Диссертация 6N0205 «Қазақ филологиясы»



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата01.01.2017
өлшемі365,67 Kb.
#911
түріДиссертация
1   2   3   4

дж,  ч.   Алайда   бұлар   екеуі   де   говорлар   құрамында   ғана

сақталған  ч  аффрикаты   көне   түркі   жазбаларында   өте   жиі

қолданылған дыбыс ” [4, 68]. 

42


        Қазақ тіліндегі дж, ч аффрикаттарын өзге тілдің әсерінен

деуге болмайды.  Дж, ч  аффрикаттарының жайы қазақ тілінің

тарихымен   байланысты.  Дж,   ч  аффрикаттары   тек   бір   ғана

қазақ   тілінде   емес,   қыпшақ   тобындағы   тілдердің   көбінде

кездеседі.   Сондай-ақ   бұл   аффрикаттар   қазақ   тілімен   тарихи

байланысы   бар   ескі   қыпшақ   тілінің   жазба   нұсқаларында   да

байқалады. 

                 Ж,  ц, ч,  – үшеуі де аффрикаттар, себебі үшеуі де екі

элементтен тұрады: ж-да д мен жц-да т мен с , ч-да т мен ш

дыбыстарының   элементтері   бар.  Ж,  ц  мен  ч-ның   ерекшелігі

құрамындағы   нақты    д,   не  ж  ,не  т,   не  с  немесе  ш-ның

естілмеуі, олар бір бірімен жымдасып кеткен сияқты, бір дыбыс

секілді айтылады. 

        “Қазақ грамматикасы” 2002 жылы шыққан еңбекте қазақ

тілінде екі ғана аффрикаттық дыбыс бар деп көрсетіледі: 

                “  Аффрикат  ц,   ч  бөліп–жаруға   келмейтін,   тұтас   бір

артикуляциямен айтылатын шұғыл – ызың күрделі дыбыс (ц –

тс, ч – тш). Бұлардың құрамындағы әнтек т шұғыл т мен с, ш

дыбыстарының   арасын   жымдастырып,   дәнекер   қызмет

атқарады. Яғни олардың бір тұтас артикуляциясын, айтылуын

қамтамасыз етеді.   Сонымен,  тш, тж, тч  немесе  ттш, тс - тц

немесе  ттс. Бұдан қазақ тілінде де  ч, ц  дыбыстары бар екені

көрінеді.   Алайда   олар   морфема   ішінде   кездеспейді,   тек

морфема жігінде ғана ұшырайды ” [31, 90]. 

        Ж. Аралбаев: 

               “  Дж  аффрикаты  ж  түрінде,  ч  аффрикаты  тш  түрінде

беріледі:  жартас (джартас), жалын (джалын), челек (тшелек),



чопан (тшопан) т.б. ...

43


І. Кеңесбаев қазақ аффрикаттарының артикуляциялық қасиеті

мен фонематикалық мәні жайында да белгілі шешімге келген.

Ызың  ж  фонемасының   варианты   ретінде   қазақ   тілінде

аффрикат дж дыбысы айтылатыны дұрыс көрсетілген... Дж, ч,



ц  аффрикаттары күрделі артикуляциясы дыбыстар шұғылдық

та, ызыңдық та мүшелері болғандығынан не шұғыл, не ызың

дәлелдеп айту қиын ” [6, 3;14;69]. 

               

Тіліміздегі   байырғы   сөздер,   сондай-ақ,   буындар   да   екі

дауыссыздан басталмайды. Ал октябрь революциясынан бергі

жерде орыс тілі арқылы енген сөздер екі, тіпті үш дауыссыздан

бастала береді. Бұларды осылай жазу және айту - әдеби норма.

Мысалы,  стан-ция,   про-цент.   С.   Мырзабеков     тіліміздегі

байырғы   сөздердің   дыбыстық   құрамы   осы   төрт   дыбыстан

аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті

алты дыбысты да бола алады. Мысалы, бес дыбысты :  скетч,



центр, шприц. Қазақ тілінің дыбыс және буын құрамына орыс

тілінің ықпалын ескеру керек. Егер байырғы сөздеріміздің буын

құрамы  А,   ВА,   АВ,   АВВ,   ВАВ,   ВАВВ  түрде   ұшыраса,   ендігі

жерде мұның саны екі есе артты. Тілімізде бес, алты дыбысты

буындар да пайда болды. Сөздер мен буындарымыздың екі - үш

дауыссыздан   басталып,   үш   дауыссызға   аяқталуы   етене

құбылысқа айналды. Мысалы: 

        “ Ц, ч аффрикаттары бар кірме сөздердің қазақ тіліне ену

арқылы   буын   құрамының   өзгеруі:  цейт-нот,   ценз,   цент-нер,

цент-ра-лизм, цикл, цинк, цифр, чарль-стон...” 

32, 710;711



.

        Тіліміздің дыбыстық құрамы и, у дауыстылары мен в, ф, х,



ц,   ч  сияқты   дауыссыздармен   толысты.   Бір   фонеманың   өзін

ретіне   қарай   әр   түрлі   реңде   айтуға   қалыптастық.   Мұның   өзі

артикуляциялық   базамыздың   байып,   барынша   оралымды,

44


икемді   болуына   жағдай   жасады   деп   жазған   ғалым   “Қазақ

тілінің фонетикасында”.

        Дыбыстар, дыбыстардың жіктелісі қазақ тілінің фонетика

саласында   қарастырылатын   мәселелер   болғандықтан,

аффрикаттар да  диссимиляция, редукция  мен  диэреза  сияқты

әр түрлі фонетикалық процестерге қатысады.  

        Мысалы, Аханов К. пікірінше: 

                “  Түрік   тілінде  ж   (дж),  ч  аффрикаттарының   шұғыл

(смычные), элементтерінің (  д  мен  т  ) белгілі бір фонетикалық

жағдайларда   жойылып,   соның   нәтижесінде   бұл

аффрикаттардың   шұғыл   ызыңдардың   тобынан   тек   ызың

дыбыстарға   (  ж,   ш  )   айналуы   диссимиляция   құбылысына

жатқызылып   жүр.   Мысалы:   1)   дыбыстардың   диссимиляцияға

ұшырауы:  ч  gecmek   (гешмек),   kacti   (қашты),   uckun   (ұшқұн)

және   тағы   басқа.   2)  ж   (дж)  дыбысының   ассимиляцияға

ұшырауы:  ecdat   (әждат),   “арғы   тегі,   ата  тегі”   (“предки,



прадеды”),   tecdit   (тәждит),   “жаңалау,   жаңарту”

(“обновление”), echas (эжнас), “тұқым” (“порода”), “сорт” және

тағы басқа ” 

7, 256


               Сонда   аффрикаттық   дыбыстардың  диссимиляция



процесінің өзіне қатысып тұрғанын көруге болады.

               Дауыстылардың   ішінде   редукцияланатын   дыбыстар

көбінесе   қысаң   дауыстылар.   К.   Ахановтың   “Тіл   білімінің

негіздері” атты еңбегінде осыған байланысты осындай мысал

келтіріледі: 

        “ Мысалы, өзбек тілінде екпінсіз буындағы қысаң дауысты,

екпін түскен буындағы дауыстыға қарағанда, редукцияланып

45


көмескі   айтылады:  киши   киши   (кісі),   пишиқ   пишиқ   (пысық),

қизил қизил (қызыл), хина хина (қына), қилич қилич (қылыш),

биринчи биринчи (бірінші) тағы басқа ” 

7, 257



               Осыдан   біз   аффрикаттардың   да  редукция  процесіне



қатысы бар екенін көреміз.

               Аффрикаттық   дыбыстар   сонымен   бірге   тағы   бір

фонетикалық   процеске,  диэрезаға  қатысатының   көреміз.

Аханов   К.   пікірінше,  диэреза  ассимиляцияның   негізінде   де

болуы мүмкін. Мысалы, орыс тіліндегі  чт, чн  дыбыс тіркестері

сөйлеуінде шт, шн түрде айтылады: что (што), скучно (скушно).

Мұнда   екі   жабысыңқы   (смычные),   дыбыстың   (  ч  мен  т  )

қатарласпауы   үшін   дыбысы   фрикативті  ш  дыбысы   болып

айтылады. 

               Аффрикаттардың  қазақ тілі сөздіктерінде   орналасуын

қарастырып көрейік.

               1996   жылы   шыққан   “Қазақ   тілінің   диалектологиялық

сөздігінің” ІІ-ші томында  дж  аффрикатына басталатын екі сөз

ғана берілген: 

         “ Джәңәлік – жаңалық, джәрәйді – жарайды, мақұл ” [ 33,

169].


                Ц  мен  ч  әріптерінің орналасуын көруге мүмкіндік жоқ,

өйткені   бұл   сөздіктің   ІІ-томы   ғана   қолда   бар.  Ч  әрпі

диалектизмдерде   бар   екені   жоғарыда   диалектолог

ғалымдарының   еңбектерін   қарастыруынан   байқауға   болады,

сондықтан   бұл   фонемадан   басталатын   сөздер   кездеспеуі

мүмкін   емес.   Бірақ  ц  дыбысынан   басталатын   сөздер   сөздікте

жоқ   деп   ойлаймын.   Өйткені  ц  дыбысы   диалектизмдерде

кездеспейді,   бұл   фонема   орыс   тілінен   енген   сөздерде   ғана

кездеседі.

46


               Дж  аффрикаты   жазуда   және   әдеби   тілде  ж-мен

таңбалатындықтан,  ж  дыбысынан   басталатын   сөздерді

қарастырып көрелік. 

        2005 жылы шыққан “Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде” ж

дыбысынан басталатын 700-ге жуық сөздер мен сөз тіркестері

219-ші беттен 283-ші бетке дейін берілген: 

               “  Жа, жаб, жаба, жабазы, жабай, жабайта, жабайынша,

жабан,   жабан   дала,   жабаса   беру,   жабасақ,   жабасалма,

жабдан,   жабдық,   жаблық,   жаблік,   жабулау,   жабы,   жабық,

жабылғы,   жабын,   жабынтақ,   жабыр,   жабысқақ,   жабыттау,

жабасал,   жағалаң,   жағалдану,   жаған,   жағаттау,   жағдаят,

жағу, жағыш, жада, жады ағаш, жадыбас, жадыгер, жадыкеш,

жадылау...” 

34, 219;283



.  


        Сөздікте ч аффрикатынан басталатын 714-ші беттен 722-

ші бетке дейін 274 сөздер мен сөз тіркестері берілген:

        “ Чабақ, чабан-чағалай адам, чабық, чабықтау, чабына от

түскендей болу, чабыс, чағу, чағыл, чағылдақ, чағылу, чағыр,

чағырмақ,   чадыра,   чажағай,   чажамай,   чай  ас,   чайла,   чайлау,

чайлану,   чайпалу,   чай   чөп,   чайыр,   чақ,   чақ-чұқ,   чақа,   чақай,

чақалақ,   чақпағын   чағу,   чақтысы,   чақ-чәлекей   болу,   чақы,

чақылдақ,   чал   жейде,   чал-чабыр,   чалаң,   чалаңдату,   чалай,

чалғынчы, чалғыш, чалдауыт, чалжима... ” 

34, 714;722



.

               Ц  қазақ   тілінің   төл   сөздерінде   кездеспейтіндіктен,  ц



аффрикатынан басталатын сөздер берілмеген.      

        1999 жылы шыққан “Қазақ тілінің сөздігінде” ж дыбысына

басталатын   сөздер   187-ші   беттен   бастап   267-ші   бетке   дейін

орналасқан:

                “  Жаба,   жабағы,   жабағылан,   жабағылау,   жабағылы,

жабағылық,   жабағыша,   жабазы,   жабай,   жабайылан,

47


жабайылау, жабайылық, жабан, жабасақ, жаба-салма, жаббар,

жабдан,   жабды,   жабдық,   жабдық-жарақ,   жабдықта,   жабу,

жабула,   жабулы,   жабусыз,   жабы,   жабығы,   жабығылық,

жабығыңқы,   жабық,   жабыл,   жабынды,   жабындық,   жабырқа,

жабырқағыш,   жабырқаңқы,   жабырқаулық,   жабысқақ,   жаға,

жағажай...” 

32, 187;267



.

        Ц аффрикатына басталатын 38 сөз берілген: 



         “ Цейтнот, целлофан, цемент, цементте, цементті, ценз,

цензор,   цензура,   цент,   центнер,   центнерле,   централизм,

центризм, центрист, цех, циан, цивилизация, цивилизациялан,

цикл, циклон, циклотрон, цилиндр, цинк, цинкография, цирк,

циркуль,   циркуляция,   цистерна,   цитата,   цитолог,   цитология,

цитоплазма, цитра, цитрус, циферблат, цифр, цифрла, цыган  

[32, 710].



        Ч аффрикатына басталатын 11 сөз берілген: 

         “ Частушка, чек, чемпион, чемпионат, черепица, чертеж,



чех, чечен, чиновник, чуваш, чукша  ” [32, 710;711].

               1988   жылы   шыққан   “Қазақ   тілінің   орфографиялық

сөздігінде”  ж  фонемасынан басталатын сөздер 117-ші беттен

149-шы   бетке   дейін   берілген,  дж  аффрикатынан   басталатын

сөздер жоқ. 

        Ц аффрикатынан басталатын 48 сөз берілген:

               “  Цейтнот, целлон,  целлофан, целлулоид,  целлюлоза,



цемент, ценз, цензор, цензура, цент, центр, центрифуга  ” [35,

368].


        Ч аффрикатынан басталатын 24 сөз берілген:

               “  Чарльстон, чартизм, чартист, частушка, чек, чекист,



чекистік,   челюскинші,   чемодан,   чемпион,   чемпиондық,

48


чемпионат, черкес, чертеж, честь, чесуча, чех, чечен, чечетка,

чиновник, чиновниктік, чуваш, чукот, чукча” [35, 368].

               2001   жылы   шыққан   “Қазақ   тілінің   орфографиялық

сөздігінде”  ж  фонемасынан басталатын сөздер 132-ші беттен

бастап 170-ші бетке дейін 4000 жуық сөз берілген: 



               “  Жаба, жабағы, жабағылану, жабағылы, жабағылық,

жабағыша,   жабайы,   жабайыландыру,   жабайылану,

жабайылық,   жаба   –   салма,   жаббар,   жабдану,   жабдық,

жабдықталу,   жабдықтану,   жабдықтату,   жабдықтау,

жабдықты,   жабу,   жабулану,   жабулату,   жабулау,   жабулы,

жабусыз,   жабы,   жабығу,   жабығушылық,   жабыдай,   жабық,

жабықтыру,жабылу,   жабын,   жабынды,   жабындық,   жабыныш,

жабыңқы,   жабырқану,   жабырқаңқы,   жабырқаңқылық...” 

36,



132;170

.



        Ц аффрикатынан басталатын 42 сөз берілген: 

        “ Цейтнот, целлон, целлофан, целлулоид, целлюлоза, 

цемент, цементтелу, цементтету, цементтеу, цементті, ценз, 

цензор, цензорлық, цензура, цензуралық, цент, центнер, 

центризм, центрист, центрифуга, цех, циан, цианды, цикл, 

циклдік, циклон, цилиндр, цилиндрлік, цирк, циркуль, 

циркуляр, циркуляция, цистерна, цитология, цитологиялық, 

цитоплазма, цитрамон, цитрат, цитрус, циферблат, цифр, 

цифрлы ” 

36, 422



.

        Ч аффрикатынан басталатын 17 сөз берілген: 



               “  Чарльстон, чартизм, чартист, частушка, чек, чекист,

чекистік,   чемпион,   чемпиондық,   чемпионат,   черкес,   чесуча,

чех, чечетка, чуваш, чукот, чукча ” 

36, 422



.

49



               2004  жылы “Қазақ тілінің  орфоэпиялық  сөздігінде”  ж

фонемасынан басталатын сөздер 246-шы беттен 314-ші бетке

дейін   берілген,  ш  дыбысынан   басталатын   сөздер   719-шы

беттен   766-шы   бетке   дейін   берілген.   Бірақ  дж,   ц,   ч

аффрикаттарына   басталатын   сөздер   берілмеген.   Мұнда   32

дыбыстан басталатын сөздер ғана берілген: А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д,



Е, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Ш, Ы, І, Э, Я.

        1986 жылы шыққан “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” ж

аффрикатынан   басталатын   сөздер   3-ші   томда   477-ші   беттен

бастап 735-ші бетке дейін, 4-ші томда 5-ші беттен бастап 344-

ші бетке дейін берілген. 

                 Ж  фонемасына   сөздіктің   477-ші   бетінде   мынадай

анықтама беріледі: 

               “  Ж  зат. грам. 1. Қазақ алфавитінің дауыссыз дыбысты

білдіретін сегізінші әрпі. 2. Тіл алды ызың (фрикатив) дауыссыз

дыбыстың таңбасы ” 

38, ІІІ, 477



.

             Сөздікте  ж  фонемасына   басталатын   мынадай   сөздер

берілген: 

        “ Жа, жаба, жабағы, жабағыдай, жабағылан, жабағылану,

жабағылау,   жабағылы,   жабағылық,   жабағыша,   жабайы,

жабайылан,   жабайыландыр,   жабайыландыру,   жабайылану,

жабайылау,   жабайылық,   жаба   –   салма,   жабау,   жабаура,

жаббар, жабдан, жабды, жабдық, жабдық – жарақ, жабдықсыз,

жабдықта,

 

жабдықтал,

 

жабдықталу,

 

жабдықтан,

жабдықтандыр... ” 

38, III-IV, 477



.

               Ц  аффрикатына   “Қазақ   тілінің   түсіндірме   сөздігінде”

мынадай анықтама беріледі: 

50


        “ Ц зат. 1. Тіл ұшы үстіңгі күрек тіске барып, соқтығудан

жасалатын дауыссыз дыбыс. 2. Қазақ алфавитіндегі тіл алды,

қатаң, аффрикат дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп ”  

38, Х,



67



        Ц аффрикатына басталатын сөздер 10-шы томның 67-ші –

71-ші беттеріндеберілген, барлығы 61 сөз берілген: 



               “  Царизм, цейтнот, целлофан, целлулоид, целлюлоза,

цемент,   цементте,   цементтел,   цементтелу,   цементтет,

цементтету, цементтеу, цементті, ценз, цензор, цензура, цент,

центнер,   центнерле,   центнерлеу,   централизм,   центризм,

центрист,   центрифуга,   церемониал,   церемония,   церий,   цех,

циан, цивилизация ” 

38, Х, 67;71



.

               Ч  аффрикатына   “Қазақ   тілінің   түсіндірме   сөздігінде”

мынадай анықтама беріледі: 

               “  Ч  зат. 1. Тістің қызыл етіне тіл ұшының келіп тиюінен

жасалатын тіл ұшы дыбысы. 2. Қазақ алфавитіндегі тіл алды,

қатаң, аффрикат дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп ”  

38, Х,


72



               Ч  аффрикатына басталатын сөздер 72-ші беттен 73-ші

бетке дейін берілген, жалпы 19 сөз берілген: 



         “ Чардаш, чартизм, чартист, частушка, чек, чека, чекист,

чемодан,   чемпион,   чемпионат,   чемпиондық,   черепица,

чертежь,   честь,   чех,   чечен,   чиновник,   чуваш,   чукча   ” 

38,   Х,



72;73

.



                “Қазақ   тілінің   сөздігі”   мен   “Қазақ   тілінің   аймақтық

сөздігін” алып аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың, яғни ж,



ц,   ч  дыбыстарының   сөз   шенінде   орналасуын   қарастырып

көрейік. “Қазақ тілінің сөздігіне” әдеби тілімізде қолданылатын

51


сөздер енгеннен кейін бұл сөздердегі аффрикаттардың әдеби

тілде және ауызекі сөйлеуімізде қолданылуын байқайық. 

               Бірінші  дж  аффрикатын   қарастырып   көрейік.  Дж

аффрикаты   әдеби   тілде  ж  әрпімен   таңбалатындығын

жоғарыда   айтып   кетілді,   сондықтан  ж  әрпінен   басталатын

сөздерді қарастырамыз: 

               “  Жағала - джағала, жағалтай - джағалтай, жағалық -

джағалық,   жағдай   -   джағдай,   жағдайсыз   -   джағдайсыз,

жағулы   -   джағулы,   жағыз   -   джағыз,   жағымды   -   джағымды,

жағымпаз - джағымпаз, жағымсыздық - джағымсыздық, жағын

-   джағын,   жада   -   джада,   жадағай   -   джадағай,   жадаулау   -

джадаулау,   жаду   -   джаду,   жаднама   -   джаднама,   жадуал   -

джадуал, жадыбас - джадыбас, жадыла - джадыла, жадыра -

джадыра, жаз - джаз, жазасыз - джазасыз, жазғыш - джазғыш,

жаздағыша   -   джаздағыша,   жаздай   -   джаздай,   жаздыгүні   -

джаздыгүні,   жазира   -   джазира,   жазмыш   -   джазмыш,   жазу   -

джазу, жазыда - джазыда, жазықсыз - джазықсыз, жазықтық -

джазықтық, жазыл - джазыл, жазымпаз - джазымпаз, жазыңқы

-   джазыңқы,   жазыңқыра   -   джазыңқыра,   жай   -   джай,

жайбарақат   -   джайбарақат,   жайдақ   -   джайдақ,   жайдарман   -

джайдарман...” 

32, 187;267



.

         Берілген мысалдардан байқағанымыз дж сөздің басында

өзінің   аффрикаттығын   сақтап   қалады,   бірақ  дж  деп   біз   тек

қана ауызекі сөйлеуімізде қолданамыз, ал әдеби тілде  ж  деп

айтамыз да, сөзді жазуда ж әрпімен таңбалаймыз.

         Мысалы: 

               “  Абжад - абжад, абжылан - абжылан, абжыландай –

абжыландай, ағажан - ағажан, ажа - ажа, ажал - ажал, ажар -

52


ажар,   ажуа   -   ажуа,   ажырағысыз   -   ажырағысыз,   атжалман   -

атжалман,   әже   -   әже,   әжік   -   әжік,   әжім   -   әжім,   бажыхана   -

бажыхана, бажылдақ - бажылдақ, бажылдауық - бажылдауық,

бажырай -  бажырай,  бақажапырақ -  бақажапырақ,  балажан  -

балажан,   балажандылық   -   балажандылық,   гүжіл   -   гүжіл,

ғажайып - ғажайып, дөнежін – дөнежін, мажыра - мажыра...”

32, 11;761



. 



               Осы мысалдардан байқағанымыз сөздің ортасында  дж

өзінің   аффрикаттық   қасиетін   жоғалтады   да   айтылуда   және

таңбалауда  ж  әрпі   қолданылады.   Бірақ   аффрикат  дж  сөз

ортасында үнді дауыссыз дыбыстардан кейін келеді екен.

        Мысалы: 

               “  Әлжуаз - әлджуаз, балжыра - балджыра, ыржалақ –



ырджалақ, ыржалаң - ырджалаң, ыржаң - ырджаң, ыржаңшыл -

ырджаңшыл, ыржи - ырджи ...” 

32, 11;761



. 

        Сөз басында ц аффрикаты тс-мен айтылады, жазуда ц-мен таңбаланады,

яғни ц өзінің аффрикаттық қасиетін сөздің басында сақтап қалады. Мысалы:

 

                  “  



Цейтнот - тсейтнот, целлофан - тселлофан, цемент -

тсемент,   цементте   -   тсементте,   цементті   –   тсементті,   ценз   -

тсенз,   цензор   -   тсензор,   цензура   -   тсензура,   цент   -   тсент,

центнер   -   тсентнер,   центнерле   -   тсентнерле,   централизм   -

тсентрализм, центризм - тсентризм, центрист - тсентрист, цех -

тсех,   циан   -   тсиан,   цивилизация   -   тсивилизация,

цивилизациялан   -   тсивилизациялан,   цикл   -   тсикл,   циклон   -

тсиклон, циклотрон - тсиклотрон, цилиндр - тсилиндр, цинк -

тсинк,   цинкография   -   тсинкография,   цирк   -   тсирк,   циркуль   -

тсиркуль,   циркуляция   -   тсиркуляция,   цистерна   -   тсистерна,

цитата – тситата, цитолог - тситолог, цитология - тситология,

цитоплазма   –  тситоплазма,   цитра   -   тситра,   цитрус   -   тситрус,

53


циферблат   -   тсиферблат,   цифр   -   тсифр,   цифрла   -   тсифрла,

цыган - тсыган...” 

32, 710



.

                Сөз ортасында дауысты дыбыстардан кейін тұрған  ц



өзінің   аффрикаттығынан   айырылмайды,   айтылуда  тс-мен

айтылады. Мысалы:  

                  “Аттестация   –   аттестатсия,   ацетилен   -   атсетилен,

бруцеллез - брутселлез, вибрация - вибратсия, вулканизация -

вулканизатсия, гальванизация - гальванизатсия, дегустация -

дегустатсия,   демонстрация   -   демонстратсия,   дефицит   -

дефитсит,   дециграмм   -   детсиграмм,   дефляция   -   дефлятсия,

деформация   -   деформатсия,   децима   -   детсима,   дециметр   -

детсиметр,   дискриминация   -   дискриминатсия,   иммунизация   -

иммунизатсия,   инкубация   -   инкубатсия,   интернационал   -

итернатсионал,   интонация   -   интонатсия,   инфляция   -

инфлятсия...”   

32, 54;706



               Бірақ   дауыссыз   дыбыстардан   кейін   тұрған  ц  өз



аффрикаттығын   жоғалтады   да,   айтылуда  с-мен   алмасады,

жазуда ц-мен таңбаланады. Мысалы: 

        “ Аттракцион -  аттраксион, атцетон - атсетон, , вакцина -

ваксина,   вальцовка   -   вальсовка,   дедукция   -   дедуксия,

дезинфекция   -   дезинфексия,   децима   -   детсима,   дивакцина   -

деваксина,   дикция   –   диксия,   дифракция   -   дифраксия,

инспекция   -   инспексия,   инстанция   -   инстансия,   концерт   -

консерт, функция - функсия...” 

32, 54;706



.

               Ч  аффрикаты   өзінің   аффрикаттық   қызметін   сөздің



басында   сақтап   қалады,   айтылуда  тш-мен   айтылады   да,

жазуда ч-мен таңбаланады. Мысалы: 

        “ Частушка - тшастушка, чек - тшек, чемпион - тшемпион,

чемпионат   -   тшемпионат,   черепица   -   тшерепица,   чертеж   -

54


тшертеж, чех - тшех, чечен - тшечен, чиновник - тшиновник,

чуваш - тшуваш, чукша - тшукша...”

 

32, 710;711



. 

               Әдеби   тілдегі  ч  сөздің   ортасында   өзінің   қос

қызметтілігінен   айырылады.   Айтылуда   да,   жазылуда   да  ч

фонемасы қолданылады. Мысалы: 

               “  Анчар - анчар, виолончель - виолончель, диспетчер -



дипетчер,   картечь   -   картечь,   каучук   -   каучук,   печенье   -

печенье,   почта   -   почта,   почташы   -   почташы,   рычаг   -   рычаг,

скетч   -   скетч,   счетчик   -   счетчик,   чечен   -   чечен,   учаске   -

учаске...” 

32, 39;677



. 

              “Қазақ   тілінің   аймақтық   сөздігіне”   әр   аймақтарда

қолданылатын   сөздер   енгеннен   кейін   аффрикаттардың

говорларда қолданылуын байқап көрейік.  

Мысалы: 


                “  Жадылы   -   джадылы,   жадыра   -   джадыра,   жазаба   -

джазаба,   жазам   -   джазам,   жазаң   -   джазаң,   жазбалы   -

джазбалы, жазғылық - джазғылық, жаздау - джаздау, жазды -

джазды,   жаздық   -     джаздық,   жазира   -   джазира,   жазмыш   -

джазмыш,   жазтұрым   -   джазтұрым,   жазу   -   джазу,   жазуыр   -

джазуыр, жазылмыш - джазылмыш, жазылы - джазылы, жазып

құю – джазып құю, жазысы жоғары – джазысы джоғары, жай -

джай,   жайбағыс   -   джайбағыс,   жайбар   -   джайбар,   жайбат   -

джайбат,   жайғау   -   джайғау,   жайғастыру   -   джайғастыру,

жайдақ ер – джайдақ ер, жайдақ қора – джайдақ қора, жайдақ

от   –   джайдақ   от,   жайдар   -   джайдар,   жайқар   -   джайқар,

жайқардай - джайқардай, жайқарысу - джайқарысу, жайқын -

джайқын,   жайлақ   -   джайлақ,   жайлау   -   джайлау,   жайма   -

55


джайма, жаймақы –джаймақы, жайналу - джайналу, жайпан -

джайпан, жайт - джайт...” 

34, 219;283



.

        Говорларда да дж аффрикатының сөз басында өз қасиетін



сақтап   қалғанын   байқадық.   Кейбір   аймақтарда   сөз   басында

айтылуда  дж  деп айтылады. Сөз ортасында кездескенде  дж-

ның қосар қызметі сақталмайды. Жазылуда да, айтылуда да ж

қолданылады. Мысалы: 

         “ Кежеуіл - кежеуіл, кежім - кежім, кежір - кежір, кеждену

-   кеждену,   кеждік   -   кеждік,   кежегелеу   -   кежегелеу,   кежек   -

кежек,   кежекдар   -   кежекдар,   кеженей   -   кеженей,   кежену   -

кежену, кежесінде - кежесінде, мажал - мажал, мажар - мажар,

мажаурау   -   мажаурау,   мажуси   -   мажуси,   мажыра   -   мажыра,

мажырасу   -   мажырасу,   мажырасын   болу   –   мажырасын   болу,

шыбжық   -   шыбжық,   шыжбақай   -   шыжбақай,   шыжбыңдау   -

шыжбыңдау,   шыжым   -   шыжым,   шыжымдап   -   шыжымдап,

ылажықсыз - ылажықсыз...”  

34, 14;784



. 



        Бірақ сөз ортасында л, н үнді дауыссыз дыбыстардан кейін

дж  өзінің   қос   қызметтілігін   сақтап   қалады.   Айтылуда   кей

аймақтарда дж деп айтылады. 

         Мысалы: 

                 “  Әбіржушілік - әбірджушілік, әнжі - әнджі, әнжімә -



әнджімә, чыралжын - чыралджын, шанжа - шанджа, шұбалжаң

- шұбалджаң, ылжырау - ылджырау...”  

34, 14;784



.

               Ч  аффрикаты   говорларда   көбіне  ш  фонемасымен



алмасады, яғни кей аймақтарда ш-ны қолданудың орнына ч-ны

қолданады. Кей сөздерде тек қана  ч  қолданылады. Бұл көрші

56


жатқан халықтардың тілдерінің әсері, сонымен бірге  тілімізде

ч  бұрыннан   келе  жатқан   дыбыс  деп   айтуға   тұра   келеді.   Сөз

басында  ч  аффрикаты өзінің қос қызметтілігін сақтап қалады.

Айтылуда тш деп айтылады. Мысалы: 

               “  Чалка - тшалка, чалқар түс – тшалқар түс, чалша –



тшалша,   чалым беру  –  тшалым беру,  чамалдап  -  тшамалдап,

чамалдау – тшамалдау, чамғыр - тшамғыр, чаңбыр - тшаңбыр,

чамылу - тшамылу, чанақ - тшанақ, чанаш - тшанаш, чанда -

тшанда, чандағай – чандағай – тшандағай - тшандағай, чанжа

-   тшанжа,   чанзы   -   тшанзы,   чантақ   -   тшантақ,   чану   -   тшану,

чаңбақ - тшаңбақ, чаңбыр - тшаңбыр, чаңғырақ - тшаңғырақ,

чанчазы - тшанчазы, чаңтас – тшаңтас, чап айыл – тшап айыл,

чапкүл   -   тшапкүл,   чапқы   -   тшапқы,   чапталау   -   тшапталау,

чаптыру - тшаптыру, чапчақ - тшапчақ...  ”

 



34, 714;722



               Говорларда  ч  өзінің қос қызметтілігін сөз ортасында да

сақтап   қалады.   Айтылуда   сөз   ортасында  тш  деп   айтылады.

