Диссертация (алдын-ала қорғау)


Зерттеудің теориялық маңыздылығы



бет3/4
Дата18.06.2023
өлшемі19,55 Kb.
#102042
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
Ғылыми аппарат Базарова Л.С

Зерттеудің теориялық маңыздылығы бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық шарттарын анықтау; бастауыш мектеп жағдайларына қатысты бастауыш мектеп жасындағы ерекшеліктер тұрғысынан «оқырман қызығушылығы» ұғымына теориялық көзқарастарды нақтылау болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыру үшін оқушылармен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында теориялық негізделген және дәлелденген педагогикалық шартардың жүзеге асырылуына бағытталған «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту және сабақтан тыс жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстарды бастауыш сынып мұғалімдері қолдана алады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

  • Бірінші шарттың мәні оқуға деген белсенділігін ынталандырушы оң мотивациясын қалыптастырумен анықталады. Қазіргі мектепте кітап оқуға деген мотивацияны ең басты мәселе десек артық айтпаймыз, өйткені мотив іс-әрекеттің қозғаушы күші, ояту мен ынталандыру функцияларын атқарады. Бастауыш мектеп жасы оқуға деген ынтаның негізін қалыптастыруға қолайлы жас. Кітап оқуға деген мотивация – ол оқушының оқырмандық іс-әрекетке белсенді бағытталуы.

  • Екінші шарт - бұл оқырмандық қызығушылықты қалыптастыруда оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда өзіндік жеке мүдделерін есепке алу. Бұл оқу процесін тікелей оңтайландыру және ұйымдастыру үшін қажет, соның арқасында нақты жеке ұстанымы, жеке қызығушылықтарын ескеру.

  • Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларында сөзге және көркемдік бөлшектерге сезімталдықтың болуын атап өткен жөн. Бала кейде ересектер байқамауы мүмкін психологиялық нәзіктіктерге жауап береді.

  • Төртіншіден, бастауыш сынып оқушыларына тән қатысудың әсері деп аталады, бұл баланың бейнеде өмір сүру қабілетін білдіреді. Төртінші шарт- «Мектеп – Отбасы – Кітапхана» бірлестігінің өзара ынтымақтастығында оңтайлы қарым-қатынас орнату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет