1. Барлық санаттағы мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы (әрі қарай - әлеуметтік көмек) аудандық бюджет есебінен көрсетіледі. 2. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (бұдан әрі Комиссия) қаралады. 3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерді сауықтыру үшін көрсетіледі.
3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерді сауықтыру үшін көрсетіледі.
3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерді сауықтыру үшін көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі арызды, оны алуға құқығы бар кісі қосымша тиісті құжаттарымен қоса береді: 1) Жеке куәлігі (көшірме); 2) Санаторлық-курорттық карта (көшірме); 3) Амбулаторлық картаның көшірмесі; 4) МКТО-дан алушы статусын куәландыратын құжат. 5. Ұсынылған құжаттардың негізінде комиссия әлеуметтік көмекті көрсету немесе аудан бас тарту жөнінде шешім шығарады. 6. Санаторлық мекемеге ақша қаражатын аударғаннан кейін жолдамадан бас тартса, онда арыз иесі бюджетке жолдаманың құнын толық орнына келтіруге міндетті.