Диссертация АҢдатпасы ақберген Аблай-хан Ибраимұлы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.11.2022
өлшемі249,33 Kb.
#47113
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аңдатпа Ақберген А.И

Жұмыстың мақсаты: қазіргі қазақстандық қоғамның «әлеуметтік 
құндылығы» мазмұнын анықтаудан және қазіргі заман шындығы тұрғысынан 
әлеуметтік құндылықтарды трансформациялау үдерісін қарастырудан 
тұрады.
Зерттеу міндеттері: 
- постматериалистік құндылықтар тұжырымдамасы мен модернизмнен 
кейінгі мәдениеттің өзара байланысын зерттеу;
- постмодерн жағдайында әлеуметтік құндылықтар трансформациясына 
әсер ететін факторлар ретінде масс-медианың, жарнаманың, Интернеттің
рөлін ашу; 
қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтарының мазмұнын 
және оларды трансформациялау себептерін ашу; 
- қазіргі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар ретінде 
толеранттық пен еркіндіктің жай-күйі мен мазмұнына талдау жасау; 
қазіргі қазақстандық қоғамның трансформациялануы жағдайында 
дәстүрлі құндылықтардың жай-күйі мен рөлін көрсету. 
Зерттеу 
объектісі: қазіргі қазастандық қоғамның әлеуметтік 
құндылықтары, олардың мәдени, жеке, рухани, ақпараттық, идеологиялық 
мағынасы мен мазмұны. 



Зерттеу 
мәні: 
қазіргі 
қазақстандық 
қоғамдағы 
әлеуметтік 
құндылықтардың трансформациялану үдерісі, өзара іс-қимылы, түйсіну, 
дамыту. 
Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. 
Қазіргі қазақтандық қоғамның әлеуметтік құндылықтарын талдау 
кезінде Г.С. Абдирайымованың жетекшілік етуімен жүргізілген әлеуметтану 
зерттеулерінің деректері, сондай-ақ азақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және 
дінтану институтының жанындағы ргелі жобалар шеңберінде жүргізілген 
ғылыми зерттеулердің нәтижелері пайдаланылды. Жоғарыда аталған 
эмпирикалық 
материал 
еркін 
қолжетімдікте 
ұсынылған 
бірқатар 
монографияларда берілген.
Жаһандану 
жағдайында 
әлеуметтік 
құндылықтардың 
трансформациялануын теориялық ұғынуда Р. Инглхарттың бірқатар 
еңбегінде ұсынылған оның теориясының маңызы зор. Дамыған елдерге тән 
негізгі құндылықтар мен артықшылықтар шамалы дамыған елдердегі 
тұрғындардың 
құндылықтары 
мен 
артықшылықтарынан 
түбегейлі 
ерекшеленеді, бұл құндылықтар әлеуметтік-экономикалық даму процесінде
World Values Survey (WVS) және European Values Survey (EVS) көпжылдық 
зерттеу материалдарына сүйене отырып, болжамданатын бағытта бірте-бірте 
дами береді. Құндылықтардың өзгеруі азаматтық құқықтар мен 
бостандықтардың дамуына, либералды-демократиялық құндылықтардың 
бекітілуіне ықпал ете отырып, қоғамның әлеуметтік-саяси саласындағы 
өзгерістерге апаратыны сөзсіз. Инглхарттың жаңғырту теориясында 
қоғамның экономикалық дамуы нәтижесінде постматеиаситік құндылықтарға 
көшу маңызды болып табылады, қоғам дамыған сайын, өзін-өзі дамытуға 
бағытталған құндылықтардың рөлі арта түседі. Жергілікті мәдениет үшін 
дәстүрлі құндылықтар ең алдымен басқа мәдениеттің ықпалына емес, 
объективті 
әлеуметтік-экономикалық 
себептерге 
байланысты 
трансформациялауға ұшырайды.
Диссертациялық зерттеу әдіснамасының негізгі өзегі талдамалық, 
феноменологиялық және герменевтикалық әдістер мүмкіндіктерін, сондай-ақ 
дәстүрлі классикалық философиялық рефлексияға тән әдістерді біріктіретін 
кешенді тәсіл болып табылады. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

құндылықтардың 
постматериалистік 
тұжырымдамасы 
мен 
модернизмнен кейінгі мәдениет арасындағы өзара байланыс ашылған;
- медиа-технологиялардың, бұқаралық мәдениеттің әлемнің қазіргі 
жаһандану 
жағдайындағы 
құндылықтар 
трансформациясына 
әсері 
көрсетілген; 

экономикалық факторлардың қазіргі қазақстандық қоғамның 
әлеуметтік 
құндылықтарының 
трансформациялану 
үдерісіне 
әсері 
негізделген; 



- қазіргі қазақстандық қоғамның әлеметтік құндылықтары ретінде 
толеранттық пен еркіндіктің мазмұнды жағына талдау жасалды; 
- жаһандану жағдайында қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтарының 
трансформациялану үдерісі ашылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет