Р дыбысын айтылу бұзыстары және түзету тәсілдері Р және Р' дыбыстарының айтылуындағы түрлі бұзылыстар ротацизм деп аталады. Ол дыбыстың қате айтылуын немесе басқа дыбыспен алмасуын білдіреді. Бұзылыстын екінші түрі параротацизм деп аталады.
Ерінің қалпы іргелес дыбыстарға байланысты әсіресе келесі дауысты дыбысқа тәуелді. Мысалы: ра, ро, ру буындарын салыстырғанда байқалады. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында белгілі қашықтық сақталады. Тіл қасық пішіндес болады. Оның бүйір шеттері түп азуларға тиеді, алдыңғы шеті альвеолға көтеріледі, онымен тиіседі және дем ауасымен тербеледі. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс пердесі тұтасады және тербеледі.
Жұмсақ Р дыбысының айтылуы артикуляцияда жұпталған қатарынан тіл үстінен қосымша көтерілумен, аздап ілгері ығысумен ерекшеленеді.
Ротацизм мен параротацизмнің түрлерін қарастырайық. Р дыбысы өзіне тән артикуляциядан айырылып, іргелес дауыстының созылуы арқылы білінуі мүмкін /марка орнына «маака».
Р дыбысы тамақтан дірілдейтін дыбыс түрінде жиі кездеседі. Бұндай артикуляцияның бірінші түрі-велярлық Р, онда тілдің түбір бөлігі жұмсақ таңдайдың төменгі шетімен жақындасып, екеуі саңылау жасайды. Осы саңылаудан өткенде дем ауасы жұмсақ таңдайда ұсақ, жүйесіз тербеліс туғызады да, одан шыққан шу дауыс тонына араласып Р дыбысына өзіндік қателікті үн береді. Екінші түрі-увулярлық. Онда тек кішкене тіл тербеледі. Сондықтан тербеліс сәйкесті сипат алып, құлаққа дүріл естіледі.
Кейде Р орнына ағылшынның мұрындық дыбысы естіледі. Ол тіл түбін жұмсақ таңдайға жапсырып, ауаны мұрынға еркін жіберу арқылы жасалатын немістің-па дыбысына, мысалы: long, lang ұқсайды.
Р дыбысын - j дыбысымен алмастыру /қар, қарға орнына «қай», «қайға» бала тіліне тән сипат береді. Кейде бір екпінді Р дыбысымен алмасады.
Бұндай жағдайда тіл альвеолға бірақ рет тиеді, тербеліс тиылады, сонда ағылшынның I, орыстың Д дыбысына ұқсас дыбыс естіледі /«қадға»/. Ұзақ дүрілді дыбыс шығару нәтиже бермейді. Мектепке дейінгі балаларда Р орнына Л немесе жартылай жұмсақ Л айту кездеседі / «қал», «қалға»/ және ол уақытша болады.
Кейде қатаң Р-ны жұмсақ Р' мен алмастыру да кездеседі. Кері алмасуда болады. Бүйірлік Р дыбысы да жиі кездеседі. Онда тіл ұшының тербелісі орнына оның бүйір шеті мен азулар арасындағы жалғастық қопарылады да Л дыбысына тән артикуляция пайда болады. РЛ тіркесі естіледі / «қарлға»/.
Ең ақырғы сирек кездесетін ротацизм түрі-дем ауасы тілдің бүйір шеті мен жоғары азулар арасындағы саңлау арқылы өтетін, ұртты тербелетінұрттық Р. РШ дыбысты теріс айтуда оны Р, Л, Л' /Й/, Г, Д дыбыстарымен алмастырылатын параротацизмнің бірнеше түрі кездеседі. Оның кейбіреулері әсіресе Р, Р', Л, Л' алмасуы, жазуға әсер етеді. Көбінесе ротацизмнің түрінде қатаң Р бұзылып айтылғанда жұмсақ Р дұрыс айтылады, немесе керсінше кездеседі.
Ротацизмнің алғы шарт болатын анатомиялық аномалиялары мыналар: тіл асты желбезегінің қысқалығы, жіңішке және биік таңдай, шектен тыс үлкен немесе жіңішке, икемі кем тіл.
Мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының ротацизмнің түзетудегі бірінші талпыныс еліктеу негізіндегі құлақпен қабылдайды, сосын оны төңіректегі дүрілді дыбыстармен /мотор үні, күн күркіреу/ бекітуді қамтиды. Сонымен қатар айна арқылы тілдің формасы қалпы мен қызметін бақылап отыру мүмкіндігі пайдаланылады. Р дыбысын айтқанда қолды ауызға тақау дем ауасының үздікті дірілдік байқатады. Алайда қарапайым еліктеу ең жеңіл кемшіліктерге көмектеседі.
Әдетте Р дыбысын дұрыс айтып үйрену арнаулы жаттығуларды қажет етеді. Егер қатаң Р дыбысы жұмсақтау айтылатын болса Р дыбысын созып айтқанда ауызды біртіндеп кең аша отырып, автоматты түрде тіл алды артикуляциясының кейін ығыстра отырып, қатаң дыбыс алуға болады, ол үшін ауызды ашып иекті бармақпен басады, тіл ығыстыру үшін оның астына шпатель немесе № 5 зонд қояды.