Экология ғылым ретінде 1866 жылы пайда болды, экологияның анықтамасын ғылымға алғаш рет Э. Геккель енгізді.
Э. Геккель
Бұл табиғат экономикасын тану, бір-бірімен қатынаста болатын жануарлар мен өсімдіктердің антагонистік және антагонистік емес өзара қатынастарын қосқанда, тірі атаулының ортаның органикалық және органикалық емес компоненттерімен барлық өзара қатынастарын бір мезгілде зерттеу
Бастапқыда ол тірі организмдер мен табиғаттың өзара байланысы туралы ғылым болған, ал қазіргі уақытта экология көп компонентті тірі жүйелердің (биологиялық түр және социум ретінде адамды қосқанда) ортаның табиғи және жасанды факторларымен өзара әрекеттесуі туралы білімдердің пәнаралық саласы болды.
Экологияның негізгі тақырыбы қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынастар, әлемдік экология-экономикалық жүйе, оның экономикалық және экологиялық қосалқы жүйелері арасындағы материалдық баланстар болып табылады.