Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Клиникалық жағдай №3 
24 жасар науқас, дәрiгерге келесi шағымдармен келдi: iрi 
буындарының ауырсынуы, ентiгу, жүрегінің қағуы, қызуының 39
0
С дейiн 
көтерiлуi, қалтырау, тершеңдiк. “Ревматизм, митраль қақпақтарының 
шамасыздығы” – диагнозымен диспансерлiк есепте тұрады, 3 ай бұрын 
тiсiн жұлдырған, сонан берi жоғарыдағы шағымдар мазалайды. 
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары 
қуқыл, конъюнктивасының қыртыстарында қан құйылу нүктелерi бар. 
Лимфалық түйiндерi ұлғаймаған. Қимыл-тiрек жүйесi өзгерiссiз. Өкпесiнде 
везикулалық тыныс. Жүректің шала тұйықтық дыбысының шектерi: оңы – 
1,5см төстiң оң қырынан оңға; жоғарысы – III қабырғада; солы – бұғана 
орта сызығынан 1,5см сыртқары анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, 


66 
жүрек ұшында систолалық шу, сол қолтық астына тарайды, оң II 
қабырғааралық пен Боткин-Эрб нүктесiнде диастолалық шу. АҚ 150/40 мм 
сын. бағ. Iшi жұмсақ, оң қабырға асты ауырады, бауыры қабырға 
доғасынан 3см түсiңкi. Талақтың (көк бауырдың) шетi cипауға iлiнедi. 
Қанның анализінде: Hb 100 г/л, эрит. 3,1х10
12
/л, түстік көрсеткіші 
0,9, лейк. 12х10
9
/л, т/я 12%, с/я 69%, лимф. 15%, мон. 4%, ЭТЖ 47 
мм/сағ.
Несеп анализінде: салыстырмалы тығ. 1017, белогі 0,033 г/л, эпит. кл. 
2-3 к/а, лейк. 5-6 к/а, эритроциттері жаңа және ескiргені 4-6 к/а. 
1. Жетекші синдромдары. 
2. 
Аорта қақпақтары шамасыздығының тікелей қақпақтық, сол 
қарыншалық және перифериялық белгілері. 
3. Тексеру жоспарына қосатын диагноздық дәлелді тәсілдер? 
4. Клиникалық диагнозы. 
Жауаптары:
1. 

жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: митраль 
қақпақтарының щамасыздығы анамнезінен анық ревматизмдік, 
сонымен қатар, бактериемиядан кейін 2-3 айдың ішінде дамыған 
аорта қақпақтарының шамасыздығы бар; 
* кардиомегалия синдромы
* полиартралгия синдромы; 
* гемодинамикалық АГ синдромы; 
* иммунокешендік васкулит (Лукин-Либманның геморрагиялық 
дақтары), нефрит синдромы; 
* анемия синдромы. 
2. Аорта қақпақтары шамасыздығының тікелей қақпақтық, сол 
қарыншалық және перифериялық белгілері.
Қақпақтық белгілері: 
1.
Оң жақ ІІ қабырғааралығындағы және Боткин нүктесіндегі протодиас-
толалық әлсіз шу. Бұл шу‚ регургитация бағытымен жүрек ұшына 
таралуынан‚ Боткин нүктесінде естіледі‚ оның ұзақтығы ақаудың көлеміне 
тәуелді‚ пішіні – бәсеңдей түсетін. Горизонталь қалыпта немесе науқасты 
алға еңкейтіп‚ болмаса қолдарын көтертіп және тынысты барынша 
шығартып тыңдағанда шу жақсылау естіледі (Сиротинин-Куковеров 
белгісі). 
2.
Аорта нүктесінде ІІ тонның әлсіреуі немесе жойылуы (қолқа компо-
нентінің әлсіреуінен).


67 
3.
Салыстырмалы митраль стеноздың болуынан Флинт шуының естілуі 
(оралған қан ағымы митраль қақпақтың алдыңғы жармасын астынан ұрып 
көтеруінен‚ митраль тесік бұл кезде тарылады). Флинт шуы жүрек ұшынан 
естіледі. Митраль стеноздан айрықша мұндағы І тон сартылды болмайды. 
4.
ФКГ ІІ тон амплитудасының аласаруы (аорта компонентінің әлсіре-
уінен) және ІІ тонмен тұтасып басталатын‚ бәсеңдей түсетін 
протодиастолалық шу тіркеледі. Шудың ұзақтығы ақаудың көлеміне 
тікелей тәуелді. Аорта компонентінің әлсіреуінен І тонның да амплитудасы 
қысқарады. 
5.
ЭхоКГ оралған қан ағымының ұруынан, митраль қақпақтың алдыңғы 
жармасының вибрациясы, кейде аорта қақпағының өзгерістері байқалады. 
 Сол қарыншалық белгілері:
1.
Сол жақ бүйірде жатқанда және күш түскенде жүрек түртуін сезіну. 
2.
Жайылма‚ күмбез тәрізді солға және төмен (VІ‚ VІІ‚ VІІІ қабырға- 
аралығына дейін) жайылған жүрек ұшы түрткісі.
3.
Сол қарыншаның гипертрофиялануынан жүректің шала тұйықтық 
шегінің солға және төмен қарай кеңуі.
4.
ІІІ қосымша тон (диастола кезінде мол құйылған қанның екпінінен сол 
қарыншаның аса керілуінен болатын). 
5.
Рентгендік тексеруде – жүректің аорталық конфигурациясы. 
6.
ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиялану синдромы. 
7.
ЭхоКГ: сол қарынша қуысының кеңуі‚ қабырғасы мен қарыншааралық 
қалқаның қалыңдауы. 
8.
Аорта шамасыздығының “митральденуі” (сол қарынша қуысының 
кеңуінен сол атривентрикулдік тесіктің сақинасы созылып‚ митраль 
қақпақтың салыстырмалы шамасыздығын туғызады‚ сондықтан жүрек 
ұшында І тон әлсірейді және систолалық шу пайда болады). 
“Шеттік” белгілер‚ 
бұлардың екі тобын айырады: 
1.
 
Мүшелерді 
қанмен 
қамтамасыздандырудың 
жеткіліксіздігінен 
болатын белгілер: 

тері жамылғыларының бозаруы (шеттік тамырлардың түйілуінен); 

бас айналу‚ талмаға‚ ортостаздық жағдайларға түсуге (синкопелерге) 
бейімділік; 

бастың солқылдап ауыруы; 

құлақтың шуылдауы; 

көз көру бұзылыстары; 

стенокардия ұстамалары; 

мазасыз ұйқы. 
2.
Артериялық қысымның секіруінен болатын белгілер 
(систолалық 
қысым ыршып биіктейді‚ диастолалық қысым күрт төмендейді‚ 
мәселен 160/0 мм сын. бағ.) 


68 

Мюсси белгісі (систолада – бастың артқа‚ диастолада – алға еріксіз 
қозғалысы); 

“каротидтер биі”‚ кейде бүкіл тұлғаның пульсациясы; 

Мюллер белгісі – бадамша бездерінің және тілшенің пульсациясы; 

тілшенің пульсациясынан жұтқыншақта “сағат сыртылын” сезіну; 

тілдің пульсациясы (тіл түбірін шпательмен басып тексергенде 
көрінетін); 

Ландольфи белгісі (көз қарашығының систолада тарылуы‚ диастолада
кеңеюі); 

көз түбі тор қабығының пульсациясы; 

псевдокапиллярлық Квинке пульсі (артериолалар пульсациясынан бола-
ды‚ оны теріні қызартқан жерінен немесе ерінді әйнекпен басып 
қарағанда байқауға болады); 

Корриген пульсі (биік‚ үлкен‚ тез); 

систолалық қысымның биіктеуі‚ диастолалық қысымның төмендеуі‚ 
осыған байланысты пульстік қысымның ұлғаюы (80-100 мм сын. бағ.); 

Траубенің қос тоны және Дюразье-Виноградовтың қос шуы; 

артериялық 
қысымды 
өлшегенде 
“үзіліс” 
белгісінің 
болуы 
(манжетадағы қысым 40-60мм сын. бағ. шамасында Коротков 
тондарының жойылуы‚ ал қысымды әрі қарай төмендетіп‚ 30-50мм сын. 
бағ. дейін түсіргенде тондардың қайтадан естіліп‚ нөлге келгенше 
сақталуы).
Бұл ақаудың қалған белгілері (өкпе гипертензиясының және оң 
қарыншаның 
гипертрофиясы‚ 
дилятациясы‚ 
декомпенсациясына 
байланысты) митраль ақаулар тақырыбында суреттелгенмен бірдей. 
3. 
НБТ 
тест, 
ЭхоКГ, 
ЦИК-дерді 
(циркуляциядағы 
иммунокешендерді) анықтау, қанның оң гемокультурасы. 
4. 
Негізгі 
ауруы: 
Инфекциялық 
екіншілік 
эндокардит, 
белсенділігінің III дәрежесі, жедел барысты, аорта қақпақтарының 
шамасыздығымен. 
Созылмалы 
ревматизмдік 
ауру, 
митраль 
қақпақтарының шамасыздығымен. 
Асқ.: ЖШФК
ІI



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет