Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы. Длфо теориясы


ДЛФО теориясы. (Дерягин, Ландау 1935-1941, Фервей, Овербек)



бет3/4
Дата03.11.2023
өлшемі315,94 Kb.
#121526
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ №7

ДЛФО теориясы. (Дерягин, Ландау 1935-1941, Фервей, Овербек)

Бұл теория бойынша коллоидтық ерітіндінің (зольдің) коагуляциясы бөлшектердің әрекеттесуінің потенциалдық қисығындағы кедергі (барьер) нольге тең болғанда байқалады.


ДЛФО теориясында коллоидты бөлшектердің өзара белгілі бір ара қашықтықта олардьің арасында тебілу күштері басым болатындығы негізге алынады.
Енді осы жүйеге сырттан злектролит қосылсын. Бұл орайда коллоидты ерітінділер өз күйін жоғалтып, коагуляцияға ұшырайды. 
Қосылған электролит диффузиялық қабатты сығымдап дзета потенциал шамасын өзгертеді. Бұл электролит коллоидты бөлшек ядросындағы потенциал анықтауыш иондар шамасына, яғни р- потенциалға әсер етпейді. Осы тұрғыда электролит қосып қос иондық қабат құрылымын және дзета потенциал шамасын өзгерту арқылы коллоидты ерпінділерді ұйыту - концентрация әсерінен ұйыту деп аталынады.
Сырттан қосылған электролиттер ионы ядроға адсорбцияланбайтын болса, онда оларды индиферентті электролиттер деп атайды.
Коллоидты ерітінділерде электролит қосылғаннан кейін диффузиялық қабаттың сығылуы екі түрлі жағдайда орын алады:
- қарама-қарсы таңбадағы иондар диффузиялық қабаттан қос иондық қабатқа ауысып,дзета потеициал шамасын төмендетеді;
- ерітінді иондық күші артқандықтан қарсы таңбадағы иондардың диффузиялану қабаты сығымдалады. Осының нәтижесінде дзета потенциал шамасы өзгереді, бөлшектердің бір-біріне жақындау мүмкіндігі артады.
Сырттан қосылған электролит иондарының коллоидты бөлшек агрегатындағы иондармен нашар еритін қосылыс түзетіндері ерекше адсорбциялық күштерге ие болады. Жоғарыда келтірілген күміс иодидінің золін қарастыралық.
 
{m AgJ nJ-( n- x)K+} xK+
Бұл коллоидты бөлшектердің потенциал анықтауыш иондары теріс таңбалы болғандықтан, оны бейтараптандыру үшін оң таңбалы иондар қажет екенін аңғару қиын емес. Күміс немесе иодид ионымен нашар еритін қосылыс түзуге бейім электролиттер қатарына, хлорлы натрий, хлорлы кальций, бромды натрий, күміс нитраты, натрий фосфаты, калий карбонаты сияқты тұздарды жатқызуға болады. Карастырылып отырған жағдайда, оң зарядты иондарды пайдаланып, дзета потенциал шамасын өзгертеміз. Ол үшін күміс нитраты ерітіндісінен қосамыз. Күміс иондары потенциал анықтауыш - иодид иондармен әрекеттесіп оларды бейтараптандырады да, дзета потенциал шамасын өзгертеді. Нәтижесінде, коллоидты бөлшек құрылымы өзгеріп, агрегативті тұрақсыздық - кинетикалық тұрақсыздыққа жалғасады.
Дерягин және Ландау, бейтараптану байыбымен жүзеге асатын ұю барысында электролиттердің "ұйыту шегі" сол ұйытушы - ион зарядының алты дәрежесіне кері пропорционал екендігін анықтады, яғни:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет