Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет13/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Дилятациялық 
кардиомиопатияның 
(ДКМП) 
диагноздық 
критерийлері:
 
жүрек қыспасы тәрізді ауырсынулардың және тәж 
шамасыздығы белгілерінің (коронарогенді кардиалгия тәріздес) пайда болу 
уақыты – жүрек шамасыздығымен қатар немесе одан кейін пайда болады; 
жүрек камераларының ұлғаю ерекшелігі (кардиомегалия синдромы) – 
жүректің барлық камералары тұтас ұлғаяды; митраль және үш жармалы 
қақпақтардың салыстырмалы шамасыздығы шуларының болуы – тән; басқа 
тамырлардың (мидың‚ аяқтардың‚ аортаның) атеросклерозбен зақымдануы – 
міндетті емес; ЭхоКГ (сол қарыншаның артқы қабырғасы мен 
қарыншааралық қалқа қозғалысының суммалық амплитудасы – 1,3 см тең 
немесе одан кем болады) [13,14,15,17,18]. 
Миокардтың 
трансмураль 
инфарктінде 
папиллярлық 
бұлшықеттің
 
жыртылуы митраль қақпақтың жедел шамасыздығына 
жалғасады. Бұл кезде өкпе лезде ісінеді және кардиогенді шок дамиды. 
Папиллярлық бұлшықет көбіне сол қарыншаның артқы қабырғасының 
инфарктінде жыртылады. Жүрекіші жыртылыстар 100% өлімге соқтырады‚ 
бірақ дер кезінде жасалған кардиохирургиялық операция адамның өмірін 
50% жағдайда сақтап қалады [13,17]. 
Жүрекішілік жыртылыстары УДЗ‚ вентрикулография әдістерімен 
нақты анықталады. Диагнозын қоюда сүйенетін критерийлер: 

инфаркке 
тән 
ангиноздық 
статус 
синдромы 
немесе 
оның 
эквиваленттері (атиптік ауырсыну синдромдары: аритмиялық, астмалық, 
абдоминдік, перифериялық орналасқан ауырсыну және орталық нерв 
жүйесінің зақымдану клиникасымен) және оған еретін келесі физикальдік 


22 
белгілердің болуы: перикард үйкеліс шуы‚ жүрек маңында патологиялық 
пульсацияның пайда болуы‚ АҚ төмендеуі‚ ырғақ бұзылыстары‚ жүректің 
жедел шамасыздығы; 

ЭКГ ошақты өзгерістер: миокард инфарктіне тән белгілер және 
олардың инфаркке тән уақытқа тәуелді динамикалық құбылыстары; 

резорбциялық-некроздық синдромның белгілері: дене қызуының 
биіктеуі‚ қан анализіндегі лейкоцитоз‚ анэозинофилия‚ лейкоцитоз бен 
ЭТЖ-ның “қайшылығы”‚ гиперферментемия (тропониндердің, КФК-ның‚ 
КФК-БЕ (МВ) фракцияның‚ ЛДГ-1 және АсТ активтілігінің биіктеуі). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет