Экология – бұл әр түрлі деңгейлі жүйелердің: популяцияның, түрлердің, биоценоздардың, экожүйенің және биосфераның ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін зерделейтін ғылым.
Көбінесе экологияны өз араларындағы тірі организмдердің және қоршаған ортаның өзара қатынастары туралы ғылым ретінде анықтайды.