Дербес ғылыми пән ретінде қазіргі экологияның басты міндеті оның әр түрлі бөлімдерін және орасан көп нақтылы материалды шоғырлау, оларды табиғат пен адамзат қоғамының өзара қатынастарының барлық жақтарын көрсететін жүйеге келтіру болып табылады. Бұл қазіргі заманғы экология проблемаларын түсіну және оларды шешу жолдарын іздеу, адамдар мен табиғат қауымдастығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Экологияның келесі практикалық маңызы бар:
Табиғат және оның ресурстары жағдайының диагностикасы, тірі табиғаттың антропогенді жүктемеге қатысты төзімділігінің шегін анықтау;