Мысалы: 

                “  Сүчжік   бұрыш   –   сүтшжік   бұрыш,   айткелінчек   -



айткелінтшек,   айылчы   -   айылтшы,   ақчам   -   ақтшам,   алчек   -

алтшек, алчы омпа – алтшы омпа, ачар - атшар, ачы - атшы,

әчкір   -   әтшкір,   әчі   -   әтші,   күлчін   -   күлтшін,   қалчы   -   қалтшы,

қарчыға - қартшыға, құчыр - құтшыр, қырчаңқы - қыртшаңқы,

қырчылу - қыртшылу, қыстақчы - қыстақтшы, оч – оч – ой – отш

– отш - ой, чімчуір - чімтшуір , ічкім - ітшкім, ічтеме – ітштеме,

таңылчақ   -   таңылтшақ,   тергулікчі   -   тергуліктші...   ”  

34,



623;663

.



               Ц  аффрикаты   тілімізде   кірме   сөздерде   ғана

кездесетіндіктен, бұл сөздікке енген жоқ.

57


               Аффрикаттық   қызметтегі   дыбыстардың   осындай

ерекшелігіне қарап, қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс емес 27

дауыссыз бар деп неге айтпасқа.

       Сонымен, қазақ тілінде үш аффрикат дыбыс бар. Олар дж,



ц және ч

Дж  мен  ч  аффрикаттары қазақ тілінде бұрыннан бар, тарихи

жазба   нұсқалар   осыған   дәлел   бола   алады.   Қазіргі   кезде   бұл

аффрикаттардың   Қазақстанның   кейбір   аймақтарында

қолданылуы   бұрын   ата-бабаларымыздың   осы   фонемаларды

сөйлеулерінде   пайдаланғанның   айғағы.   Қазіргі   кезде   бұл

дыбыстар   әдеби   тілде   кездеспей,   тек   говорларда   ғана

кездеседі.  1940 жылға дейін қазақ тілінде ч әрпінің таңбалауы

болған   жоқ,   тек   қазақ   жазуы   орыс   графикасына   көшкеннен

кейін  ч-ң   таңбалауы   пайда   болды.  Ц  мен  ч  аффрикаттары

әдеби   тілде   тек   қана   орыс   тілі   арқылы   енген   сөздерде   ғана

кездеседі. 

58


                                                            

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

              

Магистрлік жұмыстың бірінші бөлімінде жұмыстың негізгі мақсаттары

мен   міндеттері   айтылады.   Жұмыстың   негізгі   мақсаты   қазақ   тілі   дауыссыз

дыбыстарының қосар қызметін анықтау болып табылады да, негізгі міндетіне

дыбыс түрлерінің сандық қызметін анықтау, дауыссыз дыбыс жүйесінің тарихи

ерекшелігін   айқындау   жатады.   Жинақтау,   сұрыптау,   талдау,   сұрақ-жауап,

түсіндіру әдіс-тәсілдері жұмысты жазу барысында қолданылатыны жазылады. 

                Негізгі   бөлімде   ХХ   ғасырдың   басындағы   қазақ   жеріндегі   болған

оқиғаларға   байланысты,   көрші   жатқан   елдердің   халықтарының   тілдерінен,

сонымен бірге орыс тілінен жаңа сөздердің енуіне байланысты қазақ алфавитіне

жаңа фонемалардың енуі, қазақ тілінің кирилицаны қабылдауы, қазақ тілінің

дыбыстық   құрамының   өзгеру   мәселелері   көтеріледі.   Қазақ   тіліндегі

дыбыстардың   жіктелісі,   қазақ   тілінің   дыбыстық   құрам   төңіріндегі   фонетик

ғалымдарының пікірлері беріледі.

        Қ. Жұбанов, К. Аханов, С. Мырзабековтың дифтонг немесе дифтонгойдтар

жайлы   пікірлері   келтіріледі.   К.   Ахановтың   дифтонгтардың   түрлерін   бөлуі

жазылады.   С.   Мырзабековтың   қазақ   тіліндегі   дауысты   дыбыстарды   жіктеу

төңірігіндегі пікір-талас туралы айтады. Ғалымның пікірінше и мен у тек қана

кірме   сөздерде   дыбыс   бола   алады,   әйтпесе   байырғы   сөздерде  и,   у  қосынды

дыбыстардың таңбасы. Қ. Жұбановтың қазақ тіліндегі  и  мен  у  дыбыстарының

қосар   қызметі   жөнінде   мақаласы   беріледі.   Дифтонгойдтардың   қызметі

ашылады. 

59


        Орыс ғалымдарының еңбектерінен А.А. Реформатский, Л.Р. Зиндер, В.А.

Виноградов   сияқты   орыс   ғалымдарының   еңбектері   қарастырылады.

Ғалымдардың еңбектерін қарастыру барысында орыс тілінде ц, ч аффрикаттары

бар екенін байқаймыз. Бұл дыбыстар екі дауыссыз дыбыстың қосындысынан

тұратынын көреміз. Мысалы, ц - т – с, д – з, ал ч - т – ш, д – ж. Сонымен бірге

аффрикаттық   дыбыстардың   жасалуы,   айтылуы,   сөздердегі   орналасу   тәртібі

беріледі. 

        Дауыссыз дыбыстар жүйесінің тарихи ерекшелігін айқындау мақсатымен

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ тілін зерттеуіне үлес қосқан В.В. Радлов,

С.Е.   Малов,   П.М.   Мелиоранский   сияқты   түрколог   ғалымдарының   еңбектері

қарастырылады.   П.М.   Мелиоранский,   В.В.   Радлов,   С.Е.   Малов   қазақ   тілі

дыбыстарын   қалай   классификациялап,   қандай   пікірлер   айтқаны   беріледі.

Тарихи тұрғыдан дыбыстардың жіктелісі туралы М. Томанов ғалымның пікірі

келтіріледі.   Сонда қазақ тілі тарихына көңіл аударатын болсақ, қазақ тілінде

бұрын дж, ч дыбыстары болғанын байқаймыз. Өйткені түрколог ғалымдардың

дыбыс   жіктелісіне,   берілген   мысалдарына   назар   аударатын   болсақ,   бұл

дыбыстарды ата-бабаларымыз бұрын сөйлеуінде қолданғанын көреміз. 

               Қазіргі қазақ тілін зерттеген С. Мырзабеков, Ж. Аралбаев, І. Кеңесбаев

ғалымдарының   еңбектерін   байқайтын   болсақ,   әдеби   тілде   кездесетін  ц,   ч

аффрикаттары кірме дыбыстар екенін байқаймыз. Ғалымдардың пікірінше, ц, ч

аффрикаттары   қазақ   тіліне   орыс   тілінен   енген   сөздерде   ғана   кездеседі.   І.

Кеңесбаев пен Ж. Аралбаевтың еңбектерінде аффрикаттардың саны үшеу. Олар:



дж, ц, ч.  Ал С. Мырзабековтың еңбегінде  ц, ч  аффрикаттары ғана берілген.

Сонымен   аффрикаттардың   жасалуы,   айтылуы,   сөздердегі   орналасуы   және

қандай сөздерде кездесетіні берілген. Дж ж-мен алмасып отырады, ал ц т мен

с-ның қосындысынан тұратын дыбыс, ч т мен ш-ның қосындысынан тұратын

дыбыс деп жазылған. 

               Ғалымдардың пікірінше, орыс тілінен қазақ тіліне кірме сөздердің енуі

буын  құрамына  ықпал   етті.  Егер   қазақтың  төл  сөздерімізде  екі   дауыссыздан

60


басталатын   буын   болмаса,   орыс   тілінен   енген   сөздер   мен   дыбыстардың

арқасында   екі,   үш   дауыссыздан   басталатын   буындар   пайда   болды.

Диалектология   саласынан   С.   Омарбеков,   Ә.   Нұрмағанбетов,   Ш.   Сарыбаев

сияқты   ғалымдарының   еңбектері   қарастырылды.   Ғалымдар  ч,   дж

аффрикаттарының  Қазақстанның  белгілі  бір   аймақтарында  қолданылатынын

айтады.   Диалектолог   ғалымдардың   еңбектерінде   тарихи   жазба

ескерткіштерінен   үзінділер   беріледі.   Бұл   өлеңдер   шұмағынан  дж,   ч

аффрикаттарын   байқаймыз.   Бұрын   түркі   тайпаларының   тілінде  дж,   ч

дыбыстары   болғанын   көреміз.  Ч  дыбысы  ш-мен   алмасады,  дж   ж-мен

алмасады.   Бұл   дыбыстардың   белгілі   аймақтарда   қолданылуы   көрші   жатқан

елдер тілдерінің: өзбек, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, түрікпен тілдерінің әсері,

көне   жазба   ескерткіштерінен   бұрын  ч  дыбысының   қазақ   тілінде   болғанын,

бірақ ш әрпінің оны ығыстырып тастағанын көреміз. 

         Аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың диссимиляция, диэреза, редукция

сияқты фонетикалық процестерге араласуы жөнінде айтылады. 

         Аффрикаттардың қазақ тілі сөздіктерінде орналасуын көргенде

“Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде”  дж аффрикатынан басталатын екі

сөз   ғана   кездеседі.   ІІ-ші   томы   ғана   шыққандықтан,  ч  мен  ц  әріптерінің

орналасуын көруге мүмкіндік жоқ, бірақ бұл сөздікте ч-ның орналасуы бар да,

ц-ның   орналасуы   кездеспейді   деп   ойлаймын.   Өйткені   жоғарыда

диалектологияға   байланысты   қаншама   еңбектер   қарастырылды,   бірақ  ц

аффрикаты   ешбір   диалектизмдерде,   дыбыс   жіктелісінде,   фонетикалық

ерекшеліктерде   кездескен   емес.   “Қазақ   тілінің   аймақтық   сөздігінде”  ч

аффрикатынан басталатын 274 сөз берілген, ал ж фонемасына басталатын 

700-ге жуық сөз берілген.  Ж  фонемасынан  басталатын сөздерді  қарастырған

себебіміз, өйткені дж аффрикатынан басталатын сөздер әдеби тілде және жазуда

ж  фонемасымен таңбаланады.  Ц  фонемасынан басталатын сөздер берілмеген.

“Қазақ   тілі   сөздігінде”  дж  аффрикатынан   басталатын   сөздер   берілмеген,

сондықтан ж фонемасынан басталатын сөздер қарастырылды. Ж фонемасынан

61


басталатын   сөздер   187-ші   бастап   267-ші   бетке   дейін   берілген.   Ал  ц-дан

басталатын 38 сөз, ал ч әрпінен басталатын 11 сөз берілген. 1988 жылы шыққан

“Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” дж аффрикатынан басталатын сөздер

жоқ та, ал ц аффрикатынан басталатын 48 сөз берілген, ал ч-дан басталатын 24

сөз берілген. 2001 жылы шыққан 

“Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде”  ж  фонемасынан басталатын сөздер

132-ші беттен бастап 170-ші бетке дейін берілген. Ц аффрикатынан басталатын

42 сөз, ал ч аффрикатынан басталатын 17 сөз берілген. 

          “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінде” не дж, не ц, не ч аффрикаттық

дыбыстардан басталатын сөздер берілмеген. 

               “Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігінде”  ж,  ц, ч  аффрикаттарына  ереже

беріледі.  Ж  фонемасына   басталатын   сөздер   III   томның   477-ші   –   735-ші

беттерінде   берілген,   IV   томның   5-ші   –   344-ші   беттерінде   берілген.  Ц

аффрикатына басталатын 61 сөз, ал ч аффрикатына басталатын 19 сөз берілген. 

          Аффрикаттардың сөз шенінде орналасуы беріледі. Мысалы, әдеби тілде

және говорларда сөздің басында  ж  аффрикаты өзінің қызметін сақтап қалады,

яғни  дж  деп айтылады. Ал сөздің ортасында аффрикаттық қызметін тек үнді

дауыссыз дыбыстардан кейін ғана сақтап қалады. Ц аффрикаты сөздің басында

да, сөздің ортасында да өзінің аффрикатығын сақтап қалады, яғни  тс болыып

айтылады, тек қана дауыссыз дыбыстардан кейін, әсіресе үнді дауыссыздардан

кейін  ц  дыбысы  с  дыбысымен   алмасады.  Ч  аффрикаты   әдеби   тілде   және

говорларда сөздің басында өзінің қос қызметтілігін сақтап қалады да, тш болып

айтылады.   Бірақ   әдеби   тілде   сөздің   ортасында   бұл   қасиетінен   айырылып

қалады.   

               Сонымен қазақ тілінде үш аффрикаттық қызметтегі дыбыс бар. Соның

ішінде  дж,   ч  аффрикаттары   әдеби   тілде   кездеспей,   тек   қана   говорларда

кездеседі. Белгілі бір аймақтарда қолданылатын ч ш-ның орнына жүреді. Әдеби

тілде қолданылатын ч тек қана кірме сөздерде кездеседі. Ц аффрикаты да орыс

тілінен енген сөздерде ғана кездеседі. Аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың

62


қазақ   тілі   дыбыс   жүйесіне   енуіне   байланысты   тілімізге   жаңа   сөздер   еніп,

сонымен   бірге   сөйлеуімізде   қолданылуының   себебінен,   қазақ   тілі   сөздік

қорының баюына ықпал етеді.

      


      

       


                                 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының

мәселелері.   Алматы:   Қазақ   ССР   Ғылым   академиясының

баспасы, 1963. – 17;18 бет.

2. Радлов   В.В.   Опыт   словаря   тюркских   наречий,   І-том,   І

часть,ІІ   часть.   ІІІ-том,   Ічасть.   ІV-том,   І   часть,   ІІ   часть.

Санкт-Петербург: “Императорская Академия Наук”,  1893.

– 8;278;398;1829;1830;6;190 бет.

3. Малов   С.Е.   Язык   желтых   уйгуров.   Алма-ата:   “Академия

Наук Казахской ССР”, 1957. – 11;31138;160 бет. 

4. Томанов  М.  Қазақ  тілінің тарихи грамматикасы.  Алматы:

“Мектеп”, 1988. – 35;41;68 бет.

5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы: “Қазақ

Университеті”, 1993. – 44;46;126 бет. 

6. Аралбаев   Ж.   Қазақ   тілі   фонетикасы   бойынша   этюдтер.

Алма-ата: “Ғылым”, 1988. – 3;12;14;19;54;57;68;69бет.

7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: “Санат”, 2003. –

232;233 бет.

63


8. Сәдуақас   Н.Ә.   Профессор   Құдайберген   Жұбанов

еңбектеріндегі   қазақ   тілі   дыбыстары   жіктелімінің

фонологиялық

 

негіздері.



 

Алматы:


 

“Қазақстан

Республикасы”, 1999. – 13;15;16 бет.

9. Русский   язык   (энциклопедия).   Москва:   “Советская

энциклопедия”, 1979. – 27;86; бет. 

10.


Современный русский язык. Москва: “Высшая школа”,

1981. – 40;41 бет.

11.

Реформатский А.А. Введение в языкознание. Москва:



“Аспект Пресс”, 1998. – 173 бет.

12.


Панов   М.П.

 Русская   фонетика.   Москва:

“Просвещение”, 1967. – 32;35;100;102 бет.

13.


Зиндер   Л.Р.   Общая   фонетика.   Москва:   “Высшая

школа”, 1979. – 128;157 бет.

14.

Виноградов   В.А.   Консонантизм   и   вокализм   русского



языка   (практическая   фонология).   Москва:   “Московский

Университет”, 20;21;38;40 бет.

15.

Малов   С.Е.   Древние   и   новые   тюркские   языки   //



Известия   Академии   Наук   ССР,   том   ХІ.   “Отделение

литературы и языка”, 1952, № 2 март-апрель. - 141бет.

16.

Современный   казахский   язык.   Алма-ата:   “Академия



наук Казахской ССР”,  1962. – 40;41;53;54;58;61;63 бет 

17.


Омарбеков   С.   Қазақ   тілінің   говорларында   ч

дыбысының   қолданылуы   жөнінде   //   Қазақ   тіл   білімі

мәселелері, I-том. Алматы: “Ғылым академиясы”, 1959. –

103;110 бет. 

18.

  Қалиев   Ғ.,   Сарыбаев   Ш.   Қазақ   диалектологиясы.



Алматы: “Мектеп”, 1967. – 19;43;49 бет.

64


19.

Сарыбаев   Ш.   Семей   облысы   Мақаншы   ауданында

тұратын   қазақтардың   тіліндегі   кейбір   жергілікті

ерекшеліктер жөнінде // Қазақ тіл білімі мәселелері, І-том.

Алматы: “Қазақ ССР Ғылым академиясы”, 1959. – 38 бет.

20.


Нүсіпов   М.   Жетісу   халқының   ауыз   тіліндегі

қолданылып жүрген аффрикат ч, дж дыбыстары туралы //

“Халық мұғалімі” , № 1-2.      Алма-ата, 1940. – 100;105 бет.

21.


Құрышжанов   Ә.   Нарынқол,   Кеген   аудандарында

тұратын   қазақтардың   тіліндегі   кейбір   жергілікті

ерекшеліктер жөнінде // Қазақ тіл білімі мәселелері, І-том.

Алматы: “Қазақ ССР Ғылым академиясы”, 1959. – 45 бет.

22.

Нақысбеков  О.  Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы.



Алматы: “Ғылым”, 1982. – 14;15;22;27 бет.

23.


Омарбеков   С.   Қазақтың   ауызекі   тіліндегі   жергілікті

ерекшеліктер. Алматы: “Ғылым”, 1965. – 34;47 бет. 

24.

Нурмагамбетов   А.   Казахский   говор   на   территории



Туркменской   ССР.   Алма-ата:   “Академия   Наук   Казахской

ССР. Институт языкознания”, 1965. – 4;5 бет. 

25.

Аралбаев   Ж.   О   фонемном   составе   современного



казахского литературного языка // Тюркское языкознание.

Ташкент:   “Материалы   ІІІ   Всесоюзной   тюркологической

конференции”, 1985. – 298;299 бет.

26.


Нұрмағанбетов   Ә.   Қазақ   тілі   говорларының   батыс

тобы. Алматы: “Ғылым“, 1978. – 62;67;76;83;106;107 бет.

27.

Шардарбекұлы   А.   П.М.Мелиоранский   және   қазақ



тілінің   фонетикасы.   Алматы:   Автореферат,   2003.   -   16;17

бет.


65

28.

Омарбеков   С.   Халықтық  тіліміздегі   тектес   тілдермен

ортақ құбылыстар. Алматы: “Ғылым”,  1978. – 34;47;83;85

бет.


29.

Талипов Т. О звуке й и связанных с ним фонетических

явлениях   в   тюркских   языках   //   Фонетика   казахского

языка,   І-том.   Алма-ата:   “Академия   Наук   Казахской   ССР.

Институт языкознания”, 1969. – 114;123 бет.

30.


Қалиев   Ғ.   Қазақ   говорларындағы   диалектілік   сөз

тудыру. Алматы: “Мектеп”, 1985. – 26;27;57;77 бет.

31.

Қазақ   грамматикасы.   Астана:   “А.   Байтұрсынов



атындағы тіл білімі институты”, 2002. – 90 бет.

32.


Қазақ   тілінің   сөздігі.   Алматы:   “Дайк-Пресс”,   1999.   –

219;283;710;711 бет.

33.

Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, І-том. Алматы:



“Ғылым”, 1996. – 169 бет.

34.


Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы: «Арыс», 2005.

– 219;283;714;722.

35.

Қазақ   тілінің   орфографиялық   сөздігі.   Алматы:



“Қазақстан”, 1988. – 117;149;368 бет.

36.


Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы: “Дайк-

Пресс”, 2001. –  132;170;422 бет.

37.

Қазақ   тілінің   орфоэпиялық   сөздігі.   Алматы:   “Арыс”,



2004 - 246;314 бет.

38.


Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, III том, IV том, X том .

Алматы: “Ғылым”, 1986. – ІІІ том 477;79-35;  IV том 5;344 X

том 67;73 бет.

39.


Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы:

“Ғылым”, 1966. – 482 б.



66

67

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет