11
Аңдатпа
Дипломдық жобаның тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан политехникалық
колледжінің рейтинг тақтасы (PHP+MySql)
Дипломдық жобаның мақсаты колледждің кураторлары мен топ
оқушыларының жеткен жетістіктерін, колледжде болып жатқан іс – шараларды
енгізіп жүйенің басты бетіне автоматты түрде жариялап отыратын рейтинг
бағалау жүйесін құру. Есептің берілу тәсілі, есептің шешу алгоритмі,
қолданушы мен бағдарламалаушыға нұсқаулар да қарастырылған. Жалпы білім
ордаларына арналған бұл жүйе студенттер мен мамандықтар арасында
бәсекелестікті арттыруға, соның себебінен білім сапасының жоғарлауына, ата-
аналар мен колледж арасын жақындатуға септігін тигізеді.
Жалпы дипломдық жоба барлық жағынан толық қамтылған және
қолданысқа енген.
Аннотация
Тема дипломной работы: Рейтинг доска Южно-Казахстанского
политехнического колледжа (PHP+MySql)
Цель данного дипломного проекта является составить рейтинговую
систему оценивания кураторов и студентов групп, их оценок, научных
проектов. В данном проекте расматривался алгоритм решения задач и
применения для пользователя и программиста. Эта система предназначена для
повышения конкуренции между студентами разных специальностей, и
соответсвенно увеличения качества знаний, а так же установить связь между
родителями и колледжем.
Дипломный проект полностью и разносторонно расмотрен и уже
применяется в данном учебном заведении.
Annotation
Theme of this diplom proekt is: Rating Board of South Kazakhstan Polytechnic
College (PHP + MySql)
The aim of this diploma project is to make a rating system evaluation curators
and students groups, their assessments, scientific projects. In this project we are risen
algorithm for solving and application for user and programmer. This system is
intended to increase competition between students of different specialties, and
correspondingly increase the quality of knowledge, as well as to establish
communication between parents and college.
This diplom project fully and versatilly reviewed and is already used in this
institution.
12
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................................................14
1. Аналитикалық бөлім ....................................................................................................................16
1.1 Ақпараттық технологияларының оқу процесін басқаруда қолданылуы.... ........................16
1.2 Пәндік облысты зерттеу ...........................................................................................................18
1.2.1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қысқаша сипаттамасы ....................18
1.3 Оқу процесін автоматтандыру ................................................................................................24
1.3.1 Оқу процесі басқару объектісі ретінде ..............................................................................24
1.4 Қазіргі уақытқа бар оқу процесін басқару жүйесі аналогтарын талдау ..............................28
1.5 Есептің қойылуы .......................................................................................................................29
2. Жобаны жүзеге асыру үшін инструменталды құралдарды таңдау ..........................................31
2.2 Есептің шешілу алгоритмі .......................................................................................................33
2.2.1 HTML-де BODY элементiмен жұмыс ...............................................................................33
2.2.2 Мәтiндi абзацтарға бөлу .....................................................................................................34
2.2.3 Тақырыптармен жұмыс .......................................................................................................35
2.2.4 Мәтiн фрагменттерiн безендiру. Қаріптермен жұмыс .....................................................36
2.3 РНР туралы негізгі ұғымдар ....................................................................................................38
2.3.1 РНР дің пайда болуы және даму тарихы ...........................................................................39
2.3.2 PHP-да айнымалылар және экранға шығару .....................................................................41
2.3.3 Қарапайым логиткалық және шаррты операторлар: ........................................................43
2.3.4 Уақыт пен мерзім: ...............................................................................................................45
2.3.5 Қатарлармен жұмыс ............................................................................................................48
2.4 Php және MYSQL .....................................................................................................................50
2.5 HTML негiздерi .........................................................................................................................51
2.6 Javascript – скрипті бағдарламалау тілі ..................................................................................53
2.7 CSS бағдарламалау тілі ............................................................................................................55
2.8 Дерекқорды таңдау. MySQL дерек қоры................................................................................57
3 Web – жүйені құруда жобалау және оны іске асыру ................................................................59
3.1 Пәндік облысты UML құралдарымен талдау ........................................................................59
3.2 Дерек қорының реляционды қатынастарды құрастыру ........................................................61
3.3 Жүйе интерфейсінің сипаттамасы ..........................................................................................61
3.3.1 Бөлім меңгерушісінің беті ..................................................................................................63
3.3.2 Куратор беті .........................................................................................................................65
3.4 Бағдарламашыға нұсқау ...........................................................................................................68
3.5. Пайдаланушыға нұсқау ...........................................................................................................70
4 Тіршілік қауіпсіздігі ......................................................................................................................71
4.1 Программалық өнімді жасау кезінде зиянды, потенциалдық факторларды талдау ..........71
4.2 Кондиционерлеу жүйесін есептеу...........................................................................................73
4.3 Табиғи жарықты есептеу .........................................................................................................77
13
4.4 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды ..............................................................80
5 Технико – экономикалық негізделуі ............................................................................................81
5.2 Нарықты саралау және орнын анықтау .................................................................................81
5.3 Бағдарламаның SWOT-анализі ...............................................................................................82
5.4 Маркетинг-микс элементі ........................................................................................................82
5.5 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі .............................83
5.5.2 Еңбекақыға жұмсалатын шығындар ..................................................................................84
5.5.3 Қосымша шығындар статьясы ...........................................................................................85
5.4 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі мен диаграммасы ..............................................................88
5.6 Бағдарламаның бағасына есептеу ...........................................................................................90
5.6.3 Бағдарламалық өнімді иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі шығындарын
есептеу ...............................................................................................................................................90
5.6.4 Қолдану саласындағы жылдық шығындарды есептеу .....................................................91
5.6.5 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу...........91
5.7 Ақшалай құралдардың қозғалысы ..........................................................................................93
5.8 Экономикалық тиімділікті есептеу .........................................................................................94
5.8.1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) .......................................94
5.8.2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) ................................................................94
5.8.3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) .......................................94
5.8.4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) .........................................................95
Қорытынды........................................................................................................................................97
Әдебиеттер тізімі ..............................................................................................................................98
Қосымша А ........................................................................................................................................99
14
Кіріспе
Алғашқы қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар
барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды
дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.
Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы
компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге,
тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын
пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік
береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады. Осындай
компьютерлерлік программаларды ойлап шығару және дамыту ғылыми және
тәжірибелік әрекет салаларында жаңа технологиялардың пайда болуына әкеліп
жатыр. Осындай салалардың бірі - білім беру болып табылады. Білім беру-
жүйеленген білім, дағды және шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа тарату процесі. Өзі
алып ақпараттық сала болып, әр түрлі классикалық (компьютерлік емес)
ақпараттық жүйелерді қолдану тәжірибесіне ие бола тұра білім беру саласы
қазіргі заманғы жаңа техниканың мүмкіндіктеріне тез назар аударды. Біздің көз
алдымызда оқумен байланысты дәстүрлі емес ақпараттық жүйелер пайда болып
жатыр.
Қазіргі заманғы жоғарғы және орта білім беретін оқу орындары да жаңа
жетістіктерді қолданып жатыр. Оған жаңалық ретінде рейтинг жариялау
кестесін құрастыру әлі де жиі қолданысқа енбеген. Колледждің рейтинг
жариялық және жарнамалық қызметін атқарса, екінші жағынан көбінесе білім
беру процесінің іскерлік және нормативті жақтарын сипаттайды.
Қазіргі уақытта оқу жүйесінің процесінде көптеген жаңа енгізулер пайда
болып жатыр. Оқу процесі студенттерден білім алу мен өз оқу жоспарын
ұйымдастыруда көбірек өз бетімен әрекет етуді талап етеді. Сол себептен
студенттерде өз үлгерімін басқару мен оқу жоспарын ұйымдастыруда
қиындықтар туындайды. Осындай түрдегі мәселелерді шешу үшін
университетке арналған PHP тілінде ОҚПК студеттерінің жетістіктері
жарияланып отыратын жүйе құру ұсынылады. Берілген аспектілер тақырыптың
өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың жаңалығы – қазіргі кезде жарнамалық және ақпараттық
типтегі қазақстандық колледждер жүйелерінің болуына қарамастан, олардың
көпшілігінде студенттердің оқу процесіне бәсекелестік, ыңғайлылық тудыруға
арналған кең функционал қарастырылмаған. Осылайша, бұл мәселе қазір
шешілмеген күйде. Ұсынылып отырған жоба бірнеше мәселелердің шешілуін
жүзеге асырады. Бұл порталда әр студент рейтинг тақтасынан өз тобы және
өзіне тиесілі барлық ақпаратқа ие болады, олар: топ үлгерімі, білім сапасы,
үздік оқушылар саны, үлгермеушілер саны, сабаққа қатысуы, тәртібі, құқық
бұзушылық, шығармашылық, ғылыми-ізденіс жұмыстары, топтың қоғамдық
жұмыстары жалпы қорытынды рейтингі және т.б. [1].
15
Жобаның басты мақсаты: PHP тілінде ОҚПК студеттерінің оқу
процессінің керекті ақпараттары және жетістіктері жарияланып отыратын жүйе
құру. Бұл жүйе арқылы кез-келген студент және колледж қызметкері өзі
қызықтыратын топтың үлгерімін, сабаққа қатысуын және басқа да жетістіктерін
қадағалай алады. Осы мақсаттарға жету үшін PHP, HTML, CSS тілінің
қолданыс саласын жан-жақты меңгеру керек және коледжде оқу барысындағы
кездескен қиындықтарды керек. Бұл жүйе жаңа ғасыр студенттеріне бірден –
бір көмекші.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
PHP, HTML, CSS тілінің қолданыс саласын жан-жақты меңгеру керек
және коледжде оқу барысындағы кездескен қиындықтарды керек. Бұл жүйе
жаңа ғасыр студенттеріне бірден – бір көмекші.
Білім беру процесінде Интернет технологияларын қолдану шарттарын
талдау.
Колледждерге арналған басқару құралдарының қазіргі кезде бар
аналогтарын, олардың құрамы мен функцияларын зерттеу.
Орта білім беретін колледждердің оқу процесінің ерекшеліктерін
ескере отырып, WEB - жүйесінің құрылымын дайындап, оны жүзеге асыру.
Дипломдық жоба бес бөлімнен тұрады.
Аналитикалық бөлімде осы мәселенің қазіргі таңдағы күйі, оқу процесін
автоматтандырудың ерекшеліктері мен мәселелері және бұл жобаны іске асыру
үшін қолданылатын инструменталдық құралдар қарастырылған. Дипломдық
жұмыстың жобалық бөлімінде порталдың құрылымын UML тілінің құралдары
арқылы талдау, оның қаңқасын құру және дерекқорды жобалау сипатталған.
Бұл бөлімде порталды жобалау және оның іске асырылуы бойынша толық
ақпарат қамтылған. Тәжірибелік бөлімде құрылған бағдарламалық өнімнің
интерфейсі сипатталып,оны қолдану бойынша нұсқаулар берілген. Нұсқаулар
визуалды түсіну үшін схемалар мен суреттермен толықтырылған.
Жұмыста бағдарламалық өнімді қолдану кезіндегі еңбек шарттарын
талдау жүргізілген.
Экономикалық бөлімде жобаның экономикалық тиімділігін дәлелдейтін
бизнес-жоспары құрылған.
Аяқтай келе жоба бойынша қорытындылар жасалды, оны қолданысқа
енгізу және ары қарай жетілдіру жолдары анықталды.
16
1. Аналитикалық бөлім
1.1 Ақпараттық технологияларының оқу процесін басқаруда
қолданылуы
Қазіргі заманда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар ерекше
орын алады. Компьютерді қолдану дағдарысы, күнделікті жұмыста ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологияларды,
интернет
желісінің
мүмкіндіктерін қолдана білу - қазіргі күннің шындығы. Ақпараттық
технологиялар оқу процесінің ұйымдастырылыуының өзгерістерістеріне алып
келеді. Олардың білім жүйесінің ұйымдыстырылуы мен білім беруші
мекемелерді басқарудағы нақты рөлі мен орнын анықтау өте маңызды.
Сондықтан білім беру жүйесінің ақпараттандырылуының екі бағыты бар:
ақпарат технологияларын тікелей оқу процесіне енгізу және білім беруді
басқару жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру мекемесінің қызметі басшылар мен олардың орынбасарлары
ақпаратқа қаншалықты ие бола алатындығына, олар ақпаратты қаншалықты
тез өңдеп, оқу процесінің қатысушыларына жеткізе алатындығына тікелей
байланысыты [1]. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
басқару қызметінің сапасы мен мәдениетін айтарлықтай жоғары деңгейге
көтеруге, даму режимінде жұмыс жасауға арналған қорларды құруға мүмкіндік
тудырды. Білім беру жүйесін кешенді ақпараттандыру шарттарындағы оқу
процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызатын факторлар:
оқу мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерден ақпаратты алу
шапшаңдығы;
тура және кері ақпарат ағындарының төмендеуі;
есептілікті алу мен өңдеу шапшаңдығы;
нормативтң қорлар, материалды-техникалық қорлар, оқу орнының
кадрлық құрамы және педагогтардың жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты
жүйелік сақтау және тез қолдану;
ағымдағы ақпаратты талдау, бақылау және дайындау функцияларын
іске асыруға мамандардың уақытын үнемдеу;
компьютерлік техника мен бағдарламалық өнімді сәйкестендіру;
ақпаратты бейнелеудің, оқу сабақтарының жаңа формаларын,
педагогикалық және басқаруға арналған жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану;
білім сапасын бағалау механизмін сүйемелдеудің компьютерлік
жүйесін жүзеге асыру;
компьютерлік оқыту желілерінің кең мүмкіндіктерінің арқасында
педагогтардың методикалық жұмысын күшейту.
Оқыту процесінде педагогикалық қызмет шеңберінде компьютер
келесідей қолданылады:
17
әр түрлі объектер мен процестерді моделдеу, оқу материалдарын
баяндауда, лабораториялық және практикалық жұмыстарды өткізген кезде
көрнекілік деңгейін арттыру үшін арналған дидактикалық құралдар ретінде;
білім беру құрамын жүйелеу және логикалық реттеу үшін, жаттықтыру
және білімді тексеру үшін;
оқушылардың дамуын психологиялық-педагогикалық бақылау үшін.
Бұл бағытта дайын және мұғалімдер немесе студенттер құрған бағдарламалық
өнімдер қолданылады. Оған электронды оқулықтар, оқуға арналған
анықтамалар мен есептер жинақтарының дерек қоры.
Соңғы жылдарда қазіргі оқуды Интернет қорларын қолданусыз көзге
елестету мүмкін емес. Интернет желісі білім беру қызметтерінің алып
мүмкіндіктерімен қамтылған. Желі арқылы Интернет-дүкендерден кітаптар
алынады. Интернеттің білім ресурстарын зерттеу бойынша жұмыстар әрдайым
жүргізіледі.
Басқару кадрларының қызметі үшін де ақпараттық технологияларды
енгізу мәселелері өзекті болып табылады. Қазіргі заманғы басшылар өсіп келе
жатқан ақпарат ағынында бағдарлану үшін компьютер мен байланыс
құралдарының көмегімен ақпаратты алып, өңдеп, қолдана білу керек. Басқару
қызметінің тиімділігі көбінесе кадрлардың дайындық деңгейімен анықталады.
Себебі ақпараттық технологияларын әкішілік жұмысты жүргізуде қолдану
педагог қызметін күшейтуге септігін тигізеді. Егер оқу орнын басқарушы өзі
басқаруда ақпараттық технологияларды қолданса, және оны оқыту процесіне
енгізудің аса маңыздылығын түсінсе, ол ақпараттық ұжымды құратын
мұғалімге барынша ықпал етеді.
Жоғары және орта білім оқу орнының басшысының басқару қызметі
зияткерлік және ғылыми болып бара жатыр. Басшылар ақпаратық
технологияларды есептер құрғанда, оқушылар мен оқытушылардың дерек
қорын жасағанда, іс жүргізуде, нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс
жасағанда, оқулық-методикалық жұмыстар мен келісімшарт қызметін
ұйымдастырғанда қолданады.
Ақпараттық технологияларды жоғарғы және орта оқу орнын басқаруға
енгізу келесі мүмкіндіктерді береді:
құжаттармен жұмысқа кететін еңбек шығындарын үнемдеу;
басқарушылық шешімдерді қабылдауға кететін уақытты үнемдеу;
комуникативті(ақпараттық) мәдени басқаруды арттыру.
Ақпараттандырудың басқарудың барлық дерлік функцияларына маңызды
әсері білім беруді қазіргі заманғы басқару ақпараттық ағынды басқаруға
айналып бара жатқандығымен түсіндіріледі. Ол өз кезегінде техникалық және
педагогикалық сипаттағы тапсырмалардың тізбегіне бөлінеді:
ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ету;
оны тұтынушылардың шеңберін анықтау;
18
ақпаратты қолданушы тек өз деңгейінде ғана алуға рұқсаты
болатындай етіп ұйымдастыру.
Ең бастысы - ақпараттық технологияларды колледжді басқаруда қолдану
тек мақсатты орындауда ғана емес, сонымен қатар жоспарлау, басқару және
бақылау сияқты функциялардың экономикалық тұрғыда шығындарын азайтуға
жақсы әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |