Директордың ожж



Дата13.04.2023
өлшемі22,48 Kb.
#82174

«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ

БЕКІТЕМІН


Директордың ОЖЖ
орынбасары
____________ Г.Х.Хайржан
___ _________20____ж.
Бақылау жұмысы
2022/2023 оқу жылы
Модуль/ Пән ОН 1.3.Бөлшектер мен құрастыру қондырғыларының сызбаларын орындау

Мамандық 1201000 - Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және


пайдалану

Орал 2022


1 Нұсқа


1. Қиюшы жазықтықтардың орналасуына сәйкес тіліктер көлденең, тік және көлбеу болып бөлінеді. Құрастыру сызбасының анықтамасын тұжырымдаңыз.


2. Қиюшы жазықтықтардың санына қарай тіліктер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Құрастыру сызбасында қандай өлшемдер қолданылады?
3. Нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғанда алынатын фигура кескіні қима деп аталады.Құрастыру сызбасындағы кескіндер саны мен негізгі суретті қалай таңдауға болады?
4. Аксонометриялық проекция немесе аксонометрия нәрсенің бір жазықтықтағы көрнекі кескіні. Құрастыру сызбасын жасамас бұрын түйісетін беттердің өлшемдерін неге үйлестіру керек?
5. Тетікбөлшектердің аксонометриялық проекцияларын тұрғызу барысында шеңберлердің де аксонометриялық проекцияларын салу жиі кездеседі. Негізгі бейнені қандай детальдан бастайсыз?

2 Нұсқа


1. Құрастыру сызбасында рұқсат етілген жеңілдетулер мен шарттылықтарды көрсетіңіз. Олардың мақсаты қандай?


2. Цилиндрдің немесе конустың айналма бетіне жанаса кез-келген жазық фигураның айналма қозғалысының нәтижесінде алынатын винттік бетті бұранда деп атайды. Клапанның катушкасы мен клапанның тығыны қандай күйде көрсетілген?
3. Бұрандалар параметрлерін бекітетін стандарттар олардың шартты белгіленуін де қарастырады. Құрастыру сызбасын «оқу» деген нені білдіреді?
4. Барлық бұрандаларды шартты түрде бекіту және жүрістік бұрандалары деп бөлуге болады. Спецификацияның мақсаты қандай?
5. Бекіту бұрандаларының ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны метриялық бұранда. Ол негізінде стандарт бұйымдарға жататын болт, винт, шпилька, гайка т.б. тетікбөлшектерде орындалады. Бөлшек орны дегеніміз не?

3 Нұсқа


1. Тетікбөлшектің аксонометриялық проекциясын тұрғызбас бұрын оның орындауға ыңғайлы және көрнекілігін айқын көрсететіндей көрінісін таңдап алуымыз қажет. Құрастыру бірлігін анықтаңыз.


2. Эскиздеу процесін өзара тығыз байланысты жекелеген кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Құрастыру сызбасы дегеніміз не?
3. «Құрастыру сызбасы» жұмысы «Эскиздеу» тақырыбының жалғасы болып табылады. Құрастыру сызбасын оқу дегеніміз не?
4. Эскиздер жаңа жобаларды жасауда және қолданыстағы бұйымдарды жетілдіруде қолданылады. Эскиз тетікбөлшек дайындауда немесе оның сызбасын орындауда маңызды құжат болып есептеледі. Эскиздеу кезеңдерін анықта
5. Формат өлшемі таңдап алынған кескіндер мен олардың өлшемдерін, шартты белгіленулерін орналастыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.Бұрандалы қосылыстарды анықта . Бұрандалардың қолданылуын анықта.

4 Нұсқа


1. Бұрандалар туралы жалпы түсінікті айтыңыз. Цилиндрдің немесе конустың айналма бетіне жанаса кез-келген жазық фигураның айналма қозғалысының нәтижесінде алынатын винттік бетті бұранда деп атайды.Оның түрі қандай?


2. Сызбалар қарапайым және түсінікті болу үшін, сонымен бірге сызбаны орындауда уақытты үнемдеу үшін 2.305 – 68 МЕСТ келесі шарттылықтар мен ықшамдауларды ұсынады. Кескіндерді орындаудағы шарттылықтар мен ықшамдауларды анықтаңыз.
3. Нәрсенің қараушыға көрінетін бөлігінің кескіні көрініс деп аталады. Мазмұны мен сипатына қарай көріністер негізгі, қосымша және жергілікті болып бөлінеді. Кескіндер – көріністер, тіліктер, қималарға түсініктеме бер.
4. Проекциялық сызу сызба геометриясы негіздеріне сүйене отырып, кеңістіктегі нәрселер пішінін жазықтықта бейнелеу әдістерін оқытады. Проекциялау әдістері туралы жалпы түсініктеме бер.
5. Қосымша көрініс – нәрсені немесе оның бөлігін негізгі жазықтықтарға параллель емес қосымша проекция жазықтығына проекциялау арқылы алынған кескін.Аксонометриялық проекцияларға анықтама бер.

Құрастырушы ____________ Елемесова Айзада Елемесқызы__________


Арнайы техникалық пәндер оытушысы

Техникалық пәндерінің пәндік-циклдік комиссиясының отырысында қаралды


Хаттама № __
____ ___________20_____ ж.
ПЦК төрағасы _______________ А.Е.Ильясова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет