Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады. Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.11.2023
өлшемі172,7 Kb.
#130858
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дисграфия

магазин – магазим
, б
алапан – балапап
; сөз тіркестерде: 
кішкентай күшік – 
кішкентай күкік
; сөйлемде: А
па балапанға тары ташты
.
Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму 
салдарынан болады.
Антиципаци
я – алдын алу (келесі сөзде кездесетін әріпті, буынды алдын ала 
жазу). Мысалы, 
жаңбыр жауды – жабдыр жауды; балапан – бапапан
. Бұл 
аталған екі түрлі қателер қозу процессінің әлсіз дифференциялауының
әсерінен болады.
Сөз деңгейіндегі қателер 
Сөз деңгейіндегі қателерге: 
-
сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы;
-
бірге жазылуы; 
-
контаминация жатады. 
Сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы мынандай жағдайларда кездеседі: 
-
сөздің бірінші әріп, буыны орыс тіліндегі қосымша сөздер, приставкаға 
ұқсас болғанда (мысалы и – дут, на – чалось т.б.) ;
-
артикуляциясы ұқсас емес екі дыбыс қатар келгенде ( ұршық, кірпі) 
Контаминация дыбыстың талдау процесінің дөрекі бұзылуы салдарынан 
туындайды. Ондай жағдайда сөзді немесе сөйлемді түсіну мүмкін болмайды. 
Мысалы, 
сабақ басталды – «сббст»
Сөйлем деңгейіндегі қателерге аграмматизмдер деп аталатын қателер 
жатады, яғни: 
-
сөйлем мүшелерінің байланысының бұзылуы;
-
септік жалғауларды дұрыс пайдалана алмауы; 
-
орыс тілінде қосымша сөздерді дұрыс қолданбауы; 
-
сөйлемнін шегін анықтай алмауы. 
Сонымен И. А. Садовникова жазудағы қателерді төмендегі кестедегідей 
жүйелейді 
Жазудағы ерекше қателер


↓ ↓ ↓ 
Буын және әріп 
деңгеіндегі қателер 
Сөз деңгеіндегі 
қателер 
Сөйлем деңгейіндегі 
қателер 
-
әріпті, 
буынды 
тастап кету; 
-
алмастыру; 
-
шатастыру;
-
қосып 
жазу. 
-
сөзді бөліп 
жазу; 
-
сөздерді бірге 
жазу; 
-
контаминация 
-
сөйлем шегін 
айырмау; 
-
аграмматизм 
-
(сөйлемдегі 
сөздердің
байланысының 
бұзылуы) 
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуына арналған арнайы әдебиеттерде осы 
кезеңге дейін терминологиялық жағына және ауытқулардың себептеріне, 
жазудың бұзылуының анықтамасына байланысты бірдей көзқарас 
қалыптаспаған, сондықтан әртүрлі авторлардың жұмысында дисграфияға әр 
түрлі анықтама беріледі. 
Қазіргі кезеңдегі зерттеулер және көп жылғы өзінің бақылау, жұмыс 
тәжірибе негізіне сүйене отырып А. Н. Корнев дисграфияға мынындай 
анықтама берді: 
«Көруі, естуі және интеллектісі мен сөйлеу тілінің 
жеткілікті дамуына қарамастан графикалық ережелерге сәйкес жазу 
дағдыларын меңгере алмауын – дисграфия деп атау қажет».
«Дисграфия - жазуда әріпті алмастыру, сөздің дыбыстық-буындық 
құрамының бұзылуы, сөйлемде жеке сөздердің бірге жазылуы, 
аграмматизмдері тұрақты және қайталанып келетін қателермен сипатталатын 
жазу үрдісінің жартылай бұзылуы (Дефектология сөздігіндегі анықтама). 
Дисргафияның классификациясы
 
Дисграфияның классификациясы 
түрлі критерийлер негізінде іске 
асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының 
бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру. 
О. А. Токарева дисграфияның үш түрін бөледі: 
акустикалық, 
оптикалық, моторлы. 
Акустикалық 
дисграфия
кезінде 
естіп-қабылдаудың 
ажыратылымдығының, дыбыстық талдау мен жинақтаудың жеткілікті 
дамымауы байқалады. Артикуляциясы және дыбысталуы бойынша ұқсас 
әріптерді жиі тастап кету, алмастыру, сонымен қатар жазба жұмыстардан 
дыбыс айтудың бұзылысы айқын көрінеді. 
Оптикалық дисграфия көру әсері мен бейнелердің тұрақсыздығымен 
байланысты. Жеке әріптер түрліше қабылданады. Көріп-қабылдауы нақты 
болмағандықтан, олар жазуда алмасады. Көбіне келесі қол жазба әріптерді 
алмастыру кездеседі: 
П – Н, П – И, У – И, Ц – Щ, 


Ш – И, М – Л, Б – Д, П – Т, 
Н – К. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет