Адам экологиясы – жеке организм және жеке тұлға ретінде адамның оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін зерттейтін пәндер кешені.
Қолданбалы экология – адам қызметінің және адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара қатынастардың әр түрлі облыстарымен байланысқан пәндердің үлкен кешені. Ол экономиканың экологиялық критерийлерін құрайды, табиғатқа және қоршаған ортаға антропогенді әсер ету механизмдерін зерттейді, оның сапасын бақылайды, табиғи ресурстарды пайдалану норматив-терін негіздейді, шаруашылық қызметтің экологиялық регламенттелуін және көптеген басқаларды жүзеге асырады.