|
Қазақтың өз ішінде күндестіктің, көре алмаушылықтың сол кезден бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанына өкініш білдіреді.
|
Таңдану сезімі
|
Жүздеген аттардың ішінен Құлагердің алдына ат салмаған жүйрік екендігін танығанына таңдану.
|
Сабақ барысында оқушылардың поэмадағы негізгі оқиғаны қабылдауы олардың өзіндік танымымен, әр оқушының оқырмандық деңгейімен тығыз байланыста меңгертіледі.
І.Жансүгіров шығармаларын орта мектепте оқыту әдістемесінде бар әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын сараптап ұтымды түрде пайдалануымыз керек. Ақын шығармаларын оқыту әдістемесінде сабақтың маңызды және негізгі міндеті мен мақсаты ретінде баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға сәйкестендіреміз.
Оқушылардың көркем туындыға деген қызығушылығын арттырып, іскерлік, біліктілік дағдыларын қалыптастыруда ақын шығармаларын оқыту барысында «нені дамыттық, нені қалыптастырдық, неге тәрбиеледік?» деген проблема шешімін мына сызба түрінде айқындатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |