Металлургия зауыты – өндірістің толық металлургиялық циклі бар зауыт болып табылады.
Металлургиялық зауыттар өнеркәсіптің қалған барлық салаларын, соның ішінде ауыр және дәл машина жасау, құрылыс индустриясы, қорғаныс өнеркәсібі және металлургия зауыттарының өнімдерін шикізат ретінде қолданатын барлық кәсіпорындарды металмен және дайын металл бұйымдарымен қамтамасыз етеді.
Металлургиялық зауыт – негізгі технологиялық өндіріс объектілері мен оның қосалқы қызметтері өзара әрекеттесетін күрделі көпфункционалды касіпорын болып табылады.
Металлургия өнімдерін (аралық – шойын, балқыған металл; дайын өнім – прокат, металл бұйымдары, тұтыну тауарлары) өндіретін цехтар металлургия зауытының негізгі объектілері болып саналады. Қосалқы объектілер негізгі объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Оларға жөндеу цехтары, шикізат пен материалдары қоймалары, әкімшілік корпустары жатады.
Болат құю цехі — балқытылған металды қалыпқа құю жолымен фасонды бөлшектер мен болат дайындамаларын дайындайды. Оның қуысында талап етілетін бөлшектердің конфигурациясы болады.
Құю процесінде, суыту кезінде металл формада қатаяды және құйма алынады. Дайын бөлшек қажет болған жағдайда (өлшемдердің дәлдігін арттыру және беттің кедір-бұдырлығын төмендету үшін) кейіннен механикалық өңдеуге ұшырайды.
Термиялық өңдеу цехында тазалау, кесу, грунтовкалау, ақауларды түзету және құймаларды термиялық өңдеу жүргізіледі.
Оттегі станциясы және компрессорлық цех металлургиялық өндірісті технологиялық оттегімен және сығылған ауамен қамтамасыз етеді.
Электр жөндеу цехі – жабдықты жөндеу және дайындауды жүзеге асырады.
Сорғы цехі – зауыттағы технологиялық процестер мен салқындату жүйелерін сенімді сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Қазандық цехі - жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік бу жүйесін құрады. Қалыптар мен сыйымдылықтарды қыздырып, тазалайды.
Саз балшық дайындау бөлімінде қалыптау материалдарын дайындайды. Бастапқы материалдар ретінде қалыптау кварц құмдары және құю қалыптау саздары қолданылады. Балшықтар байланыстырушы қабілетке және термиялық тұрақтылыққа ие, бұл құймаларды күйіксіз алуға мүмкіндік береді.