Дипломдық жобаның көлемі, мазмұны және әрленуі



бет1/9
Дата06.01.2022
өлшемі39,47 Kb.
#13346
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дипломдық жобаның көлемі, мазмұны және әрленуі.

Дипломдық жоба есептеу түсіндірме жазбахаттан, графикалық бөлімнен және типтік немесе нақты адам тұлғасына арнап тігілген дайын бұйым үлгісінен тұрады.

Есептеу түсіндірме жазбахат МЖСТ 2.105-95 – «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар»-ға сай рәсімделеді. Есептеу түсіндірме жазбахат көлемі суреттермен бірге қосқанда 60-70 баспа бетті құрауы қажет. Мәтіндік жұмыс компьютер және принтер көмегімен А4 форматты ақ қағаз бетінің бір жағында жасалуы тиіс. Мәтінді компьютерде тергенде №14 шрифт (14-ші кегль, шрифт Times New Roman; Times Kaz шрифттерімен, жолдар аралығы – 1,5) және кесте ішіндегі мәтінге №12 шрифт қолданылады.

Әр парақтың шеттері шартты жиектемемен шектелуі қажет. Түсініктеме хаттың әр бөлімінің бірінші бетінде мәтіннің бірінші жолын парақтың сол жағынан 30 мм, үстінен, оң жағынан 15 мм қалдырып бастайды; ал мәтіннің төменгі жолынан парақтың шетіне дейін 65 мм қалдырылуы қажет. Бөлімнің келесі беттерінде парақтың шартты жиектемесі сақталады, тек төменгі шекарасы өзгереді: мәтіннің төменгі жолынан парақтың шетіне дейін 30 мм қалдырылады. Бұл құжаттарды әрлеуге қойылатын талаптармен байланысты: әр бөлімнің бірінші бетін жаңа беттен бастау қажет және осы бірінші бет биіктігі 45 мм штамппен әрленеді; бөлімнің келесі беттері биіктігі 15 мм штамппен әрленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет