Дисбактериоз симптомдары: метеоризм, іш өту немесе іш қату;
қыжыл, кекіру;
іштегі ауру сезімі;
бас ауруы;
жалпы дімкәстік;
тәбеттің төмендеуі;
тісжегі, ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
созылмалы стоматит.
*Кейбір жағдайда дисбактериоз ешқандай белгісіз өтуі мүмкін.
Диагностикасы
Дәрігер-гастроэнтеролог дисбактериозды анықтау үшін клиникалық және зертханалық талдаулар тағайындалады. Соның ішінде:
нәжісті зерттеу;
қанның жалпы және биохимиялық талдауы, зәр талдауы;
бактериологиялық зерттеу;
ішек биоптатын морфологиялық зерттеу;
хромато-масс-спектрометрия;
ішектің контрастық рентгені;
іш қуысы ағзаларының УДЗ;
тыныс алу сынамалары.
Ішек дисбактериозын емдеу патологиялық синдромның дамуына әкелген себептерді жоюға бағытталады. Емдеу кезінде медикаментозды терапия, тірі бактериалды препараттарды енгізу, пробиотиктер немесе пребиотиктерді қолдану, арнайы емдәмді сақтау, дәрумендік кешен, күйзелісті аластату қолданылады.

Емі
асқынулары
Дисбактериоз ағза иммунитетінің төмендеуіне, герпес пен саңырауқұлақтық аурулардың дамуына әкеледі. Бұдан басқа дисбактериоз кезінде дәрумендер сіңірілуінің нашарлауына байланысты стоматологиялық аурулардан бастап жрек-қан тамыр жүйесінің ауруларымен аяқталатын әр түрлі аурулар дамуы мүмкін.
Қалыпты флораны сақтау үшін тамақтану мен ұйқының дұрыс режимін ұстану, стрестік жағдайларды аластату қажет. Рационда ашымалы сүт өнімі, бифидобактериялар бар тамақтар мен сусындар болу керек.